Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Биыл ИЫҰ мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігі қорының кеңсесі өз жұмысын бастайды – Асылжан Мамытбеков

Биыл ИЫҰ мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігі қорының кеңсесі өз жұмысын бастайды – Асылжан Мамытбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі қорының кеңсесі өз жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Қазақстан ИЫҰ мүше-мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігі қорын құру бастамасын көтергенін, бұл бастамаға бірқатар елдер қол қойғанын еске салып өткен министр, «биыл Астанада бұл қордың кеңсесінің жұмысы басталады деп күтілуде. Оның негізі азық-түліктің өңірлік қорларын құруға арналған. Бұл өз кезегінде өнімді тұтынатын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын мемлекеттер үшін де тиімді», – деді А. Мамытбеков.

«Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыра түсуге мүдделі. Бұл тұрғыда еліміз өзінің өнімін тұрақты түрде өткізу бағыттарын кеңейтуге тырысуда. Алайда, біз мол өнімді өткізе алмайтын жағдайлар орын алып жатады. Ал біздің өнімге мұқтаж көптеген елдер бар», – деді министр.

Оның сөзінше, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, әлемде ашаршылық жағдайының қысқаруы жалғасуда. Бірақ та 2012 жылдағы және 2014 жылдағы деректерге қарағанда, тамақтың жетіспеуінің тауқыметін әлемде 800 млн. адам сезінді.

Естеріңізге сала кетейік, ИЫҰ кеңістігінде Азық-түліктік қауіпсіздік жүйесін құру туралы бастама Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевпен ИЫҰ мүше- мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің 38-сессиясында Астанада ұсынылған. Бұл ұсыныс Қазақстанның әлемдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша дәйекті бағытынан туындайды, өйткені азық-түліктік қауіпсіздік оның басты шарттарының бірі болып саналады. Осы мәселе барлық дамыған экономикасы бар мемлекеттер үшін де, кедей елдер үшін де өзекті болып отыр.

Автор: Руслан Ғаббасов
Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2778383

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus