Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ қоймалардағы астықтың бақылауын күшейтуде

ҚР АШМ қоймалардағы астықтың бақылауын күшейтуде

Соңғы екі жыл ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 10 астық қабылдау кәсіпорындарында (АҚК) көлемі 130 мың тоннадан астам астықтың жетіспеуін анықтады. Бұл өзімен бірге жүйелік мәселені қалыптастырып, астық бітік шықпаған кезеңде сәйкесінше бағаның көтерілуіне әкеледі.
Мысалға 2010-2011 жылдары 2010 жылы құрғақшылықтың нәтижесінде тоннасы 45000 теңгеге дейін өсті. Аталмыш кезеңде нан қабылдау кәсіпорындарының қызметтерінде бірқатар бұзушылықтар анықталды:
1) Ақмола облысының «Щучинский комбикормовый завод» ЖШС АҚК 2 санаттағы арпаның 1823 тонна көлемінде астықтың жетіспеушілігі анықталды;
2) Қостанай облысының «Центр» ЖШС 48144 тонна астықтың, оның ішінде 35686 тонна бидайдың жетіспеушілігі;
3) Жамбыл облысының «Зар-Замин» ЖШС АҚК 34 643 тонна астықтың жетіспеушілігі анықталды;
4) Павлодар облысының «Качир АҚК» ЖШС 4718 тонна көлемінде астықтың жетіспеушілігі анықталды.
Сондай-ақ іс жүзінде жоқ астыққа қолхат берілу фактілері орын алған:
1) Ақмола облысының «Кенесары-Астык» ЖШС АҚК 45000 тоннаға астық қолхаты берілген;
2) Солтүстік-Қазақстан облысының «Солтүстік Ъ» ЖШС АҚК 4369 тоннаға астық қолхаты берілген.
АҚК иелері астықты сату есебінен пайда табуды көздеп, астықтың жетіспеушілігі анықталғанға дейін оның орнын толтыру үміті пайда болады. Бұған заңның жетілдірілмеуі белгілі бір ретте ықпал етуде. «Мемлекеттік бақылау және қадағалу туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР АШМ жоспарланған тексерісін АҚК жарты жылда бір рет тексеруге құқылы. Тексеріс арасындағы жарты жылдық интервал астықтың заңсыз айналымын АҚК жүзеге асыруға мүмкіндік тудырып отыр. Олар өз кезегінде келесі тексеріске дейін астық көлемінің орнын қалпына келтіріп, тіркелген құжаттарды реттеуге үлгеретініне сенімді.
Сонымен 2012 жылдың қазан айында БҚО «Пойменское АҚК» ЖШС тексеріс кезінде 13,2 мың тонна көлемінде астықтың жетіспеушілігі анықталды. 2012 жылдың қараша айында «КазАгроТрейд» ЖШС АҚК (Қостанай облысы) 48,3 мың тонна көлемінде жетіспеушілік анықталды.
2013 жылдың ақпан айында Шығыс-Қазақстан облысының АҚК визуалды тексеріс кезінде мамандар астықтың келесі жетіспеушілігін анықтады: «Предгорненский элеватор» ЖШС шамамен 50,6 мың тонна, «Шыгыс-Астык» ЖШС – 946, 7 тонна, «Бель-Агачинский ММК» ЖШС – 18,0 мың тонна.
Заңнамадағы осы кемшіліктерді жою үшін министрлік «Мемлекеттік бақылау және қадағалу туралы» ҚР Заңына астық нарығы саласында АҚК бақылауын және жоспарлы тексерістердің жиілігін айына бір ретке дейін ұлғайту жөнінде түзетулер енгізуді көздеп отыр. Қазіргі таңда аталмыш заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында.
Жалпы бұл мәселені кешенді түрде шешу үшін министрлікпен астық қолхатын ұстаушылардың алдында астық қабылдау кәсіпорындарының азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті түрде кепілдендіру жөнінде заң жобасы әзірленуде. Бұл шара астық қолхатын ұстаушылардың қызығушылықтарын барынша қорғау үшін бағытталған.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне енгізілген заң жобасы шеңберінде берілетін астық қолхатының шынайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық астық қолхат институтын енгізу қарастырылып отыр.
Осы мәселені жүйелі түрде шешу үшін Ауыл шрауашылығы министрлігі сәйкесінше облыстардың әкімдерінің басшылығымен темір жол және автокөлік транспортымен астықты АҚК тасымалдауын бақылау үшін аймақтарда штабтар құру ұсынылып отыр.
Астықтың жетіспеу фактілері анықталған жағдайда штаб АҚК келтірілген залалдың орнын толтыру мақсатында тергелген қылмыстық іс шеңберінде құқық қорғау органдарына ұсыныс жасау тиіс.

ҚР АШМ баспасөз қызметі,
+77172555765, info_mcx@mail.ru, www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus