Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет ҚР АШМ нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізеді

ҚР АШМ нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуден өткізеді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын тану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді өткізетінін туралы хабарлайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 63 – бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеуден өтуге жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің республикалық бiрлестiктерi, республикалық салааралық, салалық бірлестіктер, сондай-ақ шағын, орта және (немесе) ірі кәсiпкерлiк субъектілерінің республикалық бiрлестiктерінің қатысуға мүмкіндігі бар.

Акредиттеуге құжаттарды тапсыру 2016 жылғы 10 тамыздан 23 тамыз (қоса есептегенде) аралығында (жұмыс күндері сағат 10.00- ден- 17.00-ге дейін) анықтама телефондары: +7 (7172) 555-904,+ 7(7172) 555-419, Астана қ. Кенесары көшесі, 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңсесінде жүргізіледі.

Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды ұсынады:
1. белгіленген үлгідегі өтiнiш (үлгі қоса беріліп отыр);
2. салыстыру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда құрылтай құжаттарының және бiрлестiктi заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi.
*Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.
3. бiрлестiк мүшелерiнiң тiзiмi.

Өтініш

10.08.2016

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus