Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Мал дәрігерлерінің жұмысы қатаң бақылауға алынады

Мал дәрігерлерінің жұмысы қатаң бақылауға алынады

da9445ac27bd9f14a2dd0bd5c0fc2e50_LАуыл шаруашылығы министрлігі аймақтағы ветеринарлар жұмысын қатаң бақылауға алмақ. Себеп те жоқ емес. Мәселен, бруцеллезбен күрес стратегиясына сай жергілікті жерлерде ауру жануарларды емдеу-сауықтыру шаралары мүлде жүргізілмеген. Тіпті Ақмола және Қостанай облыстарында ветеринарлар Австралиядан әкелінген асылтұқымды бұқаларды ауру екендігіне көз жеткізбестен союға бұйрық берген.

Қазірде бұл келеңсіз жағдайларға байланысты қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков кәсіпкерлерге өз құқын жіті білуге кеңес берді.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:
– Егер зертхана нәтижесіне күмәндансаңыздар, қайта тексеріске жіберуге болады ғой. Бұл жайында арнайы заң да бар. Алғашқы тексерістің нәтижесіне апелляция жасауға құқылысыздар. Бизнес өкілдеріне айтарым, өз құқықтарыңызды қорғай біліңіздер.

Ақпарат көзі: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/81498-alynady

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus