Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ киіктерді браконьерліктен қорғау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда

ҚР АШМ киіктерді браконьерліктен қорғау жұмыстарын одан әрі жалғастыруда

Үстіміздегі жылғы 19 қазанда Батпақдала таралымы киіктерінің өлу себептерін анықтау жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысы болып, онда киіктерді сақтау және олардың өлуінің негізгі себептерін анықтау бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетімен келісе отырып ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу жөнінде отандық ҒЗИ-лер мен шетелдік сарапшыларды үйлестіру мәселелерін жоғарыда көрсетілген Министрлік жанындағы жұмыс тобына жүктеу ұйғарылды (ҚР АШМ сайтында орналастырылған хаттамаға сілтеме ).

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді браконьерліктен қорғау жөніндегі қызметті одан әрі жалғастыруда.

Киіктерді қорғау жөнніндегі іс-шараларды орындауды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК 104 техника бірлігімен қамтамасыз етілген 220 инспектордың күшімен жүзеге асырады, сондай-ақ тікұшақ пен ұшақ пайдаланылады.

Үш таралымның (үстірт, жайық және бетпақдала) киіктерін қорғау қазіргі кезде 100 млн. га жуық алқапта жүзеге асырылады. Бұл ретте киіктердің жаппай қырылуынан кейін олардың ең ірісі жайық таралымы болып отыр. Оны қорғау шаралары соңғы кезде едәуір күшейе түсті.

Бетпақдала таралымының таралу аймағы мен мекендеу алқабы өзгермеген күйінде қалды, тек таралымның тығыздығы мен үйірлердің көлемі азайды. Яғни, инспекторларға жүктеменің төмендегені жайында сөз қозғаудың реті жоқ, олар жануарлардың жас-жыныс құрамы мен мөлшеріне қарамастан олар мекендейтін аумақты күзетумен айналысады.

Қоғамдық бірлестіктер мен ғалымдардың пікірінше, қазіргі жағдайда қорғаудың кез келген деңгейде бәсеңдеуі киіктердің бүкіл бетпақдала таралымын қалпына келтіру және тіпті оның аман қалуы үшін елеулі қауіп төндіреді, сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен браконьерлерге теріс белгі берген болар еді.

Соңғы екі жылда киіктерді заңсыз олжалау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау және жою үшін 139 қылмыстық іс қозғалды, бұл ретте 90 қылмыстық іс сот органдарының қарауына жіберіліп, олар бойынша 126 азамат сотталды.

Мәселен, биыл 17 қазанда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Қызылорда облысының 6 тұрғыны келе жатқан екі көлік ұсталды. Оларды тексеру көру кезінде әлі қаны да қатпаған 100!!! кесілген мүйіз табылды.

Тәртіп бұзушылардың бірі 1974 жылы туған азамат Н. полиция майоры, Қызылорда қаласының ішкі істер бөлімінің жедел басқару орталығының аға кезекші инпекторы болып шықты, ұсталған екінші азамат 1983 жылы туған Х. 2013 жылы киіктерді заңсыз олжалағаны үшін 3 жыл шартты мерзімге сотталған.

Браконьерлікке және табиғат қорғау заңнамасының басқа да тәртіп бұзушылықтарына қарсы күресте бірлесіп іс-қимыл жасаудың аса маңызды нысандарының бірі киіктерді қорғау жөніндегі шараларды барлық мемлекеттік және қоғамдық табиғат қорғау ұйымдарымен (прокуратура, ІІМ, кеден органдары, ҰҚК, әкімдіктер, мүдделі қоғамдық ұйымдар) бірлесіп жоспарлау болып табылады.

Қазіргі кезде браконьерлікпен күрес мәселелерінде табиғат қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылды күшейту қажет, өйткені киіктерге қаскөйлік жасау өзіне тән барлық белгілерімен ұйымдасқан қылмыс сипатына ие болып отыр.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
Байланыс: тел. +7 (7172)55-57-65,
Еmail: minagripress@gmail.ru
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus