Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ қаржы институттарынан субсидияларды алу үшін өтінімдерді қабылдайды

ҚР АШМ қаржы институттарынан субсидияларды алу үшін өтінімдерді қабылдайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 227 «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу» бағдарламасы бойынша субсидияларды алу үшін қаржы институттарынан өтінімдерді қабылдайды.
Қатысуға ниет білдірген қаржы институттары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 9-1/613 «Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қажетті құжаттармен қоса белгіленген нысан бойынша өтінімді «Қазагромаркетинг» АҚ-на ұсынулары тиіс.
Қосымша ақпаратты 8 7172 55 57 84 телефоны бойынша алуға болады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus