Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ органикалық өнімнің ұлттық белгісін анықтау сайысынқайта жариялайды

АШМ органикалық өнімнің ұлттық белгісін анықтау сайысынқайта жариялайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі органикалық өнім сәйкестігі ұлттық белгісінің графикалық бейнесін әзірлеуге арналған конкурсын 2016 жылғы 12 мамырға дейін (қоса есептегенде) ұзартылғандығын хабарлайды.
Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісі органикалық өнімнің Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткендігі туралы халықты ақпараттандыруға арналған.
Конкурстың жеңімпазын БҰҰДБ жер ресурстарын орнықты басқару жобасы беретін ноутбук түріндегі сыйақы күтуде (Ноутбуктың техникалық ерекшеліктері: HP P5R20EA ProBook 470(i7-6500U, 8GB, 1 Tb, M340 2 Gb, Win7Pro/Win10Pro) 17.3)..
Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 010000, Астана қ., Кенесары к, 36, мекенжайына, +7 (7172) 555-932, 555-931 телефоны бойынша немесе tygynbay.d@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына брендбукпен жасалған жұмыстар қабылданады, өтінімдер қабылдаудың аяқталу мерзімі – 2016 жылғы 12 мамыр.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus