Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ sybaga.kz сайтын ашты

ҚР АШМ sybaga.kz сайтын ашты

Үстіміздегі жылы 17 сәуірде ҚР Ауыл-шаруашылығы Вице-министрі Гүлмира Исаева жаңа www.sybaga.kzақпараттық ресурсын ұсынды.
2011 жылы республикада «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетінің дамуы» Жобасы бастау алды. Жобаның басты бағыттарының бірі тауарлық шаруашылықтарының дамуына бағытталған «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру.
Жаңа сайтта online режимде тауарлық малдың қаншалықты саны тұқымдық түрлендіруде қатысатыны жөнінде ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, аудандардың және облыстардың тұқымдық түрлендіруде қатысатын мал үлесі бойынша рейтингісімен және мал өсімінің динамикасымен танысуға болады.
Сайттың арнайы бағдарламасы арқылы бұқаларды уақытылы алмастыруды қадағалай отыра тұқымдық түрлендіру үрдісі бақыланады.
www.sybaga.kz интернет-ресурсын қолдану үшін электрондық-сандық қолсыз Интернет жүйесіне күру мүмкіндігі ғана болу керек, бұл сайттың қолжетімділік ерекшеліктерінің бірі.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus