Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ АӨК қаржылық сауықтыру рәсімдерінің басталғанын хабарлайды

ҚР АШМ АӨК қаржылық сауықтыру рәсімдерінің басталғанын хабарлайды

04.06ҚР АШМ «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру аясында АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру рәсімдерінің басталғаны туралы хабарлайды. Аталған рәсімдерге 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейлі банктердің және лизингтік компаниялардың немесе өзге де ұйымдардың алдындағы қарыздары бар АӨК субъектілері қатыса алады. Көрсетілген қарыз 9 жылға дейінгі мерзімге қайта қаржыландырылып және жылдық сыйақы ставкасы теңгеге алғанда 7 %-ға және шетелдік валютадағы жылдық ставкасы 5%-ға төмендетілуі мүмкін. Қаржылық сауықтыруға қатысуға ниет білдіргендер қарызы бар екінші деңгейлі банктерге, лизингтік компанияларға немесе өзге де ұйымдарға өтініш бере алады.
Қаржылық сауықтыру процедуралары мен тәртібі туралы толық ақпаратпен ҚР АШМ (www.minagri.gov.kz) және «Казагромаркетинг» АҚ www.kam.kz ресми сайттарында «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қағидалары» НҚА бөлімінде танысып немесе «Казагромаркетинг» АҚ 8 800 080 70 80 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы білуге болады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus