Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ Қаржы институттарымен ынтымақтастық туралы келісім жасау бойынша процедуралардың басталғаны туралы хабарлайды

ҚР АШМ Қаржы институттарымен ынтымақтастық туралы келісім жасау бойынша процедуралардың басталғаны туралы хабарлайды

Қаржы институтар, ынтымақтастық туралы Келісім жасау үшін Операторға келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғаның (қаржы институтының) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама нотариалды куәландырылған көшірмесі, бизнес-сәйкестендіру нөмірді (БСН) қоса беріп;
2) банктік қызметтердің жекелеген түрлерін ұсынуға лизинг берушінің құқығын растайтын (лизингтік компаниялардан басқа) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) қаржы институтының Ынтымақтастық туралы келісім жасауға мүдделілігі туралы ілеспе хатымен жолдау (түпнұсқа).
Бағдарлама шеңберінде қызмет көрсету үшін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым ретінде тартылған «ҚазАгроМаркетинг» акционерлік қоғамы оператор болып анықталды.
Оператордың мекен-жайы: Астана қ., Акбұлақ-3 шағын ауданы, Дарабоз, 25-үй. тел. 58-01-71, факс 58-01-80.
Бағдарлама туралы толықтай ақпаратпен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 730 қаулысымен бекітілген 2013 жылға арналған ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерін арзандату бойынша субсидиялау қағидаларында (http://mgov.kz/kz/npa-2/) танысуға болады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus