Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2013-2017 жылдары өтеусіз негізде Агроөнеркәсіптік кешенінің жыл сайынғы республикалық көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушыны айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

2013-2017 жылдары өтеусіз негізде Агроөнеркәсіптік кешенінің жыл сайынғы республикалық көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушыны айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі 2013-2017 жылдары өтеусіз негізде Агроөнеркәсіптік кешенінің жыл сайынғы республикалық көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушыны айқындау үшін конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды қамтитын өтінім ұсыну қажет:

1) жарғының нотариалды расталған көшірмесі;

2) кемінде соңғы 3 жылда агроөнеркәсіптік кешеннің мамандандырылған көрмелері мен жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, аграрлық форумдар мен конференциялар өткізу бойынша тәжірибесінің барын растайтын құжаттар (сертификаттар, куәлік және басқа біліктілікті растайтын құжаттар, оның ішінде брошюралар, өткізілген ұқсас іс-шаралардың сипаттамасы);

3) тұрақты жаңартылып тұратын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілер (олардың мекен-жайларын, e-mail, web-сайттарын қоса алғанда, кемінде 500, ) туралы анықтамалық-байланыс ақпаратының деректер базасының барын растайтын құжаттар;

4) көрме-жәрмеңкелік іс-шараларды өткізуге қажетті тиісті жабдықтың барын растайтын құжаттар, бұл ретте жабдық жеке меншік немесе жалға алынған болуы тиіс.

1) көрме компаниясының толық атауы мен мекенжайы;

2) «2013-2017 жылдары өтеусіз негізде Агроөнеркәсіптік кешенінің жыл сайынғы республикалық көрме-жәрмеңкесін ұйымдастырушыны айқындау жөніндегі конкурсқа өтінім», сондай-ақ «2013 жылдың 16 тамыздың сағат 16-ға дейін қоса есептегенде ашпау» деген сөздер.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім қоса есептегенде 2013 жылғы 16 тамыздың сағат 15.00 дейінгі мерзімде, Астана қ., Кенесары, 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Инвестициялық саясат департаменті, № 510б кабинет, саған 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 555-904, е-mail:  nurbekova.k@minagri.gov.kz Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінде 2013 жылғы 16 тамызда сағат 16.00-да  мына мекенжай бойынша: Астана қ., Кенесары, 36, 9 қабат, кіші зал.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus