Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге импорттық квота көлемін алу үшін қатысуға өтінімдерді қабылдайды

ҚР АШМ астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге импорттық квота көлемін алу үшін қатысуға өтінімдерді қабылдайды

f20130816130530-essil-kzs-740

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге импорттық квота көлемін алу үшін тарихи сатып алушылардан көлемдерді бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдауы туралы хабарлайды.
Тарихи сатып алушылардың өтінімдері (Қаулыға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша) 2014 жылғы 20 маусымды қоса мерзімге дейін келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қ., Кенесары к-сі 36, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті; 811В іс бөлмесі (тел. 555-874, 555-925).
Тарихи сатып алушылар арасында импорттық квота көлемдерін бөлу әдісі мен қағидасы Қаулымен бекітілген (www.minagri.gov.kz сайтында, «НҚА» бөлімінде орналастырылған). Қосымша сұрақтарды Министрліктің келесі телефондары бойынша анықтауға болады: тел. 555-925, 555-874. 555-906.
2014 жылға 8433 51 000 1, 8433 51 000 9 және 8433 90 000 0 КО СЭҚ ТН кодтарымен классификацияланатын астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдеріне (бұдан әрі – тауар) 300 дана мөлшерінде импорттық квота көлемі бекітілген.
Бұл ретте, Қаулыға сәйкес 2014 жылғы бөлу келесі тәртіппен жүргізіледі:
импорттық квотаның жалпы көлемінің 30 %-ы немесе 90 дана – сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды немесе жеке тұлғалар) (бұдан әрі – ССҚ);
импорттық квотаның жалпы көлемінің 70 %-ы немесе 210 дана – тарихи сатып алушыларға (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепті кезең ішінде тауарды ішкі тұтыну үшін шығару немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асыратын сыртқы сауда қызметіне қатысушы).
2014 жыла сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға импорттық квотаның жалпы көлемінің 30 %-ын (90 дана) бөлу туралы
ССҚ қатысушылар арасында импорттық квота көлемін бөлу ССҚ қатысушылардың (тарихи сатып алушыларды қоса алғанда) импортқа лицензия алуға өтініш беру кезектілігі тәртібімен әрбір сыртқы сауда қызметіне қатысушы үшін жалпы импорттық квота көлемінің 20 %-ынан аспайтын көлемде жүзеге асырылады.
ССҚ қатысушыларымен өтінімдер 2014 жылғы 5 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитетіне (бұдан әрі – Сауда комитеті) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің негізінде сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары, сондай-ақ арнайы қорғау шаралары қолданылған кезде тауарлар импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес беріледі.
ССҚ қатысушысы жекелеген тауар түрлерінің импортына лицензия алуға өтінімді «Е-лицензиялау» www.e-license.kz веб-порталы арқылы беруге болады. Өтінімді электрондық әдіспен беру өтінімді жіберу, лицензия ресімдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, өтінім келіп түскен уақытты тіркейді, бұл өтінім беру кезектілігі үрдісінің шынайылығын қамтамасыз етеді.
Лицензия беру туралы өтінім Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы № 207-IV заңымен белгіленген Тауарлардың сыртқы саудасы саласында лицензиялау қағидалары туралы келісіммен (бұдан әрі – Келісім) бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің импорты және (немесе) экспортына лицензиялар беру туралы өтінімді ресімдеу нұсқаулығына сәйкес толтырылады және ресімделеді.
Сауда комитеті лицензияларды бөлінген квота біткенге дейін береді. Қажетті құжаттар, өтінім толтыруға байланысты туындаған сұрақтар, лицензия алу барысында пайда болған өзге де сұрақтар бойынша консультация алу үшін Сауда комитетінде арнаулы Call–центр 74-91-21 құрылғанын қосымша хабарлаймыз. Е-лицензиялау» www.e-license.kz порталында жұмыс істеу сұрақтары бойынша Мемлекеттік органдардың бірегей байланыс орталығына 1414 хабарласуға болады. Сондай-ақ, ақпаратты Сауда Комитетінің www.comtorg.gov.kz веб-сайтының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен алуға болады.

Астық жинау комбайндары мен астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге арналған импорттық квота көлемдерін сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларына

3-қосымша

Тарихи сатып алушы ретінде астық жинау комбайндары мен
астық жинау комбайндарының модульдерін әкелуге импорттық
квота алуға өтінім

Өтінім беруші: ____________________________
БСН: ____________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________
Қызмет түрі: ____________________________
Байланыс деректері: ____________________________

Осымен ________________ астық жинау комбайндары (СЭҚ ТН коды
8433 51 000 1, 8433 51 000 9) мен астық жинау комбайндарының модульдерін (СЭҚ ТН коды 8433 90 000 0) _______ данада (_______________ жазбаша) _______ жыл ішінде әкелуге импорттық квота бөлуді сұрайды, соның ішінде:

Атауы

СЭҚ ТН коды

Саны, дана

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат (қажет болған кезде): есепті кезеңде жүргізілген атауын өзгерту (растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып), есепті кезеңде тауар әкелу көлемі және т.б. туралы көрсетуге болады.

Басшы __________________________ қолы
М.О.

______________________________

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus