Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ мен БАӘ Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

ҚР АШМ мен БАӘ Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды

IMG-20150810-WA0004ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Қазақстандық тараптан құжатқа Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов, ал БАӘ тарабынан Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрінің орынбасары Жоғары мәртебелі Сұлтан Абдулла Сұлтан қол қойды.

Құжат екі ел арасындағы ветеринария саласындағы өзара ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге бағытталған. БАӘ Қазақстан үшін тірі жануарлар мен оның өнімдерін, сондай-ақ азықтық дақылдарды экспорттауға мүмкіндік беруде.

Сондай-ақ, сапар барысында делегация мүшелері еліміздің мал шаруашылығы кешендерін аралап, ветеринариялық ұйымдардың жұмыстарымен танысты.

Анықтама:

Париж қ. 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында 180 қатысушы мемлекеттердің қатысуымен Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) 83-сессиясында Қазақстан вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесін алды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus