Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ 312,9 млрд. теңгені құрайтын АШТӨ-нің 292 мәселелі несиелерді қайта қаржыландыруда

АШМ 312,9 млрд. теңгені құрайтын АШТӨ-нің 292 мәселелі несиелерді қайта қаржыландыруда

АӨК саласындағы мәселелі несиелердің көлемін азайту, олардың несиелік салмағын төмендету мен банкроттыққа ұшырау қауіпін барынша төмендету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруда. Бұл шара агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Бағдарламаның негізгі көрсеткіші жалпы берешек сомасы 300 млрд. теңгеге қайтару мерзімін ұзарту және АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің проценттік ставкасын азайту болып табылады. Бүгінде бұл көрсеткіш толық орындалған.
Бүгінге дейін жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теңгеге 292 АӨК субъектілерінің өтінімдері мақұлданды, оның ішінде 126 АӨК субъектілерінің жалпы берешек сомасы 245,3 млрд. теңгеге «ҚазАгро» Холдингтің қорландыру қаражаты арқылы сауықтырылатын болады. Бұған қоса, бағдарламаға 17 қаржы институттары қатысады.
Сауықтыруға ең көп астық егуші аймақтардың АӨК субъектілері қатысуда. Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына 86,4 % тиесілі, мал шаруашылығы саласына – 2,8%, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге – 5%, басқа қызмет түрлеріне – 5,6 %.
Екінші деңгейлі банктерден немесе басқа қаржылық институттардан алған несиелерді қандай да бір себептерге байланысты төлей алмаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қаржылай сауықтыру принципі келесідей. «ҚазАгро» Холдингі мәселелі займдар бойынша сыйақы пайызын теңгемен жылдық 3 %-дан артық емес көлемінде орнатады. Осы орналастырылған қаражаттың мемлекетпен субсидия түрінде 7 % қайтарылады. Қаржылық сауықтыру шеңберінде несиелердің қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұл мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады.
Жалпы АӨК субъектілерінің берешектері бойынша қаржылай сауықтыру бағдарламасында сыйақы мөлшерлемесінің жалпы сомасын екі есеге төмендету, 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орынын сақтап қалу үшін жағдай жасалынып отыр. Мұнымен бірге, есептен шығарылған айыппұл мен өсім ақыларының көлемі шамамен 2,8 млрд. теңгені құрайды.
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпаратына сәйкес, АӨК субъектілерінің едәуір бөлігі осы бағдарламаны одан ары жалғастыруда қызығушылық білдіруде. Себебі, АӨК субъектілерінің көбісі бағдарламаға қатысуға үлгермеді.
Сондай-ақ, Қазақстанның қаржыгерлер ассоциациясы мен қаржы институттарының мәлімдеуінше АӨК субъектілерін сауықтыруда жалпы берешек сомасы 80 млрд. теңгеден астам қосымша сұраныс бар.
Қазіргі уақытта АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасын 400 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасына қажетті өзгерістер енгізілуде.

ҚР Баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus