Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ жемқорлықпен күресуде

АШМ жемқорлықпен күресуде

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге жөнінде селекторлық отырыс өтті. Жиында 2013-2014 жылдары жүргізілген жұмыс қорытындыланып, талқыланды. Шараға аумақтық инспекциялар, бағынысты мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер қатысты.
ҚР АШМ жауапты хатшысы А. Евниевтің айтып кеткендей сыбайлас жемқорлықпен күресу және алдын алу мәселесі Министрліктің ерекше бақылауында.
Қазіргі таңда Министрлік 2015-2025 жылдарға арналған ҚР жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ішкі жоспар бекітілді.
Сондай-ақ, ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту мақсатында мемлекеттік органдардың ішінде бірінші болып «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысымен меморандумға қол қойды.
Отырыстың қорытындысы бойынша құрылымдық және аумақтық инспекцияларға сыбайлас жемқорлықты алдын алу шараларын жалғастыру, жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы түсіндіру аясында оқыту курстарын өткізу, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен тығыз ынтымақтасу тапсырылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus