Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелдік қатысушылармен ауыл шаруашылығын қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды қарастыруда

Ауыл шаруашылығы министрлігі шетелдік қатысушылармен ауыл шаруашылығын қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды қарастыруда

_файлы (1)Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жобаларды мемлекеттік қолдау «Агробизнес – 2020» бағдарламасының және индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығының басыңқы міндеттерінің бірі.
«Нұр Отан» XVI съезінің барысында Мемлекет басшысы азық-түлік өндірісінде серпінді инвестициялық жобалардың жүзеге асыру үшін шетелдік компанияларды тартуды тапсырды.
Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 жоба бойынша инвестициялық ұсыныстарды қарастыруды.
Атап айтқанда, австриялық және неміс серіктестерінің қатысуымен етті мал шаруашылығында кластерді құру бойынша 4 жобаны жүзеге асыру ұсынылып отыр.
Мәселен, «Евразия Агро Холдинг» ЖШС өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу бағытымен бірге, жылына 17 мың тонна етті өндіретін қуаттылықпен етті қайта өңдеу кешенін салуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, құс өнімінің импортын 50%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін голландиялық, австриялық және украиналық компаниялармен 90 мың тонна қуаттылығымен 3 құс фабрикасының салынуы қарастырылып отыр.
Өсімдік майы мен сүт өнімдерін өндіру бойынша жобалар қарастырылуда.
Мысалға, майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша жобаларды жүзеге асыру майлыдәндер өндірушілердің мәселелерін шешпек. Өсімдік шаруашылығын диверсификациялау нәтижесінде 2014 жылы майлы дақылдар алаңы алғаш рет 2 млн. га деңгейінен асып түсті. Бұл шикізатты өткізу мәселесін және шикізат өніміне бағаның тұрақсыздануынан фермерлердің тәуелділігін болдырмау, ұзақ мерзімді және ұдайы сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қайта өңдеу саласының дамуы салықты ұлғайту, өндірілген өнімнің жоғары қосымша құнын және инвестициялармен қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.
Танымал шетелдік компаниялардың қатысуы тәжірибе енгізумен қатар заманауи технологиялардың таратылуына, қазақстандық өнімнің экспортын кеңейтуге мүмкіндік беретін халықаралық өтім нарығын қалыптастыру өз септігін тигізбек.
Жобалардың жалпы құны шамамен 200 млрд. теңгеден аспақ.
Мұндай жобалардың негізгі мемлекеттік қолдауы инвестициялық субсидиялау (құрылысқа кеткен шығындарды ішінара өтеу), құрал-жабдық лизингісі мен банк займдары бойынша пайыздық үстем ақыны субсидиялау тәрізді жаңа құралдар арқылы жүзеге асырылады.
Серпінді жобалардың тізіміне қажет болған жағдайда түзетулер енгізіледі.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus