Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ 500 млрд. теңгеге дейін АШТӨ-ні қаржылай сауықтыруды ұлғайтуда

АШМ 500 млрд. теңгеге дейін АШТӨ-ні қаржылай сауықтыруды ұлғайтуда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы АӨК субъектілерін сауықтыратын берешек сомасын 500 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуды тапсырды.
АӨК саласындағы мәселелі несиелердің көлемін азайту, олардың несиелік салмағын төмендету мен банкроттыққа ұшырау қауіпін барынша төмендету мақсатында 2013 жылдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруды жүргізуде.
2015 жылы қаржылық сауықтыруды жалғастыру үшін Министрлікпен «Агробизнес-2020» бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізіліп, АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерін сауықтыру сомасын 500 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бағдарламаның негізгі көрсеткіші жалпы берешек сомасы 300 млрд. теңгеге қайтару мерзімін ұзарту және АӨК субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелерінің проценттік ставкасын азайту болып табылады. Бүгінде бұл көрсеткіш толық орындалған.
Осы шараны 2013-2014 жылдары жүзеге асыу қорытындысы бойынша жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теңгеге 292 АӨК субъектілерінің өтінімдері мақұлданды. Бағдарламаға ірі агроқұрылымдармен қатар шағын және орта агробизнес өкілдері де қатысты. Сауықтыруға барлығы 17 қаржылық институт қатысуда, атап айтқанда: «ЦеснаБанк» АҚ, «БанкцентрКредит» АҚ, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, «ЕуразиялықБанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «AsiaCreditBank» АҚ, «Банк «Астана-Финанс» АҚ, «Казинвестбанк» АҚ, «BankRBK» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ және т.б. Сауықтыруға ең көп астық егуші аймақтардың АӨК субъектілері қатысуда.
Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына 86,4 % тиесілі, мал шаруашылығы саласына – 2,8%, ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге – 5%, басқа қызмет түрлеріне – 5,6 %.
Екінші деңгейлі банктерден немесе басқа қаржылық институттардан алған несиелерді қандай да бір себептерге байланысты төлей алмаған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қаржылай сауықтыру принципі келесідей. «ҚазАгро» Холдингі мәселелі займдар бойынша сыйақы пайызын теңгемен жылдық 3 %-дан артық емес көлемінде орнатады. Осы орналастырылған қаражаттың мемлекетпен субсидия түрінде 7 % қайтарылады. Қаржылық сауықтыру шеңберінде несиелердің қайтару мерзімі 9 жылға дейін ұзартылып, айыппұл мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады.
Жалпы АӨК субъектілерінің берешектері бойынша қаржылай сауықтыру бағдарламасында сыйақы мөлшерлемесінің жалпы сомасын екі есеге төмендету, 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орынын сақтап қалу үшін жағдай жасалынып отыр. Мұнымен бірге, есептен шығарылған айыппұл мен өсім ақыларының көлемі шамамен 2,8 млрд. теңгені құрайды.
Жалпы, Министрлікпен жүргізіліп отырған шара өзінің экономикалық мақсаттылығы мен оны әрі қарай жүзеге асыру қажеттілігін көрсетті, ол АӨК субъектілері, сондай-ақ қаржы институттарының тарапынан тудырып отырған қызығушылықпен айқындалуда.
Сонымен қатар, 2013-2014 жылдар ішінде бір қатар себептер бойынша барлық АӨК субъектілері қатыса алмады.
Бұған қоса, ресейлік рубльдің құнсыздану есебінен қазақстандық тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігінің әлсіреуі АШТӨ-ні қолдауға бағытталған шараларды қажет етеді, соның ішінде АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру бар.

ҚР Баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика