Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» ынтымақтастық туралы келісті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» ынтымақтастық туралы келісті

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум шеңберінде тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді нығайту, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде өзара келісті.
Қазіргі таңда Министрлік 2015-2025 жылдарға арналған ҚР жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ішкі жоспар бекітілді.
ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп өткізген аудиттің қорытындысы бойынша ең кең таралған бұзушылық қатарына жергілікті атқарушы органдарымен әкімшілік ететін бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығы субсидияларын негізсіз беру және бермеу фактілері орын алған.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау механизмі әзірленіп енгізілуде, мемлекеттік қызмет реестріне субсидияларды қосу қарастырылып отыр. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржылық институттарына түсетін несиелік өтінімдерді рәсімдеу және мемлекеттік дотацияларды беру үрдісін автоматтау жоспарлануда. Жеке және коммуналды базарлар қызметінде әкімшілік тосқауылдарды шектеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Министрлікпен 2013-2014 жылдары ҚР АШМ-нің орталық және бағынысты ұйымдардың қызметкерлерімен жасалынған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа талдау жүргізілді. Осы уақыт аралығында тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың атаулы тізімі жасалынды, 2014 жылы ең көп сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген облыстық аумақтық инспекция басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.
Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілер бойынша барлық ақпарат тоқсан сайын Министрлікпен барлық аумақтық және бағынысты ұйымдарға мағлұмат ретінде жолданады.
Қабылданған шаралардың арқасында 2014 жылы (17 адам) қылмыстық жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің саны 2013 (31 адам) жылмен салыстырғанда 45%-ға төмендеген.

МЕМОРАНДУМ
ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus