Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ шаруаларға дала жұмыстарын өткізу кезінде дұрыс тәсілмен стратегияны әзірлеуді ұсынады

АШМ шаруаларға дала жұмыстарын өткізу кезінде дұрыс тәсілмен стратегияны әзірлеуді ұсынады

posebnayaЖаңбырдың мол түсуі, топырақтың кеш жетілуі және көктемнің ұзақтығы солтүстік, орталық және батыс аймақтарда егін егуді оңтайлы мерзімде аяқтауды қиындатуда. Мамыр айында жауған жауын-шашын көп жылдық орташа нормадан 3 есеге артып отыр.
Егін егу науқанының созылуы дәнді және майлы дақылдардың кеш пісіп-жетілуіне, ерте үсікке егіннің және егін ору жұмыстарының күзгі жаңбыр науқанына түсуіне әкелуі мүмкін. Мұның салдарынан ылғал дән үлесінің ұлғаю қауіпінен элеваторлар астықты уақытылы қабылдап, кептіріп және өңдеуді қамтамасыз ете алмайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарын уақытылы өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасауда. Десекте, шаруалар өз техникалық мүмкіндіктеріне, графигімен қажеттіліктеріне сай егін егуде. Мұнымен, министрлік әрбір жеке шаруашылықта көктемгі дала жұмыстарының өткізу барысына ықпал ете алмайды.
Мемлекет пен Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қабылданған шаралардың арқасында науқан басында көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы уақытта өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қаржымен, жанар-жағармай материалдарымен, тұқым және техникамен қамтамасыз етілді.
Бүгінгі жағдайда Министрліктің басты мақсаты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді ауа райы жағдайының салдары мен мүмкін болатын қауіп-қатер жайлы уақытылы ақпараттандыру, сапалы егін егу жұмыстарын өткізу және жинаған астықтың сақтау аясында шаруаларға консультациялық қызмет көрсету. Шаруалар өз кезегінде дала жұмыстарын өткізу бойынша дұрыс тәсілмен стратегияны әзірлеп, табиғи құбылыстардың салдарын азайтуға дайын болу керек.
Мұнымен, егін егу науқаны кешіктірілген жағдайды шаруаларға егісті күтіп-баптау технологиясына өзгерістер енгізуге әзір болу қажет. Нақтырақ айтқанда, дәнді және майлы дақылдардың өсіп-өнуін жеделдететін стимуляторлар қолдану. Бұдан басқа, егістікті зиянкестерге және ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларына қарсы уақытылы өңдеу жұмыстарын өткізу. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін жеңілдетілген несиелермен лизинг секілді құралдарды тиімді пайдаланып, астық жинайтын комбайндар мен астық кептіргіш және басқа да қажетті техниканы алдын ала алу керек.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus