Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық саланы субсидиялауды заңды тұрғыда реттемек

Ауыл шаруашылығы министрлігі аграрлық саланы субсидиялауды заңды тұрғыда реттемек

Ауыл шаруашылығы министрлігінде жергілікті атқарушы органдардың субсидияларды үлестіруде заңнама талаптарынының орындалуын анықтау мақсатында селектрлік мәжіліс өткізді.
Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында қыруар қаржы жұмсап отыр. Оның ішінде көктемгі егіс пен егін орағын субсиядиялау, несиелердің үстеме ақысын арзандату сияқты шаралар да бар. Бұл бағыттағы жұмыстарға 2013-2014 жылдарға республикалық бюджеттен 82,2 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 154,4 миллиард теңге бөлінген.
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аймақтарды мемлекеттік реттеудің басты көрсеткіштері мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып табылады. Осы бағытта мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері үшін мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр»,-деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ішкі аудит және бақылау департаментінің директоры Аманқос Шанкиев.
Оның айтуынша, қазіргі заң талаптары бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге субсидия берумен жергілікті атқарушы органдар айналысады. Алайда Бас прокуратура органы қызметкерлері жергілікті әкімдіктердің 2013-2014 жылдар аралығында субсидияларды үлестіру жұмыстарына тексеру жүргізіп, көптеген олқылықтарды анықтаған. «Бұл ретте субсидия ретінде таратылатын бюджеттің 70 пайызын жергілікті атқарушы органдар тарататындығын айта кету керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидияларды үлестірумен айналыспайды десек те, біз бұл бағыттағы жұмыстарды тәртіпке келтіруді жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы саласының өкілдері өздеріне бөлінген қолдау қаржыларын дер кезінде алулары керек», деді департамент директоры.
Индира Кауметова

www.strategy2050.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus