Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында пресс-тур өткізді

Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында пресс-тур өткізді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков Алматы облысында орналасқан «Медеу Коммерц» ЖШС сүтті-тауарлы ферма мен «Danone Berkut» ЖШС сүт өңдеу зауытын аралады. Пресс-тур барысында журналистерге шаруашылықтан бастап, шығарылған дайын өнімге дейін өндірістің толық циклі көрсетілді.
Қазақстанда жылына 2 млн. тоннадан аса қуаттылығымен шамамен 200 сүт өңдеу зауыттары сүт өнімін шығарады. Оның ішінде 25 кәсіпорын ірі және орта санатқа жатады. Жалпы, отандық сүт өндірісінің үлесіне еліміздегі шығарылып жатқан азық-түліктің 17% тиесілі.
Өткен жылы 180,8 млрд. теңгеге сүт өнімдері өндірілді. Мұнымен сүттің негізгі көлемі шамамен 4,1 млн. тонна немесе 82% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілген, ал ауыл шаруашылық құрылымдарынан қалған 903 мың тонна алынды.
Сүтті қайта өңдеу – қайта өңдеу өндірісін кеңейту бағдарламасының басты бағыттарының бірі болып келеді. Өткен жылы сүт өнімінің өндірісі бірнеше атау бойынша өсті. Атап айтқанда, 2013 жылмен салыстырғанда өңделген сүт өндірісі 6%-ға, құрғақ сүт – 24,4%-ға, сары май – 11,6%-ға, балмұздақ – 14,6%.-ға ұлғайды.
Қазіргі таңда қайта өндірушілердің алдында бәсекеге қабілетті сүт өнімін шығару міндеті тұр. Десек те, тауар өндірушілердің көбі сүт өнімін өндіруге импортталған құрғақ сүтін сатып алуда. Құрғақ сүт тұтас сүттен қарағанда арзанырақ және мұндай өнімнің өзіндік құны төмен келеді. Баға айырмашылығына байланысты қазақстандық шаруалардың табиғи шикізатына сұраныс төмен болып қалуда. Соған қоса, қайта өңдеу кәсіпорындары сатып алынатын сүттің сапасына жоғары талаптар қояды. Бұл мәселелерді шешу үшін АӨК қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудың Шебер-жоспары шеңберінде 2020 жылға дейін 212 сүт қабылдау пунктерін ашу қарастырылып отыр. Бұған 683 млн. теңге инвестициялық субсидия жұмсалмақ. Осы шара сатып алынатын шикізаттың сапасын жақсартуымен бірге шалғайдағы шаруашылықтардың өнімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.
«Danone Berkut» сүт өңдеу зауыты отандық табиғи шикізаттан сүт өнімдерін жасайтын кәсіпорындар қатарына кіреді. Зауыт 2010 жылы іске қосылды. Оның құрылысына 17 млн.евро (1 евро=203 тг) тартылып, шамамен 200 жұмыс орны ашылды. Төрт жыл ішінде өндірілетін өнім көлемі 4 есе ұлғайып, 9 696 тоннаны құрады. Өндіріс бағытын жандандырғанға дейін кәсіпорын Қазақстанда тек йогурт өндірді, ал қалған тауарды Ресейден импорттады. Бүгінде кәсіпорын қышқыл сүт өнімдерін 58 атау бойынша шығарады. Кәсіпорын өз өнімін Қырғызстанмен Өзбекстанға экспорттайды және Түркменстанмен Тәжікстан нарығына шығуды жоспарлап отыр.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus