Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ қызметкерлер арасында шаңғы жарысын өткізді

АШМ қызметкерлер арасында шаңғы жарысын өткізді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік қызметкерлердің салауатты өмір салтын қалыптастыру құлшынысын қолдайды. Сондықтан, Министрлік екі жыл қатарынан өз қызметкерлері арасында шаңғымен сырғанаудан жарыс өткізуде. Биыл жарысқа 70-тан аса қызметкер қатысты. Президенттік тест шеңберінде өткізілетін шараны Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері бағалады.
Жалпы, Министрлік қызметкерлері 2014 жылы мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен жазғы және қысқы республикалық спартакиададан бірінші орынға иеленді. Осы ретте, спартакиадаға 20 мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысқанын атап өткен жөн. Бұған қоса, Министрлік 7 жыл қатарынан ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай футболдан турнир өткізеді.
АШМ кадрлық құрамының 32 %-ы 30 жасқа дейін қызметкерлерден тұрады. Сондай-ақ, ұжымның 38,8 %-ы 30-дан–40 жасқа дейін қызметкерлер, ал қалған 29%-ы 40-тан жоғары жас аралықты құрайды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus