Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі тиімді мемлекеттік органдардың бірі атанды

Ауыл шаруашылығы министрлігі тиімді мемлекеттік органдардың бірі атанды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бағалауы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі персоналды басқару бойынша тиімді мемлекеттік органдардың бірі атанды. Мониторинг 11 орталық органдар мен 16 жергілікті атқарушы органдарға қатысты өткізілді. Ең жоғарғы ұпайларға Сыртқы істер министрлігі (82,7 ұпай) мен Ауыл шаруашылығы министрлігі (81,3 ұпай) иеленді.
Мемлекеттік органдардың қызметі 4 көрсеткіш бойынша бағаланды: адами ресурсты тиімді пайдалану, қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау курстарынан өту, жемқорлықты алдын алу бойынша жұмыс тиімділігі және мемлекеттік қызметкерлердің қанағаттанушылығы. Соңғы өлшем анонимдік сауалнама нәтижесінде айқындалды. Жергілікті атқарушы органдар арасында қанағаттану деңгейінің орташа балы – 74,1, орталық мемлекеттік органдар арасында – 76,1. Ақтөбе (82,5) және Атырау (82) облыстары да сауалнама нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіштерге иеленді.
Мемлекеттік органдардың мониторингісінің ақпарат көзі ретінде статистикалық мәліметтер мен автоматтандырылған электрондық-өткізу жүйесі және т.б. қолданылды.
http://anticorruption.gov.kz/rus/infocentre/news/?cid=0&rid=8141

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus