Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШМ үйірлі шегірткелерге қарсы күресуде жаңа технологияларды қолдануда

АШМ үйірлі шегірткелерге қарсы күресуде жаңа технологияларды қолдануда

OLYMPUS DIGITAL CAMERA
2015 жылдан бастап сарапшылардың болжамы бойынша шегіртке зиянкестерінің таралу аумағының азаюы күтілуде, себебі олардың таралуының шырқау шегі 2014 жылға келді.

Биыл үйірлі шегірткелердің 3,8 млн. га жерде таралуы болжанып отыр, соның ішінде итальяндық прус – 3,2 млн. га, азиялық шегіртке – 541,9 мың га, марокко шегірткесі – 100,1 мың га.

Шегірткелермен күресу іс шараларына республикалық бюджеттен 3,7 млрд. теңге, соның ішінде пестицидтер сатып алуға – 721 млн. теңге және химиялық өңдеу жүргізуге – 3 млрд. теңге бөлініп отыр. Бүгінде конкурстар өткізіліп, пестицидтерді ұсынушылар, оларды сақтау, тасымалдау жұмыстарын орындаушылар және өңдеу жұмыстарын жүргізушілер анықталды. Қазіргі кезде барлық ұсынушылар және жұмысты орындаушылармен келісім шарттар жасалуда.

2015 жылы үйірлі шегірткенің таралу қауіпі жоғары 39,2 млн. га жерде мониторингтік тексеру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Мониторингі жүргізу үшін ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті қосымша 437 маусым аралық анықтаушыларды жұмысқа тартып және арнайы техникаларды жалға алады. Штаттағы қызметкерлермен бірге анықтау жұмыстарына барлығы 1234 адам қатысады. Барлық анықтаушылар GPS-трекерлармен жабдықталған. Бұл құрылғы ақпаратты тез арада жолдау және анықтаушылардың мекен-жайын анықтауға мүмкіндік береді.

Көрші елдермен арада мәселе туындатпау үшін, Қытай, Ресей, Өзбекістан және Қырғызстанмен шекаралас жерлерде шегірткелерді анықтау мақсатында және өңдеу жұмыстарының тиімділігін білу үшін бірлескен тексеру жұмыстары жүргізіледі. Әр этап аяқталғаннан кейін бірлескен зерттеу актілермен хаттамалар әзірленетін болады.

2015 жылдың ақпан айында Астрахань қаласында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандарының бірлескен кездесуі өткізілді. Осы кездесуде шекаралас жерлерде шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуы, олардың келер уақытта таралу болжамы туралы, сонымен қатар екі елдегі шегірткемен және басқа да зиянды организмдермен күресу шаралары туралы ақпарат алмастырылды. Сонымен бірге осы бағытта алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеу мәселелері талқыланды.

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында марокко шегірткесіне қарсы аумақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus