Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процестерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізуде

Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процестерін оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізуде

Ағымдағы жылдың 27 маусымында Ауыл шаруашылығы минстрлігінде «ашық есік» күндері шеңберінде ведомстволармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы айтты.
Қазіргі уақытта Министрлікке 34 мемлекеттік қызмет тіркелген, алғашында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің орташа мерзімі 20 жұмыс күні және қажет құжаттардың орташа саны 6 құжат құрайтын.
Министрікпен жүргізілген талдаудан кейін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелері мен стандарттарына өзгертулер енгізілуде. Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің орташа нормативтік мерзімін 15 жұмыс күніне дейін (25 %-ға) және қажет құжаттардың санын 4-ке дейін (33 %-ға) қысқарту жоспарланып отыр.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық түрде және дәстүрлі қағаз түрінде де беріледі.
Барлық аталған шаралар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жеңілдетуге бағытталған, тиісінше, тұтынушылардың қанағаттанушылық деңгейіне оң әсерін тигізуі тиіс.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555 – 765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus