Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі ШҚО аусыл ошағы үшін жойылған 39 мал иелеріне төлемақы жасады

Ауыл шаруашылығы министрлігі ШҚО аусыл ошағы үшін жойылған 39 мал иелеріне төлемақы жасады

Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл ошағы шыққан Шығыс-Қазақстан облысындағы, алынып жойылған 323 бастың 39 мал иелерініне нарықтық баға бойынша төлемақы жасады. Осы аптаның соңына дейін қалған мал иелеріне шығынның төленуі жоспарлануда.
Ескертеміз, а.ж. 11 мамырында Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы Ақшоқы ауылында ірі қара малдар арасында аусыл ауруына тән клиникалық белгілері анықталған.
Ақшоқы ауылы шекара аймағындағы елдімекен болып табылады, ҚХР-ның Мемлекетті шекарасынан 50 м. қашықта орналасқан. Жорамал бойынша індет көршілес мемлекеттің шекараға шектес аймақтардан келген деп танылуда.
А.ж. 28 мамырындағы мәліметі бойынша, 1375 бас ірі қара мал жойылды, 59 400 шаршы метр көлемінде заласыздандыру жұмыстары жүргізіліп, 3453 бас ірі қара малға және 4 962 ұсақ малға мәжбүрлі вакцинациялау жүргізілді. Вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.
Ошақта «Республикалық эпизоотиялық отряд» РММ-сі филиалының 10 қызметкерлері жұмыс істеуде. Карантин уақытында, Ақшоқа ауылдық округіне, мал шаруашылығы өнімдерін шығаруылуына және сатылуына тиым салынған.
Індеттің алғашқы анықталған ошағында ауру малды жедел оқшаулау, жою және індеттің таралуына жол бермеуге бағытталған шаралар қолданылуда.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 555 – 765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus