Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Министрлік шегіртке зиянкестерімен күресуге барлық шараларды қолға алып жатыр

Министрлік шегіртке зиянкестерімен күресуге барлық шараларды қолға алып жатыр

Шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуы әр 10 жыл сайын циклды айналымға ие. Шегірткелердің соңғы рет жаппай таралуы 2000 жылы 8 млн. га жерде болды. Ал кейінгі жылдары шегіртке зиянкестерінің таралған аумақтары 2004 жылы 505,4 мың га жерге дейін кеміген. Алайда 2005 жылдан бері таралу аймағы біртіндеп көбейіп барады.
Осындай үрдістерге орай биылғы жылы үйірлі шегірткелердің таралуы шамамен 3 млн. га жерде болжанған.
Шегіртке зиянкестерінің кең таралып кетуін алдын алу үшін Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті барлық шараларды қолға алып жатыр:
Бүгінгі таңда облыстарға 2 млн. га аумаққа жетерлік инсектицидтер жеткізілді (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары).
Пестицидтерді сатып алуға және химиялық өңдеу жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінді.
Сондай ақ жедел науқан кезінде аса қауіпті зиянды организмдерді тексеру үшін қосымша 205 дана автокөлікпен 237 тексеруші жұмысқа тартылып, аса шалдыққыш аудандарға жіберілетін болады (Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары). Бұл үшін республикалық бюджеттен қосымша 116 млн. теңге бөлінді.
Мұнан басқа жедел науқан кезінде облыстарда шегіртке зиянкестерімен күресу жөнінде арнайы штабтар құрылып, оларға препараттарды барынша қолдану туралы кеңес берілді.
Сондай ақ министрлік 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдерінің таралуы және дернәсілдердің 2013 жылы шығу болжамы туралы арнайы шолуды басып шығарды.
Осылайша, министрліктің комитетімен шегіртке зиянкестерімен уақытында және сапалы күресуге барлық шараларды қолға алып отыр.
Сонымен қатар, үйірлі шегіртке зиянкестерінен кем емес залал келтіретін саяқ шегірткелермен күресу өзектілігін жоғалтпаған.
Осылайша, 2013 жылы саяқ шегірткелер республика аумағында 578 мың га аумақта таралуы болжамдалған. Бүгінгі күні 67 мың га жер өңделіп бітті (Алматы және Батыс Қазақстан облыстары).
Саяқ шегірткелермен күресу үшін қаржы республикалық бюджеттен қарастырылмайтынын атап кеткен жөн. Осы себепті облыс әкімдіктеріне жергілікті бюджет және диқандардың өз қаржысы есебінен шегіртке зиянкестерімен күресу қажеттілігі туралы хаттар жіберілді.
Биылғы жылдың мамырдың басында министрілік қызметкерлері мен «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің мамандарымен бірлескен комиссиясы Ақмола облысының Целиноград және Ерейментау аудандарында италиялық прус күбіршектерінің қоныстанған мекенін анықтау және тексеру жұмыстарын жүргізіп, 2012 жылдың күзгі және 2013 жылғы көктемгі мәліметтер қайта расталғанына көз жеткізді. Дәл мұндай шаралар облыстарда аумақтық инспекциялардың және «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мамандарымен өткізілді.
Қазіргі таңда марокколық шегірткеге қарсы химиялық өңдеулер Жамбыл облысында аяқталып, ал Оңтүстік Қазақстан облысында аяқталуға жақындады (барлығы 108 мың га жер өңделді), италиялық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 12 мың га жер өңделіп бітті, азиялық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары Атырау облысында басталып, 1000 га жер өңделді. Осымен республиканың аумақтарын тексеру және өңдеу жұмыстары жалғастырылып жатыр.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172)55-57-63
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus