Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау механизмін жетілдіруде

Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау механизмін жетілдіруде

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау механизмін жетілдіруде. Өзгертулер АӨК субсидиялауының бірнеше бағыттары бойынша әзірленуде.
Біріншіден, бөлініп жатқан субсидиялардың тиімділігін жоғарлату мен төлемді оңтайландыру және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында субсидияны беру процессін автоматтандыру жоспарланып отыр. Бүгінде Министрлік ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге субсидияны бөлудегі әлемдік тәжірибені зерттеуде. Мұнымен бірге жобаны Еуропа қайта құру және даму банкісі арқылы қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.
Екіншіден, жаңашылдықтар егіншілік шаруашылығын сақтандыру, тұқым шаруашылығын, балық және етті мал шаруашылығын субсидиялау жүйесіне қатысты болмақ.
Атап айтқанда, егіншілік шаруашылығын сақтандыруда аясында сақтандыру сыйларын субсидиялау және сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруды енгізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, автокөлікті сақтандырудай ұзақ мерзімді көп жылдар бойы міндетті сақтандыру келісім-шартты жасаған кезде сақтандыру сыйының көлемінің төмендеуін қарастыратын ынталандыру жүйесін қолдану қарастырылып отыр.
Тұқым шаруашылығында 2014 жылдың 1 қазанынан бастап мемлекет бірінші тұқымдық гибридтермен бірінші репродукциялы тұқым пайдасына элиталық тұқымды (элиталық көшеттерден басқа) субсидиялаудан бас тартуда.
Сонымен бірге суды пайдаланушылардың су үнемдеу технологияларға өтуді ынталандыру үшін суармалы судың кубтық метріне субсидиялау көлемін есептеу әдісін өзгерту ұсынылып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге егер қызмет құны минималды көрсеткіштен жоғары болған жағдайда суды беру қызметі алдағы уақытта субсидияланбақ (минималды құн – 1 куб. м. 0,2 тенге).
Етті мал шаруашылығында бірінші деңгейлі өндірісті бордақылау алаңдары үшін сиыр етін субсидиялау нормасын кг 220 теңгеден 300 теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. 2014 жылы экспортқа бағытталған бордақылау алаңдарын толтыруды ынталандыру үшін мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыты – бір басқа 15 мың теңге көлемінде бұқаларды субсидиялау енгізілді. Бұған қоса, ет экспортын қамтамасыз ету үшін оңтайлы өзіндік құнның есебі орнатылған нормативті 24 мың теңгеге дейін ұлғайту қажеттілігін көрсетіп отыр.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мал шаруашылығында шырынды және ірі жепшөп дайындап сақтау шығындары қосымша субсидияланады.
Инвестициялық субсидиялауда саланың басыңқы бағыттарына АӨК субъектілерінің инвестициялары ішінара компенсациялануы қарастырылатын ретроспективті қызметті енгізу ұсынылуда. Яғни, 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін эксплуатацияға енгізілген АӨК-нің маңызды кейбір инвестжобалары бойынша шығындарды өтеуді қарастыру.
Бұдан басқа шикізаттың жоғары құн мәселесін шешу үшін құрғақ сүтті, сары майды, ірімшікті, қантты өндіруге шикізатты сатып алу үшін қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарын субсидиялаудың жаңа механизмі әзірленді. Үстіміздегі жылы мемлекет алты облыстың қайта өңдеу кәсіпорындарын субсидиялайды, оның ішінде: Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстары.
Үшіншіден, алдағы уақытта жабық топырақта ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарын өңдеу шығындарын және басыңқы дәнді-дақылдар өндірісін субсидиялау қарастырылуда.
Балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау бойынша «Агробизнес 2020» бағдарламасы аясында 2016-2020 жылдары құнды балық түрлерінің ремонттық-аналық табынын ұстауға арналған шығындардың субсидиялау көлемі 1,8 млрд. теңгені құрамақ.
Субсидиялау көлемі соңғы бес жыл ішінде 2 есеге өскен (43,2 млрд. теңгеден 88,7 млрд, теңгеге), ал ауыл шаруашылығының жалпы шығару көлемі 1,5 есеге ұлғайған.
Үстіміздегі жылы субсидия көлемі 156,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылға (88,7 млрд. теңге) көрсеткіштен 1,8 есеге артық.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. + 7 7172 555 765
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus