Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес 2020» бағдарламасына түзетулер енгізуде

Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес 2020» бағдарламасына түзетулер енгізуде

Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Агробизнес-2020» бағдарламасына түзетулер енгізуде.
Концептуалды жаңашылдықтардың арасында – аймақтардың мамандандыру схемасын енгізу, суармалы су және тұқым субсидиялаудың механизмдерінің өзгеруі.
Сонымен, 2014 жылдың егінінен бастап 1 репродукциялы тұқымға мемлекеттік дотацияның ұлғаю есебінен кезең-кезеңімен таңдаулы тұқымның субсидиялауы жойылады.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологиясын енгізуді ынталандыру үшін су беру бойынша қызмет құнын дотациялау механизмін жетілдіру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, суармалы судың текше метріне берілетін субсидия мөлшерін есептеу әдісі қайта қарастырылып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді сумен қамтамасыз ететін су берушілерге қызмет құны субсидиялауы ұсынылады.
Бағдарламаға ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану аясында аудандардың мамандандыру схемасы енгізіледі. Аймақтардың ерекшеліктері мен схемаға сай АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарастыру ұсынылып отыр.
Аграрлық ғылымды реформалау аясында халықаралық деңгейде аграрлық ғылым бойынша Ұлттық ғылыми кеңес пен трансдисциплинарлық ғылыми-білім кешенін құру қарастырылып отыр. Бағдарламамен міндетті түрде қауіпсіз әрі экологиялық таза өнімнің өндірісін қамтамасыз ететін органикалық егін шаруашылығы принципінде ауыл шаруашылығы дақылдарын егу бойынша зерттеулер өткізу, сондай-ақ, генномодификацияланған дақылдардың қуаңшылыққа төзу, агротехнологиялардың экономикалық тиімді «жасыл» әзірлеу мәселелер бойынша зерттеулерді енгізу қарастырылуда.
Бұған қоса, бағдарламаға суармалы жерлердің мелиоративті жағдайын бағалау, АӨК саласында халықаралық ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы кооперацияларының дамуы, мал шаруашылығын кепілдендірудің экономикалық тиімділігін жоғарлату бойынша жаңа міндеттер енгізілді.
Субсидиялау үшін басымды инвестициялық бағыттар анықталды. Олардың қатарына интенсивті және отбасылық бау-бақшалар, машина-тракторлық қор, астық сақтау қоймалардың құрылысы, жеміс-көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжай, қайта өңдеу кәсіпорындарын реконструкциялау және кеңейту жатқызылды.

ҚР баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus