Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Министрлік диһандарға биылғы жылдың егін түсімін сақтау үшін бейімделген қоймаларды, сондай-ақ дән кептіргіш пен тазартқыш жабдықтарын сатып алуын ұсынып отыр

Министрлік диһандарға биылғы жылдың егін түсімін сақтау үшін бейімделген қоймаларды, сондай-ақ дән кептіргіш пен тазартқыш жабдықтарын сатып алуын ұсынып отыр

«Қазгидромет» РМК-ның ақпараты бойынша биылғы жылы республиканың едәуір аймақтарында көктемгі егін жинау жұмыстары уақытында текшеметрлік қабатта өнімділікке қажетті ылғал жиналды. Шілде айының бірінші онкүндігінде түскен жауын шашын дәнді дақылдардың өсуі мен дамуына оң әсерін тигізді.
Бүгінгі таңда ел аумағында жалпы сыйымдылығы 13,9 млн. тоннадай сыйымдылығы бар 215 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр. Мұнымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінде 10,6 млн. тонна астық сақтай алатын орын бар. Осылайша елімізде жалпы сыйымдылығы 24,5 млн. тонна болатын астық сақтау орындары бар.
Соңғы мәліметтер бойынша еліміздің астық қабылдау кәсіпорындарында 26 % жүктелген 3 568 мың тонна астық жатыр. Мұның ішінде астықтың 2 784,9 мың тоннасы немесе 25 % үш негізгі астық себуші облыстарында жатыр. Осылайша Ақмола облысында 565,2 мың тонна, Қостанай облысында 1 578,3 мың тонна және Солтүстік Қазақстан облысында 641,4 мың тонна.
Бүгінгі таңда еліміздің барлық элеваторлары биылғы егін түсімін қабылдау үшін материалдық-техникалық базасына жөндеу жұмыстарын өткізуде. Осылайша 18 шілденің жағдайына 215 лицензияланған элеваторлардың ішінен 41 астық қабылдау кәсіпорындары тексеріліп, оның 31 дайын болып шықты. Ал 10 АҚК әртүрлі себептермен өздерінің біліктілік талаптарына сай емес екендігін көрсетті.
Элеваторлардың материалдық техникалық базасын қабылдау сәтінде, олардың дән кептіргіш және дән тазартқыш жабдықтарының дайындығына назар бөлінеді.
Бүгінгі күні элеваторларда 507 дән кептіргіш құрылғылары бар, оның ішінде Ақмола облысында 133, Қостанай облысында 139 және Солтүстік Қазақстан облысында 150 бірлік бар. 18 шілденің жағдайына 313 дән кептіргіш құрылғысы дайын (62 %). Барлық дән кептіргіш құрылғыларының тәуліктік өнімділігі 354 900 тоннаға сай болады.
Мұнан басқа биылғы егін түсімін сақтау мақсатында 2010 жылдан 2013 жылға дейін үш негізгі бидай себуші облыстарда жалпы сыйымдылығы 25 мың тонна қоймалар қайта салынып және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз күшімен сақтауға жарамды жалпы сыйымдылығы 1 140 мың тонна болатын (оның ішінде АҚК–428,7 мың тонна, АШТӨ-711,7 мың тонна) арнайы бейімделген қоймалар салынды. Мысалы, Ақмола облысында бейімделеген қоймалар «СХП Новобратское» ЖШС – 3, «Журавлевка» ЖШС-3, Қостанай облысында «Шуллер Э. Ф.» Шаруа қожалығында – 4, Солтүстік Қазақстан облысында «Шатило и К» ЖШС – 2, «Агро-Александровка» ЖШС-1, «Баянтай» ЖШС – 1.
Қазіргі кезде көптеген шаруа қожалықтарында дән кептіргіш және дән тазартқыш құрылғылары жоқ. Осы орайда «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 2013 жылы дән кептіргіш құрылғыларының қаржыландырылу жоспары әзірленіп, қарастырылып жатыр. 2011 жыл көрсеткендей егін түсімі мол жылдары ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты еліміздің элеваторлары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінен түгелдей астығын қабылдай алмады.
Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қалған уақытты пайдаланып астықты қабылдау және сақтау мақсатында өз күшімен қосымша сыйымдылықтарды іске қосуы тиіс (бейімделген қоймалар мен мүмкіндігінше қосымша сыйымдылықтарды кеңейту қажет).
Жоғарыда баяндалғанның негізінде келесі іс шараларды қолға алу қажет деп санаймыз:
1) Жергілікті атқарушы органдары облыстық аумақтық инспекцияларымен бірлесіп АҚК материалдық техникалық базасының әзірленуіне бақылауын күшейту және элеваторларды қабылдап алу;
2) Дән кептіргіш құрылғыларын қайта жөнделуіне аса назар аудару;
3) Ауар-райының қолайсыз жағдайына байланысты (бидай дақылдарының кеш пісіп жетілуі, арамшөптілік) АШТӨ-не бидай дақылдарын бөлек орып алу үшін жатқызып қысу құрылғыларын дайындау және оларды қайта жөндеуден өткізіп немесе мүмкіндігінше жаңадан сатып алу керек;
4) Астықты кептіру үшін элеваторлардың қожайындарына қажетті мөлшерде дизель отынын алып қою қажет.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
8 (7172) 555-765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus