Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Еліміздің астық қабылдау кәсіпорындары орақ науқанына дайындалуда

Еліміздің астық қабылдау кәсіпорындары орақ науқанына дайындалуда


Бүгінде барлық элеваторларда материалдық-техникалық базаны жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. Осы күні еліміз бойынша 215 лицензияланған элеватор болса, солардың 41-і тексерілді. Нәтижесінде 31 кәсіпорынның астық қабылдауға дайын екені анықталды.

Негізінен дән кептіргіш және дән тазартқыш жабдықтарының талапқа қаншалықты сай екені тексерілген. Соңғы мәліметтер бойынша, осы күні астық қабылдау кәсіпорындарының 26 пайызы бос емес. Өткен жылдан қалған бидайдың басым бөлігі Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының қамбаларында сақтаулы. Биыл көптеп түскен жауын-шашын нәтижесінде бидай бітік шықты. Ендігі мақсат – қырдағы астықты қырманға абыроймен тасып алу. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында сөз болды. Мамандардың айтуынша, 2011 жылы мол өнім алынғанымен, оны сақтайтын қоймалар тапшы болған. Сондықтан биыл, бұл жұмыс тиісті деңгейде атқарылатын болады, – дейді ауыл шаруашылығы саласының мамандары.

Сақташ ХАСЕНОВ, АӨК МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
– Біраз қиыншылық болғаннан кейін, соны еске алғаннан кейін, осы екі жылдың ішінде біраз шаруашылықтар өз күшімен бос тұрған қоймаларын пайдаланып, астықты қабылдайтын кәсіпорындар біраз жұмыс жасағаннан кейін, астық сыйдыратын қоймалардың саны көбейіп отыр.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus