Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігімен Ресей Федерациясының шекараға шектес аймақтарынан шегірткенің миграциясына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда

Ауыл шаруашылығы министрлігімен Ресей Федерациясының шекараға шектес аймақтарынан шегірткенің миграциясына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағында Оренбург облысының Домбаровск және Соль-Илецк аудандарының аумақтарынан үйірлік шегірткенің миграциясы орын алуда. Миграцияның мұндай қауіпі Қостанай және Батыс-Қазақстан облыстарында байқалуда. Ресей Федерациясының шекараға шектес аймақтарында зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының қарқына төмен екенін атап өту керек, тіпті кейбір жеке аудандарда мұндай шаралар басталған жоқ. Алдағы уақытта бұл Қазақстан Республикасының территориясына шегірткенің ұшып келу қауіпіне әкелу мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі шекараға шектес аумақтарда үйірлік шегіртке түрлерінің таралуына жол бермеу мақсатында пестицидтер қорынан 360 мың га. жерді өңдеуге препараттар бөлді, оның ішінде Қостанай – 170 мың га., Ақтөбе – 150 мың га., Батыс Қазақстан облыстарына – 40 мың га. Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігіне шығып отырған шегіртке миграциясының қауіпі жөнінде сәйкесінше хат жолданды.
Қазір жалпы еліміз бойыншаүйірлі шегіртке түрлеріне қарсы жоспарланған 2 852 мың.га көлемнің 1 723 мың га өңделді. Итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстары Маңғыстау және Атырау облыстарында аяқталды, ал мароккалық шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстарында өз мәресіне жетті. Азиялық шегірткеге қарсы жұмыстар жалғасуда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-63
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus