Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Ауыл шаруашылығы министрі сүт өнімін шығарушыларды сынға алды

Ауыл шаруашылығы министрі сүт өнімін шығарушыларды сынға алды

Бүгін Астанада азық-түлік қауіпсіздігіне арналған конференцияда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков кептірілген сүт ұнтақтарын «табиғи сүт» ретінде сататындарды сынға алды. Асылжан Мамытбековтың айтуынша, қазір еліміздегі дүкендерде сатылатын сүттердің тең жартысы Ресейден әкелінетін арзан ұнтақтардан жасалады. Ал оны өндірушілер сүт қорабының сыртына «табиғи сүт» деп жазып, тұтынушыларды алдайды. «Соның салдарынан тауарлы сүт фермалары үлкен шығынға батып отыр», – деді ведмоство басшысы. Мәселен жақында ғана Қостанайдағы сүт өндіретін ферма сүт зауыттары өнімін алудан бас тартқандықтан, 30 тоннаға жуық табиғи сүтті төгуге мәжбүр болған. Өйткені зауыттарға табиғи сүтті сатып алғаннан гөрі Ресейден әкелінетін арзан ұнтақты пайдаланып, соны табиғи сүт ретінде саудаға шығару тиімді болып отыр. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі – Өкінішке қарай, біздің нарықта тұтынушыларды алдау кең етек жайып отыр. Мәселен, сүт деген атауға лайық емес тауардың сыртына «табиғи сүт» деп жазып қояды. Ұнтақтан жасалған сүттердің негізгі атауы «қалпына келтірілген сүт» болуы керек. Осылайша ұнтақтан жасалған сүтті сатушылар талапты бұзып, тұтынушыларды алдауда. Тиісті бақылаудың жоқтығынан біздің тұтынушылар көзбаяушылықтың құрбаны болып отыр. Ресей мен Украинадан келетін арзан құс еті мен өнімінің көбеюі құс шаруашылығымен айналысатын жергілікті фермерлерге қолбайлау болып отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов мәлімдеді. Оның айтуынша, сырттан келетін өнімдер біздегіге қарағанда арзан, бірақ сапасы сын көтермейді. Себебі, мамандар көршілес елдерден бізге келетін өнімді тексере келе, өнім салмағын арттыру үшін олардың құс етінің ішіне шприцпен су жіберіп, қатырып тастайтынын анықтады. Руслан Шәріпов, Қазақстанның құс өсірушілер одағының президенті – Енді ана келіп жатқан еттің бәрі талапқа сай емес. Суды терінің астына кіргізіп, оны қатырып, фассолкаға салып, бізге әкеліп отыр. Енді анау қандай су, қандай рассол, оны ешкім білмейді. «Арзанның жілігі татымайды» демекші бағасына қызығып, сау басыңызға сақина тілеп алмаңыз. Сондықтан мамандар табиғи таза, отандық өнімді тұтынуға кеңес береді. Авторлары: Жандос Жұмабек, Жасұлан Шәкенов

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus