Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Шымкент қ. азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Шымкент қ. азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков бастаған республикалық ақпараттық топ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге Оңтүстік-Қазақстан облысына келді. Топ құрамына ҚР Мәжіліспен Сенат депутаттары және мемлекеттік органдардың басшылары енді.
Іс-сапар барысында республикалық ақпараттық топ мүшелері Оңтүстік-Қазақстан облысының мемлекеттік университетіне барды. Студенттермен кездескеннен кейін А. Мамытбеков облыс әкімшілігінде азаматтарды қабылдады. Сол күні РАТ мүшелері Мақтарал ауданындағы мақта өңдейтін«Мырзакент» зауытын аралады.
А. Мамытбеков айтып кеткендей Мемлекет басшының Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы бюджетке түсімнің азаюына ықпал ететін әлемдік экономиканың бәсеңдеп, шикізат ресурстарға бағаның құлдырау тұсында айтылды. Осы ретте, Жолдауда еліміздің тұрақты экономикалық дамуын сақтап әрі жоғарлатуға бағытталған бірқатар басты міндеттер белгіленді.
Мемлекет Басшысы «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының өзегі болатын, жеті бағытты қамтитын Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жоспарын ұсынды.Ол орта және кіші бизнестік қолдау, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысы, су және жылу құбыр жүйелері мен ТКШ модернизациялау, энергетикалық, индустриалдық, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту.
Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша агроөнеркәсіп кешені саласы алдында үлкен міндеттер тұр. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында әсіресе тамақ өнеркәсібін дамытуды атай отырып, басталған бағдарды жалғастырудың қажеттілігін атап көрсетті.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту шеңберінде Министрлік халықты ауыз сумен қамтамасыз етутоптық су құбырларын салуға және жаңартуға жыл сайын қаржы бөлуді жоспарлап отыр.2015–2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасында шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау шаралары қарастырылған.Оның ішінде, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы шикізаты мен қаржы қызметтеріне қол жеткізу міндеттерін шешуге, саладағы өндірістік инфрақұрылымдық кедергілерді (коммуналдық, көліктік қызметтер, ыдыстар мен орамаларға шыққан шығындар және басқалары) төмендетуге бағытталған.
Бұдан басқа отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту, тағам өнімдерін тұтыну мәдениетін және тамақ индустриясы саласында техникалық реттеуді дамыту, экспорт/импортты саудалық реттеуді жетілдіру, сондай-ақ білікті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды қызмет жалғаспақ.«Тағам өнімдері» бағытын қаржыландыру үшін Министрлік Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасына қажетті өзгерістерді енгізуді жоспарланып отыр.
Шағын және орта бизнеске, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпкерлікке жеңілдікпен кредит беру үшін тамақ және химия өнеркәсібіне, машина жасауға, сондай-ақ, қызмет көрсетулер саласындағы жобаларға жеңілдікпен кредит беруге бағытталған 100 млрд. теңге бөлінеді.
19 желтоқсан күні мемлекеттік органдардың басшыларымен парламент мүшелері Сарыағаш ауданындағы Абай ауылдық округымен Көктерек ауылына барып, ал 20 желтоқсан күні Шымкент қаласында жылыжайдық ашылу салтанатына қатысады.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus