Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Ауыл шаруашылығы министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

04.03.16 г.                                                                                                                                    Астана қ

 

Ауыл шаруашылығы министрі

Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

 

Кәсіпорын басшыларымен кездесу бағдарламасы «Рубиком» ЖШС-нен басталды. Аталған кәсіпорын жылына 6 мыңдай шұжық және ірі қара малдың, шошқа және құс етінің өнімдерін шығарып, Қазақстан және Ресей нарығына сатады.

Сапар барысында Министр «Павлодар құс» ЖШС-ның құрылыс барысымен танысты. Сондай-ақ, жылына 1,5 мың тонна қызанақ өсіріп шығаратын «Павлодарский тепличный комплекс» ЖШС жұмыскерлерімен кездесу өткізді.

Өткізілген кездесулер қорытындысы бойынша Павлодар облысының әкімдігінде өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесі жөнінде кеңес өтті.

2015 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі жалпы республика бойынша       2,7 трлн. теңгені құрады. Мұнымен өндірістің ең үлкен өсімі Павлодар өңіріне (12,9% немесе 128 438,7 млн.теңге) тиесілі екенін атап кеткен жөн. Өсім орта республикалық көрсеткіштен 8,5%-ға жоғары.

Бұл өсім-өсімдік өндіріс көлемінің 24,3%-ға (61 011,0 млн.теңге)  ұлғаю есебінен қамтамасыз етілді. Соның ішінде, картоп бойынша рекордтық өнім жиналған болатын. Өнімнің көлемі – 411,8 мың тонна, 2014 жылдың көрсеткішінен 17,3%-ға артты. Картоп өнімі бойынша республикада көлемінде ең жоғары көрсеткіш 241,4 ц/га құрады.

Қазіргі таңда Павлодардың картобы сапалы сипаттамаларымен Қазақстанның және басқа мемлекеттердің нарықтарында жақсы қабылданып, өңірдің брендіне айналып келе жатыр.

Осыған қоса, министр Ертіс өңірінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін судың бағасы 16 тг/куб.м құрайтынын атап кетті. Осы баға су шаруашылығы нысандарын жөндеуіне қажетті инвестициялардың орын басып, шаруаларды суды мақсатты қолдануға ынталандырады. Осылайша өңірдегі 90%-ға (32,8 мың га) жуық суармалы жерлер тамшылатып, жаңбырлатып және басқада суаруға арналған жүйелермен қамтылған. Бұл АӨК саласындағы суды тиімді пайдаланудың оңтайлы үлгісі.

Басқа өңірлермен салыстырғанда, оңтүстік өңірде судың бағасы 0,2 мен 0,8 теңгенің маңайында. Алайда заманауи құрылғылармен суарылатын жерлердің көлемі 1%-дан (Қызылорда облысында – 0,07%) аспайды. Өнімнің өзіндік құнында судың бағасының мөлшері 5 пайыздан аспайды.

Кеңес барысында субсидиялау жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді ауылшаруашылық кооперативтеріне бірігуге ынталандыру, облыстың ауыл шаруашылығы саласына инвестицияларды тарту және АӨК өнімінің Ресей және Қытай нарықтарына шығару бойынша сұрақтары талқыланды.

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+7 (7172)55-57-65

E:minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus