Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі арнайы салық режимі бойынша аймақтық семинар-жиналысына қатысты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі арнайы салық режимі бойынша аймақтық семинар-жиналысына қатысты

Семинар-жиналыста тұлғалардың табыстары мен мүліктерін жалпылай ресми мәлімдеуге көшуге дайындау аясында құрылған Жұмыс тобы арнайы салық тәртібін реформалау, оның ішінде агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне салық салуын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылады.

            Ұсыныстардың жан-жақты талқылауымен ашықтығын қамтамасыз ету үшін іс-шараға «Атамекен» Одағы» ҰЭП мен «Қазақстан фермерлер одағы» РҚО, сондай-ақ ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өкілдері шақырылды.

АӨК салық салуын ынтайландыру аясында келесі сұрақтар қаралды:

1)        ауылшаруашылық тауар өндірушілерге заңды тұлғалар ретінде – ауылшаруашылық тауар өндірушілерге жер салығы және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер бойынша жеңілдіктерді алып тастау;

2)        шаруа және фермерлік қожалықтар үшін бірыңғай жер салығын қолдануға шектеу қою;

3)         шаруа және фермерлік қожалықтар мен заңды тұлғалар – ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін бюджетпен жалпы бекітілген тәртіптегі есептерді қолданатын қосымша жеңілдіктер;

4)        ауыл шаруашылығына арналған жерлерге жер салығы мен жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер ставкасын ұлғайту.

 

 

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Тел. 555 765

Email: info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus