Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мелиоративтік жүйені сауықтыру және суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін рыноктык механизмдерді қолдануды ұсынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі мелиоративтік жүйені сауықтыру және суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін рыноктык механизмдерді қолдануды ұсынды

Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мелиоративтік жүйені сауықтыру және суармалы жерлерді қалпына келтіру үшін рыноктык механизмдерді қолдануды ұсынды.

Қазіргі кезде суармалы жерлердің деңгейі  1990 жылдармен (2,1 млн. га) салыстырғанда үштен бірге қысқарып, бүгінде 1,5 млн. гектарды құрайды.

Суармалы жерлер алқабы мен оның өнімділігінің қысқаруының  негізгі себептері: жерлердің эколого-мелиоративтік нашарлауы, дренаждық және суармалы жүйенің қалпына келтіру және құрылысына инвестициялар деңгейінің төмендігі, тозу деңгейінің жоғарлығы, фермерлердің ылғал үнемдеу технологияларды енгізуге ынтаның жоқтығы, профилактикалық мелиоративтік жұмыстарды орындамау.

Үлкен капитал сыйымдылығына байланысты суармалы жерлердің 2,1 млн. га алқабы ауыл шаруашылығы айналымын жүргізу бойынша қаржыландыру бюджет есебінен жүргізу мүмкін емес. Сондықтан басқа, соның ішінде қаржыландырудың заемдық көздерін тарту қажет.

Сонымен су шығынын үнемдеуді қамтамасыз етуді және  шаруашылықаралық ирригациялық жүйелерге инвестицияларды тартудың жалғыз тетігі – барабар нарық тарифтерін орнату болып табылады. Бірқатар аймақтарда суармалы су тарифтері төмен. Бұл шаруаларды суландыру жүйесін реконструкциялауға және суды үнемдеу бойынша қандай да бір жұмыстарды жүргізуге ынталандырмайды.

Су шаруашылығы нысандарына жөндеу жүргізу және реконструкцияға кеткен шығындар есебінен тарифтерді қалыптастыру бұл салаға халықаралық қаржылық институттардың заемдық қаржыларын және жеке инвесторлардың қаржыларын тартуға мүмкіндік береді.

Осы ретте тарифтердің өсуі шаруалардың суға деген шығындарын ұлғайтуға алып келмейді: қолдану көлемі екі кезеңде де төмендейді: реконструкцияланған жүйелерде минималды шығынсыз алқапқа дейін жеткізу, сондай-ақ суару кезінде үнемдеу жүйені қолдану. Алдын ала есеп бойынша суды тұтыну 3-4 есеге дейін төмендейді.

Жеке жағдайларда, суға деген тариф фермерлер үшін қымбат болса, мемлекетпен субсидиялау қарастырылуы мүмкін.

«Агробизнес 2020» бағдарламасының шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тамшылатып және жаңбырлатып суаруға арналған жабдықты сатып алу шығынының бір бөлігін өтеуді болжайтын инвестициялық субсидиялауды мемлекеттік қолдау шарасы қарастырылады.

Жалпы суды тұтынуды төмендету – экологияға қолайлы әсер етеді, сондай-ақ суғаруға ауыл шаруашылығы жерлерінің қосымша алаңдарын тартуға және оның өнімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Баяндамамды түйіндей келе министр болжанатын тәсілдер осы саладағы кәсіпкерлік ортаның жауапкершілігін артыруға, суды үнемдеп және ұтымды пайдалануға шақыратынын атап кетті. Мемлекет өз кезегінде ауыл шаруашылығы мақсаттарына суды ұтымды қолдану жүйесін құруы тиіс.

 

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

8 (7172) 555-765

info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus