Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ауыл жастары алдында сөз сөйледі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ауыл жастары алдында сөз сөйледі

Ауыл жастарын жұмыспен қамту, оған байланысты өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет Ауыл жастарының Халықаралық конгрессі өтті. Оған еліміздің әр түрлі облыстардың ауыл жастары, шетел мемлекеттерінің елшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конгерстің пленарлық отырысында Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков баяндамамен сөз сөйледі.

Министр еліміздегі жоғарғы оқу орындарында ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша 6473 адам, ветеринария – 2614 адам оқитыны жайлы мәлімдеді. Өткен оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын әзірлеуге 2000 білім грант, ветеринарияға- 630 грант бөлінді. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі 70 бірлікке өсті.

Сондай-ақ, Асылжан Сарыбайұлы «Дипломмен ауылға» жобасының жағымды нәтижелерін атап өтті: «Жоба бойынша 2009-2012 жылдары республиканың ауылдық жерлеріне 28 237 маман тартылған, оның ішінде педагогтар, денсаулық сақтау мамандары, ветеринария мамандары. Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 16,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 3,1 млрд. теңге көтермелеу жәрдемақысына және 13,1 млрд. теңге 8 мың несие түрінде тұрғын үй сатып алуға жұмсалды».

Соңында министр ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың перспективасы жайлы айтты.

Мұнымен бірге іс-шара шеңберінде қатысушылар Шемонайха ауданындағы «Камышинское» шаруа қожалығын аралады.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Тел. 555 765

Email: info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus