Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков жұмыс сапарымен Нидерланды Корольдігіне барды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков жұмыс сапарымен Нидерланды Корольдігіне барды

Ү.ж. 23-24 қазанда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков жұмыс сапарымен Нидерланды Корольдігінде болды.

Министр Арнем қ. «Food Valley Expo 2013» ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатысты, «Groen Agro Control» ғылыми-зерттеу және кеңесшілік орталығының қызметімен танысып, беделді Вагенинген ғылыми-зерттеу университетінің объектілерімен қатар, Нидерландыдағы жаппай фермерлік шаруашылық жүргізу үлгісімен танысты.

Асылжан Сарыбайұлы Нидерландыда жетекші болып табылатын, бизнес, ғылым және инновациялық салалар өзара тығыз байланысқан, азық-түлік өндіру мен биологиялық ғылымның ұштасуына толық мүмкіндікті қамтамасыз еткен «Food Valley» (Азық-түлік даласы) ауылшаруашылық кластерінің басшылығымен екіжақты келіссөздер өткізді.

Нидерландтық компаниялардың озық тәжірибесін сараптау, қазақстандық ауыл шаруашылығы секторына ғылыми-техникалық технологияларды енгізу, сондай-ақ екі ел арасындағы ықпалдастықты одан әрі өрбіту мақсатында, Министр «Solynta», «Nizo», «IXL», «TCEgoFour», «Newtricous», «Groen Agro Control» секілді біртоп компаниялардың жетекшілерімен кедесулер өткізді.

Саладағы тәжірибие мен жоғары инвестициялық мүмкіншілігін және екіжақты ынтымақтастықтың үлкен потенциалын назарға ала отырып, голландтық тарап Қазақстанның ауыл шаруашылығы бағытындағы мүмкіндіктері мен ҚР Үкіметімен жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларымен кеңінен таныстырылды.

Екі ел арасындағы кәсіпкерлер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты ұлғайту мен мүмкіншіліктерді практика жүзінде талқылау мақсатында Қазақстан Елшілігімен дөңгелек үстел өткізілді. Оған «КазАгроФинанс» АҚ-ның басшылығы, Нидерландының мүдделі мемлекеттік органдарының және голландтық ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес өкілдері қатысты.

Сапар қорытындысы бойынша қазақстандық тарап ұсынған жобалар негізінде екі елдің бизнес құрылымдарының тиімді өз ара әрекеттесуін   қамтамасыз ету мен бұл бағыттағы екіжақты ықпалдастықты тереңдету аясында уағдаластықтарға қол жеткізілді. 

 

 

ҚР АШМ баспасөз хабарламасы

555 765

mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus