Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Халықаралық эпизоотикалық бюросының Бас сессиясында сөз сөйлеп, осы Ұйымының басшысымен және бірнеше елдің делегацияларының қолбасшылармен келіссөздер өткізді.

Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Халықаралық эпизоотикалық бюросының Бас сессиясында сөз сөйлеп, осы Ұйымының басшысымен және бірнеше елдің делегацияларының қолбасшылармен келіссөздер өткізді.

Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков бастаған қазақстандық делегация 26-28 мамырда Парижде Халықаралық эпизоотикалық бюросының (ХЭБ) Жыл сайынғы Бас сессиясында қатысты. Бүкіл әлемінің ветеринарлары үшін бас іс-шарада ұйымының 178 мүше-мемлекеттерден мыңнан астам өкілдері жиналды.
ХЭБ және делегациялардың басшылары біздің елдің мал шаруашылығы, ветеринарлық таңдаулы практикаларды еңгізу және жалпы аграрлық секторын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар туралы қазақстандық министрінің сөзін жоғары бағалады.
ХЭБ Бас директоры Бернар Валламен кездесуде Астанада Орталық Азияға арналған ящур бойынша Координациялық орталық ашу, елде аймақтық вакциналар банкін құру және мамандарды дайындау мәселелері талқыланды. ХЭБ басшылығының ойынша ветеринариядағы Қазақстанның саясаты аймақтың барлық елдері үшін малдардың қауіпті аурулармен күресу саласында үлгі болып табылады. Біздің ел ХЭБ-тың аймақтағы сенімді және ұзақ мерзімді серіктес болды.
Сапар шеңберінде А.Мамытбеков Елші Н.Даненовпен бірге Францияның Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Филипп Магэнмен келіссөздер өткізді. Ол қазақстан-француз аграрлық серіктестіктің әлеуетін толық ашуға қызығушылықты білдірді. Институционалдық базаны құру, біріккен ауыл шаруашылық жобаларды жылжыту, азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі француздық тәжірибені тарту, Францияның жоғары мектептерінде біздің сарапшыларды оқыту сұрақтары талқыланды.
Сонымен бірге, Министр Француз азық-түлік және қоршаған ортаның санитарлық қауіпсіздігі агенттігінің бас ветеринарлық лабораториялар мен зерттеу орталықтарды қарап шықты.
Министр Елшіліктің ұйымдастыруымен өткен қазақстан-француздық бизнес-семинарға қатысушы француздық агрокәсіпорындар басшылары алдында сөз сөйледі, олардың сұрақтарына жауап берді. Франция аграрийлері Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық, әкімшілік және нарықтық артықшылықтарына үлкен қызығушылық танытты, нақты екіжақты жобаларды талқылады.
Португалияның ауылшаруашылығы министрілгінің Мемлекеттік министрі Нуно Виэйра э Бритумен болған жеке кездесуде А.Мамытбеков екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін Еуроодақ және Кеден Одағы елдерінің нарықтарына шығару жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді. Португалдықтардың қазақстандық бидай, балық өндіру салаларына қызығушылығы байқалды.

Франциядағы ҚР Елшілігі

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus