Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Министрлік Басшылық Евниев Арман Кайратұлы

Евниев Арман Кайратұлы

1968 жылы 21 маусымда Солтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген.
Омбы ауыл шаруашылығы институтын (агрономия), Қарағанды институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген (мемлекеттік басқару).
Еңбек жолын 1990 жылы Солтүстік-Қазақстан облысының Мәскеу ауданының XXV Партсъезд атындағы ауылдың агрономы қызметінен бастады, кейін осы облыстың Темирязев ауданының бас агрономы қызметінде болды.
1994-1999 жылдары – Солтүстік-Қазақстан облысының Мәскеу ауданының XXV Партсъезд атындағы ауылдың директоры, «Новоузенское» ЖШС директоры.
1999-2000 жылдары – Солтүстік-Қазақстан облысының Аққайын ауданының Әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
2001-2002 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппарат секторының кеңесшісі, меңгерушісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппаратында өңірлік даму және экономикалық реформалар жөніндегі Комитеті бөлімінің меңгерушісі.
2002 жылдан бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры.
2005 жылдан бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрі.
2006 ж. ақпанынан бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры.
2006 ж. қыркүйек айынан бастап – «Қазақстан фермерлер одағының» ҚҚ Президенті.
2007 ж. қазан айынан 2008 ж. тамызына дейін – «Оңтүстик» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2008 ж қыркүйегінен 2010 ж. тамызына дейін – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрі.
2008 ж. қараша айынан бастап – Қазақстанның Ұлттық агроөнеркәсіп палатасының орталық кеңесінің төрағасы.
2011 ж. қаңтарынан 2011 ж. маусымына дейін – «Атамекен» одағы» ҚҰЭП басқарма төрағасының орынбасары.
2011 ж. маусымынан 2012 ж. қаңтарына дейін – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2012 ж. наурыз айынан бастап – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Іскерлік кеңес төрағасының орынбасары.
2012 ж. шілде айынан – “МАЖИКО” басқарушы холдингінің” ЖШС бас директоры.
2012 ж. қазан айынан 2013 ж. наурыз айына дейін – Қазақстанның АӨК іскерлік кеңесінің төрағасы.
2013 ж. наурыз айынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшы қызметіне тағайындалды.
Үйленген, 3 қыз бала тәрбилеуде.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus