Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Министрлік Басшылық Омаров Сапархан Кесикбаевич

Омаров Сапархан Кесикбаевич

Омаров Сапархан Кесікбайұлы 1968 жылы 5 мамырда Оңтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген.
1995 жылы Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономика академиясын экономист мамандығын және 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Түркістан құрылыс және жол машиналарын жөндеу зауытында бояушы болып бастаған.
1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
1996-1998 жылдары – Мемлекеттік азық-түлік келісімшарт корпорациясында бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары;
1998-2006 жылдары – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-да басқарма бастығы, департамент директоры, басқарушы директор;
2006 жылы – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның вице-президенті;
2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары;
2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Аумақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
2011 жылдан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болып қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Тыңға 50 жыл» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus