Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Министрлік Басшылық Мырзахметов Асқар Исабекұлы

Мырзахметов Асқар Исабекұлы

1962 жылы 1 қазанда туған. Алматы зооветеринарлық институтын (1984); Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (Мәскеу, 1988); Қазақ менеджмент және маркетинг институтын (Алматы, 1997) бітірген.
Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1988). «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1988 жылдан – БААШҒЗЗ Шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер.
1991 жылдан – «Қазақстан» республикалық биржасы» АҚ вице-президенті.

1994 жылдан – «ТАСМО» инвестициялық коммерциялық орталығының бас директоры.
1995 жылдан – «Агро-Лизинг» АҚ бас директоры.
1999 жылдан – ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі.
2002 жылдан – ҚР ауыл шаруашылық бірінші вице-министрі – ҚР Ауып шаруашылық министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитетінің төрағасы.
2005 жылдан – ҚР ауыл шаруашылық министрі.
2006 жылдан – Өзбекстан Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2007 жылдан – «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы.
2009 жылдан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2015 жылдан – Нұр Отан партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары
2016 жылдың мамыр айынан – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Орта Азия және Қазақстанның Биржалар қауымдастығына, Қазақстан Кәсіпкерлер форумының кеңесіне басшылық еткен, ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі болған.
6 медалмен марапатталған.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus