Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Министрлік Басшылық Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы

Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы

1969 жылы 23 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.
1991 жылы Ет және ет өнімдерінің технологиясы мамандығы бойынша Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технология институтын үздік бітірген, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1996 ж.), философия докторы (PhD, 2010).
Еңбек жолын 1991 жылы тамыз айынан Семейдің ет және сүт өнеркәсібі технология институтының Ет және ет өнімдерінің технологиясы кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған.
1991-1994 жж. – Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технология институтының аспирантурасында оқыған.
1994-1998 жж. – Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технология институтында әр түрлі қызметте болды.
1998-2000 жж. – «Еңбек» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ет және ет өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі бас технологы.
1996-2001 жж. – Мыңбаев атындағы тәжірибелік шаруашылығының мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі ғылыми кеңесшісі, зоотехник-селекционері.
2001-2007 жж. – Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің мал шаруашылығы технологиясы факультетінің декан орынбасары, аға оқытушысы.
2007-2011 жж. – «Сrown Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Мал шаруашылығы және етті қайта өңдеу департаментінің директоры, коммерциялық директоры.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus