Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Министрлік Министрлік туралы

Министрлік туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы – мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығының орнықты дамуы үшін жағдай жасау.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету;
4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
5) өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
6) биологиялық әртүрлілікті сақтау;
7) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру;
8) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру;
9) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру;
10) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында халықаралық ынтымақтасты дамыту;
11) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже

12.12.2014

saitkaz

28.11.2016  

Мекен-жайы:010000, Астана қ, Кенесары көшесі, 36
Кеңсе қызметінің қатынас телефоны: 8 (7172) 555995
факс: 8 (7172) 555995
Cенiм телефоны: 8 (7172) 555-755
e-mail: office@minagri.gov.kz
Банктік деректемелері:ИИК 000120200
БИК 195301070
РНН 600400035905
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus