Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Министрлік Мемлекеттік тіл саясаты

Мемлекеттік тіл саясаты

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңы

»

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 151 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 202-құжат


МАЗМҰНЫ       Ескерту. Мәтiнде “тарау” деген сөздiң алдындағы “I – VI” деген цифрлар тиiсiнше “1 – 6” деген цифрлармен ауыстырылды – Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен. Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: диаспора – өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық); ономастика – тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi; орфография – дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi; топонимика – ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi; транслитерация – бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру; терминологиялық комиссия – экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган; ономастикалық комиссия – географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган; уәкiлеттi орган – тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi – Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.        2-бап. Осы Заңның реттейтiн мәселесi Мемлекеттiк, мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады. Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi.       3-бап. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Тiл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.       4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға; Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.       5-бап. Орыс тiлiн қолдану Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады.       6-бап. Мемлекеттiң тiл жөнiндегi қамқорлығы Қазақстан Республикасының азаматының ана тiлiн қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркiн таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тiлдерiн оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызу жөнiнде қамқорлық жасайды. Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде iс-шаралар өткiзiлген кезде олардың тiлдерi пайдаланылуы мүмкiн.       7-бап. Тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге жол               бермеу Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi. Қазақстанда мемлекеттiк тiлдiң және басқа да тiлдердiң қолданылуына және оларды үйренуге кедергi келтiретiн лауазымды адамдардың iс-әрекеттерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

2 тарау. Тiл – мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында

      8-бап. Тiлдердiң қолданылуы Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады.       9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн.       10-бап. Құжаттама жүргiзу тiлi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қамтамасыз етiледi. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары құжаттаманы мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тiлдерiнде жүргiзуге құқылы.       Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгiзiлдi – Қазақстан Республикасының 2006.06.05. N 146 Заңымен.       11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап                тiлi Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.       12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы                тiл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және әскерилендiрiлген құрамалардың барлық түрiнде, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi.       13-бап. Сот iсiн жүргiзу тiлi Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал, қажет болған жағдайда, сот iсiн жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.       14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi                жүргiзу тiлi Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде жүргiзiледi.       15-бап. Мәмiлелер тiлi Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмiлелерi қажет болған жағдайда басқа тiлдердегi аудармасы қоса берiлiп, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмiлелер мемлекеттiк тiлде және тараптар үшiн қолайлы тiлде жазылады. Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушылары мәмiлелердi мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс және (немесе) ағылшын тiлдерiнде жасасуға құқылы.       Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi – Қазақстан Республикасының 2006.06.05. N 146 Заңымен.

3 тарау. Тiл – бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында

      16-бап. Тiл – бiлiм беру саласында Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тiлдерiнде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi балалар ұйымдарын құру қамтамасыз етiледi. Балалар үйлерiнде және оларға теңестiрiлген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тiлiн жергiлiктi атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгiлейдi. Қазақстан Республикасы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде, ал қажетiне қарай және мүмкiндiгi болған жағдайда басқа да тiлдерде алуды қамтамасыз етедi. Бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тiл мен орыс тiлi мiндеттi оқу пәнi болып табылады және бiлiм туралы құжатқа енгiзiлетiн пәндер тiзбесiне кiредi.       Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi – Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан қараңыз) Заңымен.       17-бап. Тiл – ғылым және мәдениет саласында Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттiк тiл мен орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. Мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi.       18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тiлi Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлдiң, басқа да тiлдердiң қолданылуын қамтамасыз етедi. Қажеттi тiлдiк ортаны жасау және мемлекеттiк тiлдiң толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншiк нысанына қарамастан, теле-, радиоарналар арқылы берiлетiн мемлекеттiк тiлдегi теле-, радиобағдарламалардың көлемi уақыт жағынан басқа тiлдердегi теле-, радиобағдарламалардың жиынтық көлемiнен кем болмауға тиiс. Ескерту. 18-бапқа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР 2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4 тарау. Тiл – елдi мекен атауларында, жалқы есiмдерде, көрнекi ақпаратта

      19-бап. Топонимикалық атауларды, ұйымдардың атауларын                пайдалану тәртiбi Елдi мекендердiң, көшелердiң, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектiлердiң дәстүрлi, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тiлдерде транслитерация ережелерiне сәйкес берiлуге тиiс. Мемлекеттiк ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiледi. Бiрлескен, шетелдiк ұйымдардың атаулары мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде транслитерация арқылы берiледi.       20-бап. Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу Кiсi есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес келуге тиiс.       21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады. Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады. Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады. Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс. Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi. Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.       22-бап. Тiл – байланыс саласында Қазақстан Республикасының шегiнде байланыс саласында мемлекеттiк тiлдiң және орыс тiлiнiң қолданылуы қамтамасыз етiледi. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге почта-телеграф жөнелтiлiмдерi белгiленген халықаралық ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда – Қазақстан Республикасының 2008.11.21 N 89-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-баптан  қараңыз) Заңымен.

5 тарау. Тiлдi құқықтық қорғау

      23-бап. Тiлдi мемлекеттiк қорғау Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiл және барлық басқа тiлдер мемлекеттiң қорғауында болады. Мемлекеттiк органдар бұл тiлдердiң қолданылуы мен дамуына қажеттi жағдай жасайды. Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Мемлекеттiк бағдарламамен қамтамасыз етiледi. Мемлекеттiк тiлдi белгiлi бiр көлемде және бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бiлуi қажет кәсiптердiң, мамандықтардың және лауазымдардың тiзбесi Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленедi. Қазақстан Республикасының Үкiметi терминологиялық және ономастикалық комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады.       Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгiзiлдi – Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.        24-бап. Тiл туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергi келтiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады.       Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi – Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.        25-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi Уәкiлеттi орган: 1) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 2) тiлдердi қолдану мен дамыту бағдарламасын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi; 3) орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi; 5) тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi қызметтiң ақпараттық, әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн ұйымдастырады; 6) терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметiн үйлестiредi; 7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мiндеттi ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерiн, тексерулер жүргiзудiң жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi; 8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.       Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi – ҚР 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап күшiне енедi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.       25-1-бап. Ономастикалық комиссияның құзыретi 1. Республикалық ономастикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Yкiметi: 1) Қазақстан Республикасының Президентiне облыстардың, аудандар мен қалалардың атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар енгiзу; 2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне өз құзыретi шеңберiндегi табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар енгiзу мақсатында құрады. 2. Облыстық ономастикалық комиссияларды облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары: 1) ауылдардың (селолардың), кенттердiң, ауылдық (селолық) округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту; 2) облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберiндегi табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау мен енгiзу мақсатында құрады. 3. Қалалық ономастикалық комиссияларды: 1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары: қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, парктердiң, саябақтардың, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiнiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту; республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi шеңберiндегi табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсiптiк және өзге де объектiлердiң атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгiзу мақсатында құрады; 2) облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, парктердiң, саябақтардың, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамдас бөлiктерiнiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгiзу мақсатында құрады.       Ескерту. 25-1-баппен толықтырылды – Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен. 25-2-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы: 1) тiлдердi қолдану мен дамытудың өңiрлiк бағдарламасын әзiрлеп, бекiтедi және оның орындалуын қамтамасыз етедi; 2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасайды, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзедi; 4) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады; 5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) ономастикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi; 6) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.       Ескерту. 25-2-баппен толықтырылды – ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерiс енгiзiлдi – 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының құзыретi Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы: 1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында тiлдердi қолдану және дамытудың өңiрлiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлейдi және оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; 2) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық (облыстық маңызы бар қала) деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi; 3) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың (селолардың), кенттердiң, ауылдық (селолық) округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi; 4) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.       Ескерту. 25-3-баппен толықтырылды – ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi), өзгерiс енгiзiлдi – 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен. 25-4-бап. Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Ескерту. 25-4-баппен толықтырылды – ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.       26-бап. <*>       Ескерту. 26-бап алынып тасталды – Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi) Заңымен.

6 тарау. Тiлдi шет елдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану

      27-бап. Тiл – халықаралық қызметте Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады. Екiжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттiк тiлдерiнде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленген тiлдерде жасалады. Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi.       Қазақстан Республикасының       Президентi

 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі мемлекеттік тіл саясаты туралы ақпарат

»

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі мемлекеттік тіл саясаты туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі (бұдан әрі – Министрлік) тіл саясаты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілді дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргізілуде: – Министрліктің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 12-1/131 бұйрығымен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілген. – Қазіргі таңда Министрлікте жеке және заңды тұлғалардың өзге тілдегі өтініштеріне жауап хаттардан басқа барлық шығыс хат-хабарлар тек мемлекеттік тілде жолданады. Бұл ретте, мемлекеттік тілдегі мәтін бланкіге басылып, орыс тіліндегі мәтін қажет болған жағдайда тек қосымша ретінде беріледі. – Министрліктің сыртқы және ішкі құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мәселен, Министрлікте 01.06.2015ж. жағдай бойынша жалпы хат-хабарлар саны 28 331 бірлікті құраса, оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар 26 855 немесе 94,7%-ды құрайды (01.06.2014ж. – 93,6%). – Министрліктегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту мақсатында 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 11-1/493 бұйрықпен Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі басқарма құрылды. – қазақ тілін білу деңгейін тексеру мақсатында Министрлік қызметкерлері 2015 жылғы 26-27 мамыр күндері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеуден өткізілді, оған 154 қызметкер қатысты, ал 2014 жылы 201 қызметкер ҚАЗТЕСТ тапсырған болатын. Биыл ҚАЗТЕСТ қорытындысы бойынша төмен нәтиже көрсеткен қызметкерлерді мемлекеттік тілге оқыту жоспарланып отыр. – Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесіне мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлес салмағына қатысты «Мемлекеттік тілді қолдану» өлшемі енгізілді. Яғни, құрылымдық бөлімшелер қызметінің тиімділігі мемлекеттік тілде әзірленген ішкі және сыртқы хат-хабарлар санына қарай да бағалануда. – Ерекше атап өтерлік жайт, Министрлік ғимаратындағы лифттің қызмет көрсету тілі мемлекеттік тілге көшірілді. Яғни, лифттің қай бағытта (жоғары-төмен) қозғалатыны, қай қабатқа келгені, адам санының шамадан тыс толғаны туралы және т.б. ақпарат мемлекеттік тілде хабарланады. – Сонымен қатар, Министрліктің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 11-6/21 бұйрығымен Құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері дайындаған құжаттардың мәтіндерін редакциялау қағидалары әзірленді, оған сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, құжаттарды, хаттарды Министрлік қызметкерлері мемлекеттік тілде өздері дайындайды, ал тіл мамандары оларды дайындауға әдістемелік көмек көрсетеді және редакциялаумен айналысады. Бұл өз кезегінде қызметкерлердің тілді үйренуіне, іс-қағаздарын өз бетінше дайындауына ықпал етуде. – Министрлік ғимаратындағы барлық көрнекі ақпараттар, маңдайша жазулары, стендтер тек мемлекеттік тілде орналасқан және барлық алқа мәжілістерін, аппараттық кеңестерді, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді қолдану жолға қойылып келеді (жылдың басынан 1 алқа мәжілісі, 3 мерекелік, 1 спорттық шара өткен. Барлығы мемлекеттік тілде өткізілді). – Министрлікте «Мемлекеттік тіл кабинеті» ашылып, тіл үйренуге қажетті материалдармен жабдықталған. – Министрлік мамандарының жеке компьютеріне мемлекеттік тілді үйренуге арналған бағдарламалар, оқу құралдары, сөздіктер орнатылған. Яғни, тіл үйренемін деген маманға барлық жағдай жасалған. – Министрліктің 220 орындық мәжіліс залы синхронды аударма жүйесімен қамтамасыз етілген. – Министрліктің ресми веб-сайтында «Мемлекеттік тіл саясаты» бөлімі ашылған, ол тіл туралы ақпараттармен толықтырылып тұрады. – Министрліктің2015 жылғы26 қаңтардағы № 11-6/38 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия құрылды. Комитеттер мен департаменттердегі мемлекеттік тілдің жай-күйі тоқсан сайын аталған комиссияның отырыстарында қаралатын болады. – Министрліктің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 11-6/341 бұйрығымен Салалық терминологиялық жұмыс тобының жаңа құрамы бекітілді, Жұмыс тобы ауыл шаруашылығы саласында дұрыс аударылмай, бірізге түспей жүрген терминдерді талқылап, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық терминологиялық комиссияға бекітуге ұсынып келеді. мәселен, ағымдағы жылдың мамыр айында аталған Жұмыс тобы 21 салалық терминді бекітуге ұсынды; – ауыл шаруашылығы саласындағы сөздер мен терминдердің 3 томдық сөздігі «Елорда» баспасынан басып шығарылды; – Министрліктің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 11-6/489 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 4 Комитет пен 26 ведомстволық бағынысты ұйымда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысын зерделеу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта Министрлік тарапынан мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 –2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары

»

 

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы

»

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы


«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi – Бағдарлама) бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн; 2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.       Қазақстан Республикасының       Президентi                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн негiз Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттiк бағдарламалардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бiрлiгi доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi
Бағдарламаны әзiрлеу үшiн жауапты мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi
Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн жауапты мемлекеттiк органдар Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар
Бағдарламаның мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты
Мiндеттерi Мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау; мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру; мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесiн арттыру; мемлекеттiк тiлге сұранысты арттыру; қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу; тiл мәдениетiн жетiлдiру; коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi; Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау; ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену
Iске асыру мерзiмi 2011 – 2020 жылдар бiрiншi кезең: 2011 – 2013 жылдар екiншi кезең: 2014 – 2016 жылдар үшiншi кезең: 2017 – 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар Мыналарды: мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай –  53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%); тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%); республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай – 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15 %-ға дейiн) ұлғайту.
Қаржыландыру көздерi мен көлемi 2011 – 2020 жылдары Бағдарламаны iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн iске асыруға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгенi құрайды. 2011 – 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

Кiрiспе

Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттiк бағдарламалардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына; Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бiрлiгi доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007 – 2010 жылдарға арналған  тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi. Iске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елiмiзде қалыптасқан тiл құрылысын талдауға негiзделген, тiл мәселелерiмен айналысатын сарапшылар қауымының пiкiрлерi мен ұсыныстары ескерiле отырып әзiрленген. Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде 30-дан астам шет елдiң мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерiнiң құқықтық реттеу тәжiрибесi зерделендi. Бұл құжат қоғамдық өмiрдiң барлық саласында тiлдердi дамыту мен қолдану және мемлекеттiк тiлдi кең ауқымды қолдану үшiн жағдай жасауға байланысты өзектi проблемаларды шешудiң нормативтiк-ұйымдастырушылық негiзi болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрудiң басты факторы болып табылатын қазақ тiлiнiң одан әрi дамуы үшiн барлық күш-жiгерiмiздi салуымыз керек. Сонымен бiрге елiмiзде тұратын барлық халықтардың өкiлдерi ана тiлдерiнде еркiн сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын. Ел бiрлiгi доктринасында мемлекеттiк тiл ұлттық және рухани бiрлiктiң басты факторы, негiзгi басымдығы ретiнде айқындалған. Оны меңгеру әрбiр Қазақстан азаматының парызы мен мiндетi саналып, жеке өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi мен қоғамдық өмiрге араласуының белсендiлiгiн айқындайтын ынталандырушы тетiк болуға тиiс. Бағдарламада белгiленген мақсаттар мен мiндеттер Бағдарламаны iске асырудың барлық кезеңiне арнап уәкiлеттi мемлекеттiк орган әзiрлейтiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Iс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаға қатысты барлық iс-шаралар Конституцияның 7-бабына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына барынша сәйкес түзiлген. Бағдарламаны iске асырудың нәтижелi болуы жоспарланған iс-шараларды iске асырудың тиiмдiлiгiне қол жеткiзу үшiн қажеттi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру және негiзгi бағдарламалық iс-шараларды мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына кiрiктiру жолымен қамтамасыз етiлетiн болады. Сонымен қатар, бұл шаралардың практикалық нәтижесiне қол жеткiзу үшiн барлық мемлекеттiк органдар мен шаруашылық субъектiлерi, оның iшiнде ұлттық компаниялар мен қаржылық ұйымдар күш жұмылдыруға тиiс.

Қазiргi ахуалды талдау

Тәуелсiз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтiк-лингвистикалық кеңiстiк құру тiл саясатын кезең-кезеңмен iске асыру арқылы жолға қойылып отыр. 1997 – 2000 жылдары «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тiлдердi қолдану мен дамытудың 1998 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының бекiтiлуiне орай қоғам өмiрiнiң негiзгi салаларында тiл құрылысының құқықтық негiзi қалыптаса бастады. 2001 – 2010 жылдары Тiлдердi қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында тiл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту және нығайту, орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау, Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тiлдiң үш тұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасын iске асыру жұмысы басталды.       Бағдарламаны iске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тiл құрылысының келешекпен сабақтас негiзiн қалады: – мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымы елеулi түрде кеңейдi: қазақ тiлiнде оқытатын балабақшалар – 1178 (2001 жылмен салыстырғанда 876-ға өскен), мектептер – 3821 (2001 жылмен салыстырғанда 173-ке артты), 101 мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы құрылды; – iс қағаздарын жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру процесi белсендiлiкпен iске асырылып келедi (мемлекеттiк органдардағы қазақ тiлiндегi құжаттардың үлес салмағы шамамен 67 %-ды құрайды); – мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiстемелiк базасы әзiрлену үстiнде (көп деңгейлi оқу-әдiстемелiк кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлi сөздiк, жалпы таралымы 260 мың дана екi және үштiлдi 8 салалық сөздiк жарық көрдi); – мемлекеттiк тiлдi меңгеру процесiне жаңа ақпараттық технологияларды енгiзу мақсатында интернет-портал құрылып, тұрақты түрде жаңартылып отырады (сервистiң 20-дан астам түрi, әлемнiң 50 елiн қамтитын белсендi тұтынушылар аудиториясы бар); – мемлекеттiк тiлдiң коммуникативтiк қызметi нығаюда (мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрi – БАҚ) контентiнде қазақ тiлiндегi хабарлардың көлемi, сонымен қатар баспасөздегi мемлекеттiк тiлдiң үлесi 50 %-дан жоғары); – шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөнiндегi жұмыстар жоспарлы түрде жүргiзiлуде; – Қазақстанда тұратын этностардың тiлдерiн мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi жүйесi құрылды (жалпы бiлiм беретiн 7516 мектептiң 1524-i орыс тiлiнде, 58-i өзбек тiлiнде, 14-i ұйғыр тiлiнде, 2-еуi тәжiк тiлiнде оқытады, 2097-сi – аралас мектептер; 2261 мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемесiнiң 272-сi орыс тiлiнде, 3-еуi басқа тiлдерде оқытады, екi тiлде оқытатын мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының саны – 808; этномәдени бiрлестiктердiң 190 жексенбiлiк мектебiнде 30 этностық топ ана тiлiн үйренуде; Қазақстандағы 50 театрдың 9-ы аралас тiлде, 15-i орыс тiлiнде, 1-еуi – корей, 1-еуi – немiс, 1-еуi – өзбек және 1-еуi ұйғыр тiлдерiнде). Алдағы онжылдықтағы (2011 – 2020 жылдардағы) тiл құрылысының қисыны елiмiзде бiрқатар проблемалы аспектiлердiң бар болуымен байланысты.       Қоғамдағы мемлекеттiк тiлдi меңгерудiң әркелкi деңгейi. Бұл  проблемалы аспект мемлекеттiк тiлдi оқытудың бiрыңғай әдiснамасы мен стандарттарының, қазақ тiлi оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейiнiң төмендiгiмен, қазақ тiлiн оқыту инфрақұрылымы қызметiнiң бiрыңғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттiк тiлдi меңгеру процесiн ынталандыру және мониторинг жасау жүйесiнiң болмауымен тiкелей байланысты.       Елдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк кеңiстiгiне мемлекеттiк тiлдiң жеткiлiксiз енгiзiлуi. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында  мемлекеттiк тiлдi белсендi қолдану аясының кеңеюiне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологиялардың тiлi ретiнде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесiн арттыру, оны отбасы құндылығы ретiнде таныту сияқты мәселелердiң маңызды тiзбесi проблемалы болып табылады, сондай-ақ тiл саласындағы кейбiр келеңсiз дақпырттар мен таптаурын пiкiрлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр.       Қазақстан қоғамындағы тiл мәдениетiнiң төмендеуi. Аталған аспект бойынша, терминология, антропонимика және ономастика салаларындағы проблемалар, сөйлеу мәдениетi мен жазу жүйесiн жетiлдiру қажеттiлiгi, сондай-ақ толерантты тiлдiк орта құру мәселесi лингвистикалық кеңiстiктiң одан әрi дамуы жолында айтарлықтай қиындықтар туындатып отыр.       Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту  қажеттiлiгi. Бұл аспектiде қазақстандықтардың бәсекелестiк басымдығы ретiнде орыс тiлiн меңгеру деңгейiн сақтауға, Қазақстан мәдениетiнiң тiлдiк әралуандығын қалыптастыратын этностардың тiлдерiн дамыту үшiн жағдай жасауға және халықаралық iскерлiк қарым-қатынас құралы ретiнде  ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы бар. Осы проблемаларды шешудiң және нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiрудiң басым қажеттiлiгi бағдарламаның мынадай мақсаттары мен мiндеттердi көздейдi.

Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және оны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты. Бағдарламалық мақсаттар: 1) мемлекеттiк тiл – ұлт бiрлiгiнiң басты факторы; 2) мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзу; 3) дамыған тiл мәдениетi – зиялы ұлттың әлеуетi; 4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту. Нысаналы индикаторлар: мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi («Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi бойынша емтихан тапсырудың нәтижесi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесi (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесi (2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%); тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық  қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%); республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2020 жылға қарай – 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15%). Мiндеттер: 1) мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау; 2) мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту; 3) мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру; 4) мемлекеттiк тiлдi қолдану мәртебесiн арттыру; 5) мемлекеттiк тiлге сұранысты арттыру; 6) қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу; 7) тiл мәдениетiн жетiлдiру; 8) коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi; 9) Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау; 10) ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену. Нәтижелер көрсеткiштерi: мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде оқытылатын қазақ тiлi пәнi оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес); он-лайн режимi арқылы қашықтан қол жеткiзу мүмкiндiгiн пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтары оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралардың үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 90%); аккредиттеуден өткен Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының үлесi (2014 жылға қарай – 30%, 2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); Қазақ тiлiн тiлдi оқытатын орталықтарда оқитындар санының өсуi (2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кемiнде 30%, 2017 жылғы өсiм кемiнде 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк тiлдi бiлудiң «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi бойынша сертификат алған мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi (2017 жылға қарай кемiнде 50%, 2020 жылға қарай 100%); мемлекеттiк тiлдi бiлудiң «Қазтест» бағдарламасы бойынша сертификат алған мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi (2017 жылға қарай кемiнде 50%, 2020 жылға қарай 100%); мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына бағытталған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың үлесi (жыл сайын кемiнде 10%); мемлекеттiк БАҚ эфирiндегi мемлекеттiк тiлдегi жаңа телевизиялық жобалар санының өсуi (жыл сайын 10%); мемлекеттiк тiлде шығатын баспа БАҚ қолдауға бағытталған мемлекеттiк ақпараттық тапсырыстың үлесi (жыл сайын кемiнде 50%); көрнекi ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңiрлердi қамту дәрежесi (2014 жылға қарай – 30%, 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%); тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 100%); ана тiлдерiн үйретуге арналған әдiстемелiк көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бiрлестiктерi бар этностардың үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%); орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тiлдерiн үйрету мақсатымен қызметiн ұсынатын мемлекеттiк тiл оқыту орталықтарының үлесi (2014 жылға қарай – 50%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 100%).

Бағдарламаның негiзгi бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар

Бiрiншi бағыт – мемлекеттiк тiлдi меңгеру Мақсаты: «Мемлекеттiк тiл – ұлт бiрлiгiнiң басты факторы» Нысаналы индикаторлар: мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi («Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау бойынша емтихан тапсыру нәтижелерi бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесi (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%). Бағдарламаның бiрiншi бағытын iске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеру жүйесiн құру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру көзделедi. Бұл жүйенiң өзегiнде үшқұрамды негiз бар – мемлекеттiк тiлдi оқыту әдiснамасын жетiлдiру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттiк тiлдi меңгеру процесiн ынталандыру. Аталған тәсiл бiрiншi бағыттың үш мiндетiн айқындайды. 1. Мемлекеттiк тiлдi оқыту әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау Қазақ тiлiн оқыту әдiснамасын жетiлдiру үшiн ең алдымен, оқытудың тиiстi стандарттарын жетiлдiру және үздiксiз бiлiм беру моделiн жасау арқылы мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн бағалау жүйесiн енгiзу қарастырылып отыр. Көпдеңгейлi стандарт арқылы тiлдi А1-А2 деңгейлерi бойынша қарапайым түрде пайдалану, тiлдi В1-В2 деңгейлерi бойынша өз бетiнше пайдалану және тiлдi С1-С2 деңгейлерi бойынша бiлiктiлiкпен пайдалану  көзделуге тиiс. Құрылған стандартты жүйенiң негiзiнде мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамалық негiзiн дайындау, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн де әзiрлеу көзделедi. Осы шаралар мемлекеттiк тiлдi бастауыш сыныптарындағы оқушылардың А1 деңгейiнде, орта буындағы оқушылардың А2 деңгейiнде, мектептiң жоғары сынып, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк бiлiм беру мекемелерi оқушыларының В1 деңгейiнде, жоғары оқу орны студенттерiнiң В2 деңгейiнде, жоғары оқу орнынан кейiн бiлiм алатындардың С1 деңгейiнде игеруiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұған қоса, тiлдi меңгеру үлгiлерiн жетiлдiру мен жаңғырту көзделедi. Қазақ тiлi толыққанды күнделiктi қызметтiк және кәсiптiк қарым-қатынас тiлiне айналуға тиiс. Үздiксiз бiлiм беру моделi арқылы қазақ тiлiн оқытудың стандарты негiзiнде шығармашылық педагогикалық iзденiстiң және оқытудың жаңа әдiстемелерiн әзiрлеудiң тұрақты процесi сөзсiз қажеттiлiкке айналатын болады.       Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тiлi оқытушыларын оқыту және олардың бiлiктiлiгiн арттыру құрылатын жүйенiң қажеттi құрамдас бөлiгi болып табылады. Мамандарды жоғары сапалы деңгейде оқыту iсiн жүргiзуге ұйымдастырушылық және әдiстемелiк мүмкiндiгi бар ғылыми-бiлiм беру орталықтары санының аздығына байланысты қашықтан оқыту жүйесiн кеңiнен енгiзу көзделедi. 2. Мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеру жүйесiнiң ең қажеттi екiншi құрамдас бөлiгi – қазақ тiлiн оқыту орталықтарының аккредиттелген желiсiн құру болып табылады. Қазақ тiлiн оқытуға арналған осы орталықтар оқу орындарын бiтiрген Қазақстанның ересек азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеруiнiң инфрақұрылымдық базасына айналуға тиiс. Аталған бағытты жүзеге асыру Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының бiлiм беру қызметiне мiндеттi талаптарды енгiзудi көздейдi. Бұл үшiн, ең алдымен, орталықтардың бiлiм беру қызметiне қойылатын талаптарды енгiзу үшiн құқықтық базаны, сондай-ақ мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарын осы талаптарға сәйкес аккредиттеудi жүзеге асыру үшiн құқықтық негiздi жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау. Сонымен қатар, мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының қызметiн рейтингтiк бағалау жүйесiн енгiзу қарастырылады. Орталықтардың рейтингiн жасауға орталық тыңдаушыларының «Қазтест» бағдарламасы бойынша емтихан тапсыру нәтижелерi туралы шынайы мәлiметтер негiз болады. Рейтинг мәлiметтерi қоғам үшiн де, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялау үшiн де қолжетiмдi болмақ. Рейтинг жүйесiн енгiзу үшiн мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтары қызметiне рейтингтiк бағалау жүргiзудiң құқықтық негiзi мен әдiснамасын әзiрлеу қажет. 3. Мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру Қойылған мақсатқа қол жеткiзудiң үшiншi мiндеттi құрамдас бөлiгi мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру және мониторинг жүргiзу жүйесiн құру болып табылады. Аталған мiндеттi мемлекеттiк қызметшiлердiң, мемлекеттiк қызмет көрсету, сондай-ақ халыққа қызмет ұсыну саласындағы ұйымдардың қызметкерлерiнiң (банктер, сауда ұйымдары, қызмет көрсету саласы және тағы басқалары) қазақ тiлiн бiлу деңгейiне қойылатын ең төменгi талаптарды айқындау арқылы iске асыру көзделедi. Аталған шара мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiне қойылатын талаптарды бекiтетiн құқықтық базаны әзiрлеудi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн оқыту жүйесiн ұйымдастыруды қажет етедi. Сонымен қоса «Қазтест» бағдарламасының негiзiнде бiлiм деңгейiн жыл сайын бақылаудың жыл сыйынғы жүйесiн енгiзу көзделедi.       Бiлiм беру жүйесiнiң барлық сатыларында мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейiн бағалау және бақылау жүйесiн жетiлдiру мәселесiн пысықтау көзделедi. Қазақ тiлi мемлекеттiк аралық бақылау (МАБ) мен ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (ҰБТ) қажеттi және мiндеттi құрамдас бөлiгiне айналуға тиiс.       Қазақ тiлiн үйренуге мүдделi барлық тұлғаларға кеңiнен мемлекеттiк қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының жанынан бiлiм деңгейi бойынша тегiн курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттiк-жекеше серiктестiк әдiстерiн қолдану қарастырылған. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық түрлерi мен әдiстемелерiн әзiрлеу арқылы қазақ тiлiн қашықтан оқытуды кеңiнен енгiзу көзделедi. Шетелдегi қазақ диаспорасының өкiлдерiне ана тiлiн меңгеру үшiн саяси-дипломатиялық, әдiстемелiк және ұйымдастырушылық қолдау көрсетiлетiн болады. Сонымен қатар отандастар мәселелерi бойынша сараптамалық және зерттеу жұмыстарының жүйесiн ұйымдастыру көзделедi. Нәтижелер көрсеткiштерi: мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде оқытылатын қазақ тiлi оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес); он-лайн режимi арқылы қашықтан қол жеткiзу мүмкiндiгiн пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтары оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралардың үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 90%); аккредиттеуден өткен мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының үлесi (2014 жылға қарай – 30%, 2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарында қазақ тiлiн мемлекеттiк қатысу тұрғысынан оқитындар санының өсуi (2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылғы өсiм 30 %-дан кем емес, 2017 жылғы өсiм 70 %-дан кем емес, 2020 жылға қарай – 100%); «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тiлдi бiлу сертификатын алған мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi (2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%); «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тiлдi бiлу сертификатын алған, мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi (2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%). Екiншi бағыт – мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және оның пайдаланылу аясын кеңейту Мақсаты: «Мемлекеттiк тiлдiң көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзу» Нысаналы индикаторлар: мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесi (2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%). Екiншi мақсатқа қол жеткiзудiң алгоритмi арқылы мемлекеттiк тiлдiң беделiн арттыру мен қолданылу аясын кеңейту жөнiндегi жұмысты жүзеге асыруды көздейдi. 1. Мемлекеттiк тiлдi қолдану мәртебесiн арттыру Бұл мiндеттi iске асыруға қоғамдық санада мемлекеттiк тiлде сөйлеушiнiң беделдi бейнесiн қалыптастыру және орнықтыру арқылы қол жеткiзiледi. Осы бағыттағы негiзгi рөлге PR-технологиялар ие болады. Бұл үшiн мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және насихаттау жөнiндегi арнайы жұмыстарды ұйымдастыру көзделедi. Нысаналы аудиториялардың негiзгi ерекшелiктерiн ескере отырып, бiрқатар үлгi тұтарлық бейнелер мен модельдердi әзiрлеу негiзiнде мемлекеттiк тiлде сөйлеушiнiң беделдi бейнесiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысқа табысқа жеткен, мәртебелi тұлғаларды, оның iшiнде мемлекеттiк және басқа да тiлдердi бiлетiн өзге ұлт өкiлдерiн тарту көзделедi. Аталған жұмыстар жиынтығы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде сөйлеушiнiң беделдi бейнесiн қалыптастыру процесiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс тетiгi мен мемлекеттiк ақпараттық тапсырыс негiзiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үкiметтiк емес сектордың шығармашыл әлеуетiн тартуды талап етедi. Жоспарланып отырған шаралар қатарында Интернеттi қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрiнде мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзетiн үлгi тұтарлық бейнелердi медиалық ротациялау, көпшiлiкке арналған мерзiмдi басылымдарды шығаруды, негiзгi нысаналы аудиториялар үшiн көрнекi және имидждiк өнiмдер шығара отырып, көрнекi үгiт құралдарының PR iс-шаралар кешенiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу жөнiндегi жұмысқа бiрлескен акциялар өткiзу арқылы мемлекеттiк-жекеше серiктестiк әдiстерiн тарту көзделедi.       Мемлекеттiк тiлдi отбасы құндылығы ретiнде көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу аталған жүйенiң маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақ тiлiнде сөйлейтiн, оның iшiнде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын және шетел диаспорасы өкiлдерiн PR жұмысына тарту арқылы мемлекеттiк тiлдi отбасындағы қарым-қатынас тiлi ретiнде көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу жөнiнде ауқымды науқан ұйымдастыру көзделедi. Сонымен қатар қоғамдық пiкiр көшбасшыларын тарта отырып, ақпараттық-идеологиялық сипаттағы шаралар кешенiн – ақпараттық және қоғамдық науқандар, iрi қоғамдық қозғалыстар, акциялар мен жобалар ұйымдастыру талап етiледi. Қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру жөнiндегi жұмыстардың маңызды элементiнiң бiрi – мемлекеттiк тiлдi қолдану мәселелерiндегi ұнамсыз таптаурындарды бейтараптандыру көзделедi. Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттiк тiлдi пайдалану мен қолдану саласындағы ұнамсыз таптаурын пiкiрлердi алдын ала анықтау жөнiнде зерттеу-талдау қызметiн жүргiзу, қажеттi шаралар кешенiн айқындау арқылы жолға қойылады. Үкiметтiк емес сектор мен масс-медиа әлеуетi мемлекеттiк тiлдi қолдану саласындағы жағымсыз аспектiлердi қоғамдық айыптау тетiктерiн қалыптастыру жөнiндегi жұмыстың негiзгi ресурсына айналуға тиiс. 2. Мемлекеттiк тiлге сұранысты арттыру Қойылған мақсатқа қол жеткiзудiң екiншi мiндетi мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тiршiлiгiнiң барлық саласына кiрiктiру болып табылады. Осы бағытта мемлекеттiк тiлде хабар тарататын жаңа телевизиялық арналар құру арқылы тiлдiк ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлiн күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгiзу арқылы айрықша мүмкiндiктер ашылады. Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қазақ тiлiндегi контенттi кеңейту, арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, фильмдер түсiру арқылы мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетiн белсендi пайдалану көзделедi. Сондай-ақ қазақ тiлiндегi интернет-ресурстарды мемлекеттiк қолдау жүйесi арқылы қазақ тiлдi БАҚ-тарға жүйелi қолдау көрсету де маңызды аспект болып саналады. Қоғамдағы тiл мәдениетiн тiкелей қалыптастыратын адамдар ретiнде БАҚ қызметкерлерiне қойылатын мiндеттi тiлдiк бiлiктiлiк талаптарын енгiзу ерекше рөлге ие болады. Сонымен бiрге, аталған бағытта мемлекеттiк тiлдi ғылым, заңнамалық актiлер және жаңа технологиялар тiлi ретiнде дамыту шаралары көзделедi. Осы ретте дәстүрлi және инновациялық тәсiлдер негiзiнде өзiндiк ғылыми-технологиялық тiлдiк базаны қарқынды дамыту барынша өзектi болып саналады. Энциклопедияларды, ғылыми-публицистикалық, iскерлiк, көркем және басқа да әдебиеттердi түпнұсқа тiлiнен қазақ тiлiне аудару iсiн ұйымдастыру және көп таралыммен шығару мемлекеттiк тiлдiң қазiргi қолданбалы ғылым тiлi ретiндегi рөлiн барынша күшейтуге мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге, «электрондық үкiмет» шеңберiнде электрондық қызмет көрсетудiң барлық деңгейiнде қазақ тiлiнiң қолданылуын жандандыра түсу көзделедi.       Қазақ тiлiнiң халықаралық қарым-қатынас, демалыс және ойын-сауық саласында қолданылуын кеңейте түсу де көзделiп отыр. Мәдениет мекемелерiнiң репертуарларын қазақ тiлiндегi жаңа контентпен толықтыру қажеттiлiгi мемлекеттiк тiлдегi жаңа қойылымдарды және жобаларды, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiм көрермендер аудиториясына лайықталған шығармаларды туындату үшiн шығармашыл әлеуеттi ынталандыруға арналған конкурстық шараларды ұйымдастыру және өткiзудiң мiндеттерiн айқындап бердi. Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшiлiк шараларды өткiзген кезде мемлекеттiк тiлдi кеңiнен қолдану сөзсiз қажеттiлiкке айналуға тиiс. Халықаралық кездесулер өткiзiп, шарттарды, келiсiмдердi және өзге де халықаралық актiлердi ресiмдеу кезiнде мемлекеттiк тiл негiзгi тiл болуға тиiс. Этнотуристiк iс-шараларды (мәдени-этнографиялық ескерткiштерге саяхат, скаутинг, балалардың этносаяхаттары және жазғы этнолагерьлер) ұйымдастырған кезде мемлекеттiк тiлдiң әлеуетiн белсендi пайдалану өте өзектi болып саналады. Нәтижелер көрсеткiштерi: мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың үлесi (жыл сайынғы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыруға бөлiнетiн қаражаттың жалпы көлемiнiң 10 %-ынан кем емес); мемлекеттiк БАҚ эфирiнде мемлекеттiк тiлдегi жаңа телевизиялық жобалар санының өсуi (жыл сайынғы телевизиялық жобалардың жалпы санының – 10 %-ы); мемлекеттiк тiлде шығатын баспасөздi қолдауға бағдарланған мемлекеттiк ақпараттық тапсырыстың үлесi (жыл сайын 50 %-дан кем емес). Үшiншi бағыт – қазақстандықтардың тiл мәдениетiнiң деңгейiн арттыру Мақсаты: «Дамыған тiл мәдениетi – зиялы ұлттың әлеуетi» Нысаналы индикаторлар: тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%). 1. Қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу Аталған бағытты iске асыру арқылы ең алдымен, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауларын жүйеге келтiрудi қамтамасыз ету көзделедi. Ономастика саласындағы жұмысты жетiлдiру арқылы, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргiзген кезде ашықтық қағидаттарын енгiзу, қоғамдық пiкiрдi ескеру, шешiмдердi қабылдау процесiне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңiнен тарту көзделедi. Бұл нәтижеге қол жеткiзу үшiн ономастика саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiре түсу, сондай-ақ географиялық объектiлердiң атауларын мемлекеттiк тiлде жазу, оны орыс және басқа да тiлдерде транслитерациялаудың ережелерiн әзiрлеу талап етiледi.       Антропонимикалық атауларды және көрнекi ақпараттарды сәйкестендiрудi жүзеге асыру мемлекеттiк тiлде антропонимикалық белгiлеулердi жазу мен сәйкестендiру жөнiндегi бiрыңғай талаптарды әзiрлеудi, сондай-ақ көрнекi ақпаратты көркем ресiмдеу туралы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi талап етедi.       Терминологиялық лексиконы бiрiздендiру, терминологиялық қорды толықтыру жөнiндегi мiндет өте өзектi болып саналады. Қазақ терминологиясын жүйелеу жөнiндегi жаңа талаптарды әзiрлеу, терминдердi және атауларды негiзгi қағидаларға, қазақ тiлiнiң жазу нормаларына сәйкес ретке келтiру жұмыстары қажеттi шаралар болып есептеледi. Аталған жұмыс әлемдiк тәжiрибенi, туыстас тiлдердiң үлгiлерiн, халықаралық терминдердi және терминологиялық атауларды пайдалану арқылы, сондай-ақ жаңадан бекiтiлген терминдердi бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану жиiлiгiне тұрақты мониторинг жасау жағдайында жүргiзiлуге тиiс. Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тiлдiк тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография жөнiндегi арнайы жұмыстарды жүргiзудi талап етедi. Сонымен қатар салалық терминологияның бiрыңғай электрондық базасын құрып, қазақ терминологиясының жалпы қорын жасап, веб-сайттар мен порталдарға орналастыру көзделедi. Сондай-ақ үздiксiз тiлдiк өзгерiстер процесiн тiркеп отыратын, тiлдiң лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру қажеттiлiгi де өте өзектi болып табылады.       Тiлдердi қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылып отырған жүйенiң негiзгi құрамдас бөлiктерiнiң бiрi болуға тиiс. Осы жұмыс аясында құқықтық олқылықтарды жою және тiл туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту тұрғысынан нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру талап етiледi. Көрнекi және жарнамалық ақпарат құралдарында қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң тиiсiнше қолданылуын бақылауды күшейту де қажеттi шаралар қатарына жатады. 2. Тiл мәдениетiн жетiлдiру Қазақстандықтардың тiл мәдениетiнiң деңгейiн көтерудiң қажеттi құрамдас бөлiгi сөйлеу мәдениетiн дамыту болуға тиiс. Айтыстар, мүшәйра, пiкiрталас турнирлерiн және жыраулар мен жыршылар конкурстарын ұйымдастыру және өткiзу осы бағыттағы негiзгi шаралар болып табылады.       Қазақ жазуын одан әрi жетiлдiру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық iс-шаралар кешенiн ұйымдастыру және өткiзу арқылы iске асырылатын болады. Сонымен бiрге мемлекеттiк тiл мәселесiмен айналысатын мерзiмдi баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдау талап етiледi. Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электрондық тiлдiк қызметтi құру және одан әрi дамыту, элективтi, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттiк тiлдегi iскери ресми жазба дағдыларын үйрету жүйесiн ұйымдастыру жоспарланып отыр.       Толерантты тiлдiк ортаны сақтау қажеттiлiгi тiл мәдениетiн жетiлдiру жөнiндегi мiндеттердiң өзегiне айналып отырғанына дау жоқ. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерiн, БАҚ өкiлдерiн кеңiнен тарта отырып, Мемлекеттiк тiл күнiн ұйымдастыру және өткiзу, түркi жазбаларына арналған шаралар кешенiн ұйымдастыру, сондай-ақ тiл мәдениетiн насихаттауға бағытталған шараларды өткiзу дәстүрiн жалғастыру жұмыстары қажеттi шаралар қатарына жатады. Нәтижелер көрсеткiштерi: көрнекi ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңiрлердi қамту дәрежесi (2014 жылға қарай – 30%, 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%); тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 100%); Төртiншi бағыт – лингвистикалық капиталды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау Мақсаты: «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту» Нысаналы индикаторлар: республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2020 жылға қарай – 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15%). 1. Коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi Төртiншi бағытты iске асыру арқылы Қазақстанның коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiгiнде орыс тiлiнiң қатысуын қамтамасыз ету жөнiндегi жүйелi жұмыстарды ұйымдастыру көзделедi. Мұның аясында орыс тiлiн оқыту жүйесiн оқу-әдiстемелiк және зияткерлiк тұрғыдан одан әрi қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды кәсiптiк тұрғыдан оқыту жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.       Орыс тiлiнiң қолданылуын ақпараттық қолдауға Қазақстанның ақпараттық кеңiстiгiнде орыс тiлiн пайдалануды қамтамасыз ету арқылы қол жеткiзiлетiн болады. 2. Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау Осы мiндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкiлдерiнiң ана тiлдерiн оқытуға жағдай жасау көзделедi. Бұл үшiн жексенбiлiк мектептерге оқу-әдiстемелiк көмек көрсету, сондай-ақ ана тiлдерiн оқыту кезiнде тiлдi бiлетiн тәжiрибелi педагог мамандарды тарту және халықаралық тәжiрибенi, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады. Бұған қоса, этностардың тiлдерiн сақтау және мәдениеттердi өзара байыту үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету көзделедi. Кеңiнен ақпараттық қолдау арқылы мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және қазiргi заманғы жазба мұрасын сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қажеттi шаралар қатарына жатады.       Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуiне жәрдемдесу этностардың мәдени және шығармашылық мүмкiндiктерiн одан әрi iске асыру арқылы жоспарланады. 3. Ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негiзгi құрамдас бөлiктерiнiң бiрi iскерлiк және халықаралық қарым-қатынас құралы ретiндегi шет тiлдерi болып табылады. Осы мiндеттiң аясында шет тiлдерiн оқыту процесiнiң ауқымды бiлiм беру кеңiстiгiн сақтау көзделiп отыр.       Шет тiлдiк мәдениетпен өзара iс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы үкiметаралық келiсiмдер аясындағы мәдени-көпшiлiк iс-шаралар – Шет мемлекеттердiң мәдениет күндерiн, көрмелер өткiзу, көркем және деректi фильмдердi түпнұсқа тiлiнде көрсету көзделедi. Нәтижелер көрсеткiштерi: ана тiлдерiн үйретуге арналған әдiстемелiк көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бiрлестiктерi бар этностардың үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%); орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тiлдерiн үйрету қызметiн ұсынатын, тiлдердi оқытатын мемлекеттiк орталықтардың үлесi (2014 жылға қарай – 50%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 100%).

Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

Бағдарламаны iске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады.       Бiрiншi кезеңде (2011 – 2013 жылдар) тiлдердi одан әрi дамыту мен қолданудың нормативтiк-құқықтық және әдiснамалық базасын жетiлдiруге бағытталған кешендi шаралар өткiзу көзделедi. Мәселен, бiрiншi кезеңнiң аясында мемлекеттiк тiлдi оқыту стандарттарын жетiлдiру, қазақ тiлiн оқыту орталықтарын аккредиттеудiң және олардың қызметiн рейтингтiк бағалау iсiнiң құқықтық негiзiн әзiрлеу жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылады. Бұған қоса, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауларын жүйелеудi қамтамасыз ету мәселесi бойынша ономастика саласындағы, терминологиялық лексиканы бiрiздендiру мәселесi бойынша терминология саласындағы, сондай-ақ антропонимикалық атаулар мен көрнекi ақпаратты сәйкестендiрудi жүзеге асыру мәселесi бойынша антропонимика саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру көзделедi. Сонымен қатар, құқықтық олқылықтарды жою мен тiл туралы заңнаманың бұзылғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту тұрғысынан нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру көзделедi. Осы кезеңде мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзетiн, Қазақстанда тұратын этностардың тiлдерiн сақтауға және оқып-үйренуге қолайлы жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешенi, сондай-ақ нәтижелердiң тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзу жүйесiн енгiзу көзделедi.       Екiншi кезең (2014 – 2016 жылдар) аясында мемлекеттiк тiлдi оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тiлдiк әралуандықты сақтауда жаңа стандарттар, технологиялар мен әдiстердi енгiзу жөнiндегi практикалық шаралар кешенiн iске асыру қарастырылады. Сонымен қатар, осы кезеңде Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарын аккредиттеу iсiн жүргiзу, сондай-ақ олардың қызметiне рейтингтiк бағалауды енгiзу жұмыстары басталады. Мемлекеттiк тiлдi меңгерудi ынталандыру жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру – мемлекеттiк қызметшiлердiң, халыққа қызмет көрсету және мемлекеттiк қызметтер көрсету саласы қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiлдi меңгеруi жөнiндегi мiндеттi төменгi талаптарды енгiзу көзделедi. Бұған қоса, мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзу жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады. Тiлдердi қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтумен қатар, әзiрленген нормативтiк құқықтық базаның негiзiнде қазақ тiлiнiң терминологиялық қорын ретке келтiру, ономастикалық кеңiстiктi жүйелеудi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар басталатын болады. Бағдарламаның үшiншi кезеңiнде (2017 – 2020 жылдар) мемлекеттiк тiлдi меңгеру дәрежесiн бақылау тетiктерiн енгiзу жұмысын ұйымдастыру көзделедi. Сонымен қатар, қоғамдық өмiрдiң барлық саласында мемлекеттiк тiлге қажеттiлiк болуына, оның басқа тiлдердiң тұғырын одан әрi сақтау жағдайындағы тиiсiнше қолданылу сапасына және меңгерiлу деңгейiне жүйелi мониторинг жүргiзу көзделедi. Бұған қоса, ономастика, терминология, мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу, сондай-ақ толерантты тiлдiк ортаны сақтау жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады.

Қажеттi ресурстар

2011 – 2020 жылдары Бағдарламаны iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады. Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн iске асыруға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгенi құрайды. 2011 – 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.  

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия отырысында бекітілген терминдер  

»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы отырысында бекітілген терминдер тізбесі

 

Орыс тілінде

Қазақ тілінде

Әртүрлі салада қолданылатын шеттілдерінен енген терминдер

1.

абзац

абзац

2.

аккумулятор

аккумулятор

3. 

актер

актер

4.

андроид

андроид

5.

анонс

анонс

6. 

антенна

антенна

7.

аппарат

аппарат

8.

арена

арена; алаң

9. 

архив 

архив, мұрағат

10.

аудио

аудио

11. 

балерина

балерина

12. 

балетмейстер

балетмейстер

13.

баритон

баритон

14.

бизнес-класс

бизнес-класс

15.

велосипед

велосипед

16. 

виртуальный

виртуалды

17.

галстук

галстук

18.

гимн

гимн; әнұран

19.

гипотеза

гипотеза

20.

глоссарий

глоссарий

21.

грим

грим

22. 

диета

диета

23.

дизайнер

дизайнер

24.

журнал

журнал

25. 

идентификация

идентификациялау, сәйкестендіру

26.

интернет

интернет

27.

композитор

композитор

28. 

компьютер

компьютер

29. 

лимит

лимит

30. 

логика

логика

31. 

маркер

маркер

32. 

массаж

массаж

33. 

микшер

микшер

34. 

мобильный

мобильді

35. 

модератор

модератор

36. 

монета

монета

37.

монтаж

монтаж

38. 

музей

музей

39.

пианино

пианино

40.

постулат

постулат

41. 

ревизия

ревизия

42.

ревизор

ревизор

43.

типизация

типтендіру

44.

типовой

типтік

45.

фонтан

фонтан

46.

фортепиано

фортепиано

47.

хирург

хирург

 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан ұсынылған терминдер

1. 

адекватное лечение

адекватты емдеу (мед.)

 2.

адекватное состояние

адекватты жағдай (мед.)

 3.

вирусный гепатит

вирусты гепатит

 4.

здоровая конкуренция

адал бәсекелестік

 5.

здоровый образ жизни

саламатты өмір салты

 6.

клинико-затратная группа

клиникалық-шығындық топ

 7.

костный мозг

сүйек кемігі

 8.

нежелательная беременность

қалаусыз жүктілік

 9.

оперативное реагирование

жедел ден қою

 10.

родственный донор

туыстық донор

 11.

свободная зона от гриппа (от малярии)

тұмаудан (безгектен) таза аймақ

 12

стерильный

стерильді

 13. травматизм

жарақаттанушылық

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитеті тарапынан ұсынылған терминдер

14. 

контент

контент

15.

конфиденциальность данных

деректердің құпиялылығы

16.

корреляционный анализ

корреляциялық талдау

17.

ненормализованные данные

нормаланбаған деректер

18. 

обработка данных обследования

зерттеу деректерін өңдеу

19.

окончательные данные

түпкілікті деректер

20. 

периодичность формы

нысанның кезеңділігі

21.

построение (структура) статистического показателя

статистикалық көрсеткіштің түзілісі (құрылымы)

22. 

невероятностные методы

бейықтимал әдістер

23.

стратифицированный

стратификацияланған

24.

предельная ошибка

шекті қате

25.

транзакционная база

транзакциялық қор

26.

акроним

акроним

27.

визуалированные данные (таблицы)

көрнекіленген деректер (кестелер)

28.

инфологическая статистическая метаинформация

инфологиялық статистикалық метаақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан

ұсынылған терминдер

29 .

беспошлинный ввоз

баж салығынсыз әкелу

30. 

валовые издержки

жалпы шығасы

31.

годовой расчетный показатель

жылдық есептік көрсеткіш

32.

грузовая накладная

жүкқұжаты

33.

дебет

дебет

34.

дебетование

дебеттеу

35.

дебитор

дебитор

36.

заемщик

қарыз алушы

37.

запрос

сауал; сұрау салу

38.

излишек

артық шығу

39.

поручитель

кепілгер

40.

право собственности

меншік құқығы

41.

спрос

сұраныс

42. 

фиксированный

тіркелген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан

ұсынылған терминдер

 43.

целевое назначение

нысаналы мақсат

 44.

замещение должности

қызметке орналасу

 45.

упрек

кінә тағу

 

Күн тәртібінен алынып тасталған және пысықтап, қайта қарауға ұсыну ұсынылған терминдер тізбесі

 

Орыс тілінде

Қазақ тілінде

 

Әр түрлі салада қолданылатын шеттілдерінен енген терминдер

1. 

классификация

классификация, жіктеу, сыныптау

 2.

компонент

компонент, құрамдас, құрауыш, сыңар

 3.

процесс

процесс, үдеріс

 4.

режим

режим, режім

 5.

сигнал

сигнал, белгі, дабыл

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан ұсынылған терминдер

 6.

летальность от травматизма

жарақаттанушылықтан өлім

  7. 

комплектация

жинақтама; жинақтау

 8.

комплектующий

жинақтаушы

 9.

отпуск (лекарственных средств)

беру, босату (дәрілік заттарды)

 10.

пересадка (органов)

ауыстырып қондыру (ағзаларды)

 11.

полагать

пайымдау

12. 

потери (человеческие)

шығыны (адам)

 13.

профилактика, диагностика заболеваний

 аурулардың профилактикасы, диагностикасы

14 

реализация (лекарственных средств)

өткізу (дәрілік заттарды)

 

 15.

слухопротезирование

есту мүшесін протездеу

16. 

структура заболеваемости

сырқаттанушылық құрылымы

17. 

труднодоступный населенный пункт

жетуі қиын елді мекен

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау                комитеті тарапынан бекітуге ұсынылған терминдер

 

1.

Услуга

Қызмет көрсету

2.

Государственная услуга

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет

 

3.

Оказание государственной услуги

1. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жасау

4.

Условия договора

Шарттың талаптары

5.

Вертикальная мобильность

1. Тікелей жеделдету

2. Тік оқшаулық

6.

Приготовление и подготовка

Дайындау және дайындық

7.

Непосредственная поставка и прямая поставка

Тікелей және тура жеткізу

8.

Чувствительные товары

Сезімтал тауарлар

9.

Недобросовестный

Жосықсыз

10.

Законопослушный

1. Заңға мойынсынатын

2. Заңға бағынатын

11.

Номинальный

Бастапқы

12.

Продвижение документа

Құжатты ілгерілету

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің

Статистика комитеті тарапынан бекітуге ұсынылған терминдер

 

1.

индексация

индекстеу

2.

логирование

логтау

3.

переходник

ауыспалы

4.

вариация

вариация/түрлендірме

5.

срез

кесінді

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі тарапынан ұсынылған терминдер

 

1.

бенефициар

бенефициар

2.

валютное ограничение

валюталық шектеу

3.

выручка денежная

ақшалай түсім

4.

заем

қарыз

5.

консолидированный

шоғырландырылған

6.

конфиденциальность

конфиденциалдылық

 

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

тарапынан бекітуге  ұсынылған терминдер

 

1.

динамичный

динамикалық

 

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму

министрлігі тарапынан ұсынылған терминдер

 

1.

2.

3.

4.

5.

6.

 

7.

 

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

24.

25.

26.

27.

Валовая добавленная стоимость

Высокая добавленная стоимость

Высокоуглеродистый феррохром

Градообразующий

Гранулированный чугун

Горнодобывающая промышленность

Деревообрабатывающая промышленность

Дооснащение

Древесина

Изделия

Индекс физического объема

Лебедка

Листовое стекло

Малогабаритный погрузчик

Мелкосортный прокатный стан

Натяжитель

Неисчерпаемые ресурсы

Нечистоты канализации

Поддон

Потенциал отрасли

Прут

Спад производства

Стекловата

Стружка

Текстильная промышленность

Шипы колес

Физический объем

Жалпы қосымша құн

Қосылған құны жоғары

Жоғары көміртекті феррохром

Қала құраушы

Түйіршіктелген шойын

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

 

Ағаш өңдеу өнеркәсібі

 

Толық, жете жарақтандыру

Сүрек

Бұйым

Нақты көлем индексі

Жүкшығыр

Табақ шыны

Ықшам тиегіш

Ұсақ сұрыпты илемді орнақ

Кергіш

Сарқылмас ресурстар

Кәріздердің іркінділері

Табандық

Сала әлеуеті

Шыбық

Өндірістің артта қалуы

Шыны мақта

Кебек

Тоқыма өнеркәсібі

Дөңгелектердің бүртабаны

Нақты көлемі

Энергетика саласы бойынша

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

21.

22.

23.

24.

Ветроэнергетика

Возобновляемые источники энергии

Высокая энергоемкость

Генерирущая обородувания

Генерирующие мощности

Герметичности

Доразведка

Добыча

Маневренная мощность

Отвал

Отвод

Пауза безтоковая

Переобработка

Разделительный трансформатор

Разрыв мощности

Расхождение

Реагирование

Солнечная энергетика

Тревожная группа

Ускорение локальное

Уязвимость

Часовой

Электопотребления

Электроэнергия

Жел энергетикасы

Жаңартылатын энергия көздері

Жоғары энергиялық сыйымдылық

Жинақтаушы жабдық

Генерациялық қуаттар

Нығыздық

Жете барлау

Өндіру

Айналма қуаты

Үйінді

Илек

Тоқсыз кідіріс

Қайта өңдеу

Ажыратқыш трансформатор

Қуаттардың ара жігі

Айырмащылық

Ден қою

Күн энергетикасы

Дабыл тобы

Жергілікті үдеу

Осалдылық

Күзетші

Электр тұтыну

Электр энергиясы

Атом саласы бойынша

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

18.

19.

 

20.

Абсолютная погрешность измерения

Аномалия

Визуальный контроль

Выборка

Высокообогащенный уран

Обедненный уран

Захоронение отходов

Зона

Ключевая точка измерения

Критическая сборка

Мощность дозы

Облученный ядерный материал

Погрешность

Предел

Проба

Селективность

Удельная активность материала

Углубленное радиационное обследование

Горно-металлургический комплекс

Шексіз өлшеу қателігі

 

Ауытқулық

Көзбен шолып бақылау

Сұрыптау

Жоғары байытылған уран

Жұтаңдатылған уран

Қалдықтарды көму

Аймақ

Өлшеудің маңызды нүктесі

Қатерлі жинау

Мөлшердің қуаты

Сәулеленген ядролық материал

Қателік

Шек

Сынама

Бір бағытқа шоғырлану

Материалдың үлестік белсенділігі

Тереңдетілген радиациялық зерттеу

 

Тау-кен-металлургиялық кешен

Геология саласы бойынша

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

Геологосъемка

Георазведка

Добыча

Доизучение площадей

Рациональное использование недр

Недра

Недропользования

Недропользователи

Сейсморазведочные работы

Геологическое доизучение

Геологоразведочные работы

Геологиялық түсіру

Геологиялық барлау

Өндіру

Алаңдарды жете зерттеу

Жер қойнауын тиімді пайдалану

Жер қойнауы

Жер қойнауын пайдалану

Жер қойнауын пайдаланушылар

Сейсмикалық барлау жұмыстары

Геологиялық жете зерттеу

Геологиялық барлау жұмыстары

Техникалық реттеу және метрология саласы бойынша

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Аффилированный

Калибровочных лабораторий

Метрологическая аттестация

Поверочные лаборатории

Подтверждения соответствия

Испытательные лаборатории

Аффилирленген, үлестес, тазартылған

Калибрлеу зертханалары

Метрологиялық аттестаттау

Салыстырып, тексеру зертханалары

Сәйкестікті растау

Сынақ зертханалары

Фармацевтика саласы

1.

2.

3.

4.

5.

6.

Лекарственные средства

Магазин оптики

Медицинское назначение

Медикаменты

Отечественные лекарственные средства

Фармацевтическая промышленность

Дәрілік заттар

Оптика дүкені

Медициналық мақсат

Медикаменттер

Отандық дәрілік құралдар

 

Фармацевтикалық өнеркәсіп

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus