Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баспасөз хабарламалары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарының 24-тармағына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолдайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 жылға арналған жоспарының 24-тармағына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жолдайды

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

1 – бап. Қазақстан Республикасының мына заңамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, ст. 24-құжат; № 17-18, ст. 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжат; № 3, 20, 23-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжат; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1; 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2; 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12;111-құжат; № 13; 115, 116-құжаттар; № 14; 117-құжат; № 16; 128, 129-құжаттар; № 17; 136-құжат; № 19; 145-құжат; № 21; 161-құжат; № 24; 196-құжат; 2012 ж., № 1; 5-құжат; № 2; 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3; 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4; 32-құжат; № 5; 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10; 77-құжат; № 12;. 84, 85-құжаттар; № 13; 91-құжат; № 14; 92, 93, 94-құжаттар; № 15; 97-құжат; № 20; 121-құжат; № 23-24; 125-құжат; 2013 ж., № 1; 2, 3-құжаттар; № 2; 10, 11, 13-құжаттар; № 4; 21-құжат; № 7; 36-құжат; № 8; 50-құжат; № 9; 51-құжат; № 10-11; 54, 56-құжаттар; № 13; 62, 63, 64-құжат; № 14, 72, 74, 75-құжаттар; № 15; 77, 78, 79, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат;), «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 12 шілдедегі № 135 (27756):
1) 149-1-бап мынадай редакцияда жазыл-сын:
«149-1-бап. Орман заңнамасы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңнамасы саласындағы талаптарды жергілікті атқарушы органдардың орындамауы және (немесе) тиісті дәрежеде орындамауы
1. Орман заңнамасы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңнамасы саласындағы талаптарды жергілікті атқарушы органдардың орындамауы және (немесе) тиісті дәрежеде орындамауы – лауазымды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер (әрекетсіздік) – лауазымды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
2) 355-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«355-1-бап. Лауазымды тұлғалардың орман заңнамасы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға душар ететін нұсқаулар немесе рұқсаттар беруі
Лауазымды тұлғалардың орман заңнамасы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар заңнамасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға душар ететін нұсқаулар немесе рұқсаттар беруі, – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттер – лауазымды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 383-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзiмдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу –»;
4) 385-баптың 1 тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,»
5) 385-1 қосымша бап мынадай редакцияда енгізілсін:
«385-1 бап. Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу
1. Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзу егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса:
1) бекітіліп берілген балық шаруашылығының су айдындарында өнеркәсіп күш-жігер бойынша нормативтерден асып түсу;
2) бекітіліп берілген балық шаруашылығының су айдындарында жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, – жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде үш және одан да көп рет қайталап жасалған әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не балық шаруашылық жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.»;
6) мынадай редакцияда 443-1-бап толықтырылсын:
«443-1-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы лауазымды тұлғалардың заңды талабына бағынбау
Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы лауазымды тұлғалардың заңды талабына бағынбау, олардың заңды қызметіне кедергі келтірумен бірдей, – жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға, – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7) 684-баптың 1 тармағында «385 (екiншi бөлiгiнде)» сөздерден кейін «385-1 (екінші бөлігінде) сөздер жазылсын»;
8) 709-баптың 1 тармағында «385 (біріншi бөлiгiнде)» сөздерден кейін «385-1 (бірінші бөлігінде) сөздер қосылсын;
9) 709-баптың 2 тармағының 1) тармақшасында «385 (біріншi бөлiгiнде)» сөздерден кейін «385-1 (бірінші бөлігінде) сөздер қосылсын;
10) 786-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың» деген сөздерден кейін «, аңшылық және балық шаруашылықтарының қорықшылық қызмет объектілерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 787-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) балық қорғау органдары, аң аулау қағидаларының сақталуына мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аңшылық шаруашылығы органдары, аңшылық және балық шаруашылықтары объектілерінің қорықшылық қызметі сақталуын бақылауды жүзеге асыратын қағидалар бұзылған кезде – осы органдар;
12) 804-баптың 1 тармағының 9) тармақшасында «385 (біріншi бөлiгiнде)» сөздерден кейін «385-1 (бірінші бөлігінде) сөздер қосылсын;
13) 804-баптың 3 тармағының 2) тармақшасында «385 (біріншi бөлiгiнде)» сөздерден кейін «385-1 (бірінші бөлігінде) сөздер қосылсын.
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 26 маусым № 156-159):
1) 23 баптың 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, аңшылық шаруашылығы, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн, сондай-ақ үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн».
2) 69-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жер учаскесiн белгiленген мерзiмде және белгiленген тәртiппен аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргізу, жер учаскесiнде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу, жабайы өсiмдiктердi жинау мақсатында пайдалану;»
3) 97-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы «, бақша және мал шаруашылығын жүргізу» деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын:
«,фермерлік аңшылық шаруашылығын.»;
4) 122-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде, оларды салу, жайғастыру және күтіп-ұстау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.»;
5) 130-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«130-бап. Орман қорының жерiн жердiң басқа санаттарына ауыстырудағы шектеулер
Орман қорының жерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн жердiң басқа санаттарына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi мынадай:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және оларды кеңейтуге байланысты;
2) халықаралық міндеттемелерді орындау;
3) қорғаныс қажеттіліктері мен мемлекеттік шекараны ұйымдастыру;
4) орман қоры учаскесінің астынан бағалы пайдалы қазбалардың кен орындары табылған (ураннан басқа);
5) бекітілген бас жоспарға сәйкес елді мекеннің аумағы кеңейтілген;
6) жолдарды, жаңартылған энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді, электр қуатын тарту желілерін, байланыс желілерін және магистралды құбырларды, елді мекендердің жалпы жұрт пайдаланатын инженерлік-коммуникациялық желілерін ықтимал орналастыру нұсқалары болмаған кезде олар салынған жағдайларда жүзеге асырады;
6) 138-баптың «меншікті орман өсіру» деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын «аңшылық шаруашылығы».»
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат, № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14- құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-II, 96-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы
19 шілде № 180-181):
6) 12-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттiк орман саясатын дамытудың басымдықтары мен негізгі бағыттарын айқындайтын мемлекет-тік жоспарлау жүйесінің құжаттарын бекітеді;»
2) 13-баптың:
1 тармағының 1-1), 17) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) мемлекеттiк орман саясатын дамытудың басымдықтары мен негізгі бағыттарын айқындайтын мемлекет-тік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлейді;»
«17) мынадай: мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есеп-теу; орман қоры аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойынша; орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілу көлемін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау бойын-ша әдістемелік нұсқаулар әзірлейді және бекітеді»;
1-тармағы мынадай редакциядағы 18-45), 18-46), 18-47), тармақшаларымен толықтырылсын:
«18-45) мемлекеттік орман инспекциясы мен мемлекеттік орман күзетінің актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді»;
«18-46) ормандағы өрт қауіпінің күнделікті сыныбын анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар-ды әзірлейді және бекітеді»;
«18-47) ведомстволық бағыныстағы орман мекемесінің рәмізін (эмблема және жалау), сондай-ақ оларды әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді»;
3) 15-бап мынадай редакциядағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) ведомстволық бағыныстағы орман мекемесінің рәмізін (эмблема және жалау), сондай-ақ оларды әзірлеу және пайдалану тәртібін бекітеді;»;
4) 18-1 баптың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
5) 54-бап:
1-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттiк орман қоры жерін-де уран өндіру бүлінген жер учаске-лерін кейіннен қалпына келтіріп және оларды орман иеленушіге беріп, оны басқа санаттағы жерлерге ауыстырмай жүзеге асырылады.»;
2-тармағы «экологиялық талаптар» деген сөздерден кейін «, бүлінген жерлерді кейіннен қалпына келтіру шарттары мен мерзімі» деген сөздермен толықтырылсын.;
6) 70-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«70-бап. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдарын құқықтық қорғау. Мемлекеттiк орман күзетiнiң лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құқықтық қорғалуға жатады.»;
7) 77-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен анықталады, құрылады және пайдаланылады.»;
8) 78-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Селекциялық-гендiк мақсаттағы объектiлер уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен анықталады, құрылады және пайдаланылады.»
9) 80-1-баппен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«80-1-бап. Орман тұқымбақтарын ұйымдастыру, күту.
1. Орман тұқымбақтары уақытша мен тұрақты болып бөлінеді.
Уақытша орман тұқымбақтары 4 жылдан артық емес мерзімге ұйымдастыру – шаруашылық жоспары мен жұмыс жобасысыз орнатылады..
Тұрақты орман тұқымбақтары мамандырылған жобалау мекемелерімен әзірленетін ұйымдастыру – шаруашылық жоспары мен жұмыс жобасы негізінде орнатылады.
2. Мемлекеттік орман иеленушілердің тұқымбақтарында орман тұқымдары мен қалемшелерін себу және отырғызу осы Кодекстің 80-бабының талаптарына сәйкес келетін тұқымдармен (қалемшелермен) ғана рұқсат етіледі.
3. Ауыспалы егіссіз орман тұқымбақтарында көшет материалын өсіруге рұқсат етілмейді.
4. Орман тұқымбақтарында өсірілген көшет материалды түгендеу уәкілетті органмен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады..»;
10) 110-бап мынадай редакциядағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) орман мекемелерінің жас мамандарын қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.»;
11) мынадай редакциядағы 110-1-баппен толықтырылсын:
«110-1-бап. Мемлекеттік орман мекемелерінің жұмыскерлеріне әлеуметтік кепілдер»:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жас мамандар үшін қызметтік тұрғын үй;
2) ұзақтығы 24 күнтізбелік күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы.
2. Мемлекеттік орман мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үстеме ақы тағайындалады – лауазымдық жалақыдан 25 %-дан кем емес және еңбек сіңірген жылдары үшін (10 жылдан астам – лауазымдық жалақыдан 30 %).
3. Мемлекеттік орман мекемелерінің қызметкерлеріне бир жолғы көтермелеу ақы, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімімен шөп шабу және мал жаю үшін жер учаскелері беріледі.».
4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат), «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 23 шілдедегі № 184-185):
1) 107-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерi немесе олардың бөлiктерiн, сондай-ақ су қорғау белдеулерiнiң учаскелерiн облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстың қорытындылары бойынша балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға береді.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектiлерiн немесе олардың бөлiктерiн ауызсумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшiн пайдалануды уәкiлеттi орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша балық шаруашылығының мүдделерiне орай шектеуi мүмкiн.
3. Пайдалануына балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн су объектiлерi және су шаруашылығы құрылыстары берiлген жеке және заңды тұлғалар:
1) уәкiлеттi органмен және балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су объектiлерi жай-күйiн жақсартуды және балық қорларын ұдайы молайтуды қамтамасыз ететiн балық шаруашылығы мен мелиорациялық-техникалық iс-шараларды жүргiзуге;
2) су объектiлерiнiң жағалауларын олар пайдаланылатын жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi
4. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн жеке тұлғалар балық аулаудың белгiленген ережелерiн сақтай отырып, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшiн пайдалана алады.».
108-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн су объектілерін дербес немесе бірлесіп пайдалануға беру тәртібімен конкурстық негізде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына бередi.».
4. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж. № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат), «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 12-13-23):
1) 17-бап 28-10) тармақшамен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«28-10) Қазақстан Республикасының аумағында өсімдік тектес дәрілік және техникалық шикізат дайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.»;
2) 240-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«240-бап. Жануарлар түрлерін жерсіндіру, қайта жерсіндіру және будандас-тыру кезіндегі экологиялық талаптар, оларды Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету
1. Жануарлар түрлерін жерсіндіруге, қайта жерсіндіруге және будандастыруға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жол беріледі.
2. Жеке және заңды тұлғаларға жабайы жануарлар түрлерін өз бетімен жерсіндіруге, қайта жерсіндіруге және будандастыруға тыйым салынады.
3. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен будандасуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын жартылай ерікті немесе еріксіз жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.
4. Жануарлардың тіршілігіне қатер төндіретін дүлей зілзала және төтенше экологиялық жағдайлар туындаған жағдайда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланушылар жабайы жануарларға көмек көрсетуге және бұл туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті.
5. Жануарлар дүниесі объектілерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.»;
3) 245-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар санын реттеу тәртібін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.»;
4) 251-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қолда немесе жартылай еркіндік жағдайларда бағып-күтуге және өсіруге мүдделі жеке және заңды тұлғалар белгіленген мерзімде тіршілік ету ортасына одан алынған сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлардың санына сәйкес келетін қолдан өсіру жолымен алынған толыққанды жануарларды жіберуге міндетті. Жануарларды жіберу акт бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары лауазымды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылады.»;
5) 252-баптың 2-тармақтың «2. Мамандандырылған питомниктерге және азаматтарға, олар:» деген сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жабайы жануарлар өсіруге маманданған жеке және заңды тұлғаларға, олар:
«алаптарын сақтаған кезде, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстауға және өсіруге жеке тәртіппен рұқсат етіледі.»;
6. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж. № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3;16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17; 82-құжат; № 18; 84-құжат; № 23; 100-құжат; № 24; 134-құжат; 2010 ж., № 1-2; 5-құжат; № 5; 23-құжат; № 7; 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1; 2, 3-құжаттар; № 2; 21, 25-құжаттар; № 4; 37-құжат; № 6; 50-құжат; № 11; 102-құжат; № 12; 111-құжат; № 13; 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24; 196-құжат; 2012 ж., № 1; 5-құжат; № 2; 11, 15-құжат; № 3; 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4; 32-құжат; № 5; 35-құжат; № 6; 43, 44-құжаттар; № 8; 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2; 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат), «Егемен Қазақстан» 2008 жылғы 13 желтоқсандағы № 385-390 (25359):
1) 499-баптың:
2-тармағы мынадай редакцияада жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жергілікті атқарушы орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың, оған балықшылардың қоғамдық бірлестігі мен балық шаруашылығы субъектілері қауымдастығы әуесқой (спорттық) балық аулау беретін рұқсатын қоспағанда, негiзiнде жүзеге асырылады (бұдан әрi – рұқсат);
6-тармағындағы «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi» сөздері «Жергілікті атқарушы органдар» сөздеріне ауыстырылсын.
7. 1998 жылғы 30 желтоқсандағы «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18; № 19-құжаттар, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
1) 6-баптың «табиғи ресурстар» сөздерден кейін «аңшылық шаруашылығын жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 18-баптың 6-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«6. Аң аулау үшін және аңшылық шаруалығында атыс қаруын қолдану ережелерін, сондай-ақ спортпен шұғылдану кезінде және жаттығу мақсаттарында қару қолдану ережелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
3) 26-баптың 4-тармағында «тиiстi қорытындысы негізінде» сөздерден кейін «аумақтық бөлімше» сөздермен толықтырылсын.
8. 2001 жылғы 23 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9; 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13; 86, 87-құжаттар; № 15; 92, 95-құжаттар; № 16; 99-құжат; № 18;113-құжат; № 23;141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7; 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1; 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6; 49-құжат; № 11; 102-құжат; № 13; 115-құжат; № 15;118-құжат; № 16; 129-құжат; 2012 ж., № 2; 11-құжат; № 3; 21-құжат; № 5; 35-құжат; № 8; 64-құжат; № 14; 92-құжат; № 23-24; 125-құжат; 2013 ж., № 1; 2, 3-құжаттар; № 8; 50-құжат; № 9; 51-құжат; № 14; 72, 75-құжаттар; № 15; 81-құжат;):
1) 27-баптың 1-тармағы 9-1) тармақшасымен мынадай редакцияда толықтырылсын:
«9-1) Өңірдің табиғаттық-климаттық жағдайларына байланысты ең ерте аң аулаудың басталуы мен Аң аулау ережелерімен бекітілген (15 күнге дейін) аң аулаудың ең кеш аяқталуы мерзімдері туралы шешімді қабылдау».
9. 2001 жылғы 23 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4; 33-құжат; 2003 ж., № 23; 168-құжат; 2004 ж., № 23; 142-құжат; 2006 ж., № 3; 22-құжат; 2007 ж., № 2; 18-құжат; № 17; 139-құжат; 2008 ж., № 13-14; 57-құжат; 2009 ж., № 18; 84-құжат; 2010 ж., № 5; 23-құжат; 2011 ж., № 1; 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12; 111-құжат; 2012 ж., № 15; 97-құжат; 2013 ж., № 14; 75-құжат, «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 26 маусым № 129):
1) 6-баптың 4 тармағының «экологиялық» сөзден кейін «аңшылық туризм» деген сөздермен толықтырылсын.
10. 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18; 107-құжат; 2006 ж., № 3; 22-құжат; 2007 ж., № 1; 4-құжат; 2008 ж., № 23; 114-құжат; 2009 ж., № 18; 84-құжат; 2010 ж., № 1-2; 5-құжат; № 5; 23-құжат; 2011 ж., № 1; 2, 7-құжаттар; № 11; 102-құжат; № 12; 111-құжат; № 21; 161-құжат; 2012 ж., № 3; 27-құжат; № 15; 97-құжат):
1) 1-бапта:
29) тармақша алынып тасталсын;
57) тармақша алынып тасталсын;
79) тармақша «мен олар мекендейтiн ортаның жай-күйiн» деген сөздерден кейін «, жануарларды есепке алу әдістемелерін айқындау, негізгі түрлер бойынша есеп жүргізу, жобаланып отырған аңшылық шаруашылығы үшін жануарларды есепке алудың бақылау маршруттары мен алаңқайларын анықтау;» деген сөздермен толықтырылсын.
мынадай редакциядағы 81), 82), 83), 84), 85), 86), 87), 88), 89), 90) және 91) тармақшалармен толықтырылсын:
«81) балық аулау минимумы – білуі балық аулаушы куәлігін беру үшін Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы, қауіпсіздік қағидалары мәселелерін қарастыратын оқу бағдарламасының арнайы қысқа курсы;»;

«82) балық аулаушының куәлігі – жеке тұлғаның әуесқойлық (спорттық) балық аулау құқығын куәландыратын белгіленген нысандағы құжат;»;
«83) ихтиологиялық қызмет – ихтиологиялық мониторинг жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі»;
«84) ихтиологиялық мониторинг – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің ихтиологиялық қызметтері жүзеге асыратын, балық ресурстарын басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін оларды бақылау мен бағалау жүйесі;»;
«85) кәсіпшілік күшейту – кәсіпшілік күш-жігер – балық аулауға тікелей бағытталған, кәсіпшілік балық аулау жүргізуге арналған бекітілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықшылардың құралдары мен техникалық аулау құралдары, жүзу құралдарының рұқсат етілетін саны, өндірістік операциялардың көлемі»;
«86) көлдегі тауарлы балық өсіру шаруашылығы (КТБШ) – шаруашылық жағынан құндылығы аз балықты аулау, балықтың бағалы түрлерін қоныстандыру, өсіру және кейіннен тұйық су айдындарына жіберу есебінен оларда ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру жолымен оларды балық шаруашылығы үшін пайдалануды жақсартумен айналысатын шаруашылық;»;
«87) шарбақтық шаруашылық – арнайы құрылғыларда (шарбақтарда) табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерiктi және бақылау жағдайларда балық және басқа да су жануарларын өсірумен айналысатын шаруашылық»;
«88) орал өзенінің сағалық кеңістігі–Каспий теңізі жағалауының шетінен Золотой және Яицкий айырығы арасындағы олардан оң және сол жаққа 50 км теңіздің тереңдігіне 2 метр шегіндегі су акваториясы;»;
«89) қиғаш өзенінің сағалық кеңістігі – Каспий теңізі жағалауының шетінен Иголкин және Ганюшкин балық өткелі арнасы шегіндегі оң жаққа Ресей Федерациясымен шекараға дейін, сол жаққа Ганюшкин балық өткелі арнасынан 50 км теңіздің тереңдігіне 2 метр шегіндегі су акваториясы;»;
«90) балық өсіру биотехникалық көрсеткіштері – климаттық зоналарға байланысты су айдындарында жіберу кезінде есепке алынатын орта даналық құршабақ балықтын мөлшелері мен массасы;».
«91) фермеррлік аңшылық шаруашылығы – қоршалған учаскелерде (вольерлерде) аңшылық мақсаттар үшін жеке меншіктегі жабайы жануарларды өсіру мен күту аңшылық шаруашылығының қарқынды жүргізудің түрі.».
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлардың түрлерiн санаттарға бөлу және оларды бiр санаттан басқасына ауыстыру уәкілетті органның ведомствосымен құрылған комиссияның ұсынымына, және/немесе биологиялық негіздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес жануарлар дүниесiнiң түрлiк сан алуандығын сақтау, оларды қорғау, өсiмiн молайту және орнықты пайдалану мақсатында жүргiзiледi.»;
3) 8-баптың 6) тармақшасы алынып тасталынсын;
4) 9-бапта:
1-тармағының 5) тармақшасы «әзірлейді және бекітеді» сөзінен кейін «және нормалар» деген сөз толықтырылсын;
1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерiн айқындаудың, сондай-ақ жануарлар дүниесіне келтірілетін және келтірілген зиянның, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеудің әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;».
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«7-1) жануарлар дүниесіне келтірілетін зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
1-тармағының 8) тармақшасы «балықшы және қорықшы» сөздерден кейін «балық аулаушы билеті» толтықтырылсын;
1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді;»;
1-тармағының 16) тармақшасы алынып тасталсын;
1-тармағының 23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) бақылау үшін аулауды, сондай-ақ интродукциялау, өсімін молайту, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады.»;
1-тармағының 44) тармақшасында «және жергілікті» деген сөздер алынып тасталсын.;
1-тармағының 52) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«52) тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткізілуге тиіс биологиялық негіздеменің негізінде жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдайды;»;
62) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«62) жануарлар дүниесі объектілерімен, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулермен мен тыйым салу шешім қабылдайды»;
72) тармақша алынып тасталсын;
73) тармақша алынып тасталсын;
77) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:
«77-1) ихтиологиялық қызмет туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 77-2) тармақшамен толықтырылсын:
«77-2) балық ресурстарын және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молай-ту және пайдалану саласындағы ихтиологиялық қызметтердің және/не-месе ғылыми ұйымдардың ұсыныс-тары бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпей, гидрометео-рологиялық жағдайларға байланысты Балық аулауға тыйым салуды белгілі бір жағына қарай 15 күнтізбелік күнге дейін ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 77-3) тармақшамен толықтырылсын:
«77-3) кәсіпшілік күш жұмсау шарасын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 77-4) тармақшамен толықтырылсын:
«77-4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласын-да қызметпен айналысатын мемлекет-тік органдар мен мамандандырылған ұйымдардың материалдық-техникалық құралдармен жарақтану нормала-рын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 77-5) тармақшамен толықтырылсын:
«77-5) балық өсіру материалын өткізуге, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерінен өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдер алынғаннан кейін оларды тірідей күйінде өткізуге баға белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 77-6) тармақшамен толықтырылсын:
«77-6) балық пен балық өнімін есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 77-7) тармақшамен толықтырылсын:
«77-7) Табиғи балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 77-8) тармақшамен толықтырылсын:
«77-8) Балық шаруашылығын жүргізу түрлері: кәсіпшілік балық аулау, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлдегі тауарлы балық шаруашылығы, шарбақты шаруашылық бойынша су айдындарын жатқызу және оларға қойылатын талаптар қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұнда-ғы 77-9) тармақшамен толықтырылсын:
«77-9) Балық аулау минимумды бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 77-10) тармақшамен толықтырылсын:
«77-10) Республикалық балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестігі қауымдастығымен өткізілетін балық аулау минимумды әзірлеу және бекіту;»;
5) 10-бапта:
1-тармақтың 5-3) тармақшасы «су айдындардын» сөзінен кейін «және/немесе учаскелер» сөздері толықтырылсын, сондай-ақ «облыстын» сөзінің алдындағы «бір» деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақтын 5-10) тармақшасы «қоспағанда» сөзден кейін «әуесқой (спорттық) балық аулау» сөздерімен толықтырылсын;
2-тармақтын 5-11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-11) кәсіпшілік балық аулау, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, көлдегі тауарлы балық шаруашылығы, шарбақты шаруашылық бойынша оларға қойылатын талаптарға сәйкес балық шаруашылығы су қоймалары тізбесін әзірлейді және бекітеді»;
6) 11-1-бапта:
1-тармағындағы «экспорттау» сөзі «өткізу» сөзіне ауыстырылсын;
3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бекіре тұқымдас балықтар кездейсоқ ауланған жағдайда, сондай-ақ иесіз сүзетін аулау құралдарымен бекіре тұқымдас балықтарды айыру, тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары – табиғи мекендеу ортасына жіберілуге, немесе бекіре тұқымдас құртшабақ балықтарды өсірумен айналысатын мемлекеттік мекемелерге, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары өтеусіз негізде мемлекеттік монополия субъектісіне тапсырылуға тиіс;»;
4-тармағындағы «уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады» сөздер «Балық аулау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өнімді өндіру кезінде қалдықтардың, шығындар мен шығыстардың нормалары, сондай-ақ оның мемлекеттік монополия субъектісімен өткізілген кездегі бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
7) 14-бапта:
мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) балық қорғау құрылғылары жоқ, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін су тарту және құлату құрылыстарын қолдану;»;
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) балық аулау құралдарының кәсіпшілік және кәсіпшілік емес түрлерін қолдануға рұқсат етілген тізбеде қолдану көзделмеген балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулаудың ау материалдарын және өзге де құралдарын жасау, өткізу, тасымалдау, қолдану, сақтау;»;
7) 15-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
«1) коммерциялық мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен мекендеу ортасына жіберу үшін арнайы жасалған жағдайларда өсіру;»;
8) 17-бапта:
3-трамақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жасызылсын:
«2) балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті орган бекіткен қағидалар мен әдістемеге сәйкес өтеу;».
Заң мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап балық ресурстары мен басқа да су жануарлары келтірілген зиянды өтеу.
1. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу арқылы балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілген зиянды өтеу ерікті түрде немесе қағидаларға және құны түрінде зиянды өтеу мөлшерлеріне сәйкес сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларына заңнаманы бұзу арқылы келтірілген зиянды өтеудің өндіріп алынатын сомалары мемлекеттік бюджетке аударылады, ал Қазақстан Республикасының Заңнамасы белгіленген жағдайларда – зиян шеккен тұлғаға өтеледі.
Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу өтемақылық іс-шаралардың тәртібін, шарттарын, мерзімін және көлемін реттейтін шарт және (немесе) келісім жасау жолымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.».
17-1-бап балық ресурстары мен басқа да су жануарлары келтірілген зиянды өтеу.
2. Балық ресурстарына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде шаруашылық қызметі нәтижесінде болмай қоймайтын зиянды өтеу өтемақылық іс-шаралардың тәртібін, шарттарын, мерзімін және көлемін реттейтін шарт және (немесе) келісім жасау жолымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.;
18-1-бап алынып тасталсын:
19- баптың 1- тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшасымен толықтырылсын:
«5) фермерлік аңшылық шаруашылығын жүргізу.»;
19-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Жасанды жолмен өсірілген жануарлар түрлерін кәсіпкерлік қызмет мақсаттарында Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге Қазақстан Республикасы ветеринариялық заңнамасының нормаларын сақтай отырып, жол беріледі;».
19 баптың 6 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балықтарды, олардық ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары шығару уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, оларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
Жануарларды, оның ішінде сирек кез-десетін және құрып кету қауіпі төнген жануарлар түрлерін интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастырылуға биологиялық негіз-демеге және мемлекеттік-экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкілетті орган ведомствосы-ның рұқсаттары бойынша жол беріледі.».;
20-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Будандастырылған жануарларды интродукциялауға тыйым салынады
«1-2. Сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін қоспағанда, интродукциялау мақсатында Қазақстан Республикасына әкелуге биологиялық негіздеме мен мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкілетті органның рұқсаттары бойынша ғана жол беріледі.
23-баптың 3 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3). Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортасынан алу арқылы пайдалану жатады (реинтродукциялау мақсатында аулауды қоспағанда)».
23-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1. Аңшылық фермаларында қолда және/немесе жартылай ерікті жағ-дайларда өсірілген және ұсталатын жануарларды пайдалану тәртібі мен мерзімін олардың иелері айқындайды».
26-баптың 2-тармағы мынадай мазмұнда жазылсын:
«2. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану, оның ішінде бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бір рұқсатсыз азаматтарының, сондай-ақ зейнеткер жасына жеткен тұлғаларының, 16 жасқа толғанға дейін балалардың , барлық топта мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысы және басқа да шағын шиеліністерінің ардагерлерінің,жүзеге асырылады.».
27 бапта:
1-тармақтың 5) тармақша алынып тасталсын:
4-1) тармақта мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) бекітіп берілген алқаптарда аң аулауды бастау және аяқтау мерзімін Аң аулау қағидаларында белгіленген мерзімдер шегінде айқындау;»;
2-тармақта 4) тармақша алынып тасталсын:
2 -тармақтың 9) тармақшадағы «балық шаруашылығын ұйымдастыруға»
деген сөздер алынып тасталсын
2-тармақтың 15) тармақшасы алынып тасталсын.
2 тармақта мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23. Кәсіпшілік балық аулау кезінде кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін сақтауға.».
29-баптың 1-тармақтың екінші абзацының сөйлеміндегі:
«Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда» алынып тасталсын.
29- баптың 1 тармағы мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
«Қиғаш және Жайық өзендерімен олардың сағалық кеңістіктерінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға бірыңғай лимит белгіленеді. »
2 -тармақ 24) тармақшасы мынадай редакцияда баяндалсын:
«Жануарлар дүниесi объектілерін алып қою квотасы – жануарлар дүниесін пайдаланушылары үшін, сондай-ақ өсімін молайту, бақылау және ғылыми-зерттеу аулау үшін аңшылар мен аңшылық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығының субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары белгілейтін жануарлар дүниесi объектілерін алып қою лимитiнің бөлігі.»
Балықтың жаппай қырылуына қарсы іс-шара ретінде жүзеге асырылатын мелиорациялық аулау жолымен алып қойылған балықтың көлемі балық аулаудың жалпы лимитіне кірмейді.
30-баптың 4- тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4). Пайдаланушымен бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерiнде Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, олардың өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңдарының талаптарын, сондай-ақ аңшылық шаруашылығын немесе балық шаруашылығын жүргiзу шарттарының талаптарын жүйелi түрде бұзған;»
31-бап мынандай редакцияда баяндалсын:
«31-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер»
«1. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер жануарлар дүниесiнiң сақталуын, мекендеу ортасы мен оның орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жол берiлетiн шектi сандық және сапалық көрсеткiштердiң мәнiн айқындайды.
2. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтер ғылыми зерттеулер негiзiнде белгiленедi, шаруашылық және өзге де қызметті жоспарлау мен жүргiзу, жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ic-шараларды жүргiзу кезiнде мiндеттi болып табылады.»;
33-баптың 2-тармағында «және оның аң аулау құқығын куәландыратын тұратын елінде берілген құжаттың» деген сөздер алынып тасталсын;
33-баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) жыл сайынғы оның тіркеу туралы белгісі бар аңшы куәлігінің болуы»;
«4) жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат немесе жолдама алған»;
33-1 баптың 3-тармағының 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәліктерін беруді және олардың жыл сайынғы тіркеуді, уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есептілікті ұсынуды;»;
31-бап мынандай редакцияда жазылсын:
«4. Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы мынадай қызмет түрлерін:
1) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің балық шаруашылығын, акваөсіруді, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамыту жөніндегі қызметін үйлестіруді;
2) балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысуды;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысуды;
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою квоталарын бөлуді;
6) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысуы;
7) балық шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидияларды бөлуге қатысуы;
8) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде балық ресурстары және басқа да су жануарларының жаппай ауыруы, олардың қырылу қаупі, балықтардың қырылу қаупі жағдайларында, сондай-ақ жас балықтарды құтқаруды ұйымдастыруға көмектесуге қатысуды;
9) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсаттар беруді, уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша берілген рұқсаттар туралы есептілікті ұсынуды;
10) балық аулау минимумына оқыту жүргізудің;
11) әуесқойлық (спорттық) балық аулаудың дамуын ұйымдастыру;
12) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілер қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы балық аулау минимумын тапсырғаны туралы құжат әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыратын рұқсат құжаттарын беруге негіз болып табылады.»;
34 бапта;
1- тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
2 -тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын;
«Жағалауда аулау- тыйым салынған учаскесін қоспағанда теңіздің тереңдігі 2 метрге дейін түкпірі бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде жүзеге асырылатын балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау.
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын;
«Әуесқойлық (спорттық) балық аулау «ұстап алу –қоя беру» принципі бойынша ауланған балықты кейіннен тірі күйінде табиғи мекендеу ортасынан қайтадан жіберумен жүзеге асырылуы мүмкін».
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«4. Ғылыми-зерттеу үшін аулау- жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау
Жануарларды аулау лимитінен тыс ғылыми-зерттеу үшін аулауға бұрын жануарлар дүниесінің жай-күйін бағалау жүргізілмеген су айдындарында жол беріледі.»;
7 -тармақта қосымша абзац мынадай редакцияда қосылсын ;
«өсімін молайту кешені мемлекеттік кәсіпорындары өсімін молайтуда бекіре тұқымдас балықтарды аулау кезінде басқа да балық түрлерінің кездейсоқ ауланымдарын жемшөпті өндіруге және дериваттарды дайындауға пайдалана алады.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
35- бапта
1- тармақтағы 2- тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
«2) жергілікті органмен жасасқан балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт»;
жануарлар дүниесін пайдалану «ғылыми зерттеу үшін аулау, мелиорациялық аулау, сондай-ақ өсімін молайту мақсатындағы аулау құқығы жеке және заңды тұлғаларға жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты немесе әуесқойлық (спорттық) балық аулау жолдамасы болған кезде беріледі.».
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Балық аулау ережелерінде белгіленген тәртіппен бақылау үшін аулауды жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсатынсыз ихтиологиялық қызметі жүзеге асырады.».
36-1 бапта мынадай мазмұн толықтырылсын;
«36-1 бап. Табиғи су айдандарында балық өсіруді (акваөсіруді ) жүргізу ерекшеліктері.
«36-1. Көлде тауарлық балық өсіру және шарбақтық балық өсіру шаруашылықтарында балық және басқа да су жануарларын өсірген жеке және заңды тұлғалар осы балықтардың және су жануарлардың иесі болып саналады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған иелік етеді.
табиғи балық шаруашылығы су айдындарында көлдік тауарлық балық өсіру және шарбақтық балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу уәкілетті органмен бекітілген Балық аулау ережелерімен реттеледі.».
37 –баптың 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын;
«2. Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері жануарлар дүниесі объектілерін алып қою құқығын квота және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алған сәтте бастап, ал басқа жеке және заңды тұлғалар- аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінен немесе Аңшылар және аңшылық шаруашылықтары субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарынан жолдама алғаннан кейін алады.».
24) 38-бапта:
5 – тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркеуден өткізілмеген аңшылық иттер мен аушы жырқыш құстарды қолданып.».
5-тармақтағы 10) тармақшадағы (қасқыр аулауды қоспағанда) деген сөздер алынсын;
5-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«17). пневматикалық, лақтыратын қаруды қолданып (садақтар мен арбалеттерді пайдаланудан басқа)»;
5-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«29) ерке үйректер мен жылқышы құстарды, құрды, саңырау құрды көктемгі аулау, тұяқты жануарларды және қоңыр аюды аулау кезінде қорықшының еріп жүруінсіз.».
5- тармақ мынадай редакциядағы 32) тармақшасымен толықтырылсын:
«32) жарық беретін аспап қолдануымен;»;
5-тармақ мынадай редакциядағы 33) тармақшасымен толықтырылсын:
«33) дыбысты шығаратын электрондық аспаптар қолдануымен;»;
25) 39- бапта:
3-1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«3-1). Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі табиғи су айдындарында балық өсіруді жүргізу ережелеріне сәйкес ихтиофаунаның толығымен немесе ішінара ауысуымен балық өсіру (акваөсіру) мақсатында пайдаланылуы мүмкін.».
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
«6) балық аулау ережелерінде белгіленген кәсіпшілік шаралардан кем балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға, сатуға, тасымалдауға және сақтауға;»;
5-тармақта;
3) тармақша алынсын;
6)–тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6). мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімін молайту мақсаттары үшін қоспағанда теңізде және өзендерде бекіре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен;»;
13) –тармақша мынадай редакцияда жазылсын;
«13). Уәкілетті орган белгілейтін мерзімдерде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының көбеюі кезеңінде олардың шоғырлану орындары мен өрістеу жолдарында, балықтардың қыстайтын шұңқырларында, уылдырық шашатын жерлерде;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) уәкілетті органмен рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерін қолдануға;»;
40-баптың 1) тармағындағы 5 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің ұсынуы бойынша Бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алкһқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері біліктілік талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелерді орындалған жағдайда,олар бұрын бекітіп берілген адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен қайта
43-1 – бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-1 Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды мамандандырылған ұйымдар, сондай-ақ биологиялық негіздеме және уәкілетті органның рұқсаты негiзiнде жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Уәкілетті органмен бекітілген биотехникалық көрсеткіштерге сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық ресурстарының өсімін молайту арнайы ұйымдармен жүзеге асырылады;»;
26) 45-бапқа келесі редациядағы қосымша абзац енгізілсін:
«Жануарлар дүниесі санын реттеу уәкілетті орган ведомствосымен құрылған комиссияның ұсынымы бойынша және/немесе биологиялық негіздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес.»;
27) 50-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жануарлар дүниесi объектiлерiн ұстап алу құралдары мен тәсілдері;»;
28) 52-бапта:
1-тармақтың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
7-1) су жинау құрылыстарын және ағызу құрылыстарын балық қорғау құрылғыларымен жабдықталуы тұрғысынан және олардың бекітілген тәртіпке сәйкестігін қарап тексеруді жүзеге асыруға;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3) аңшылық және балық шаруашылықтарын дамыту жоспарының орындалуына;»;
29) 56-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде және олардың жағалау белдеуінде және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) аңшылық және балық аулау минимумы бойынша окудан өтуі;»
30) мынадай мазмұндағы 9-1 тараумен толықтырылсын:
«9-1 тарау. Аң аулауды пайдаланушының құқықтары және оған келтiрiлген залалды өтеу;
мынадай мазмұндағы 48-1 баппен толықтырылсын:
«48-1 бап. Аң аулауды пайдаланушының құқықтары және оған келтiрiлген залалды өтеу
«29) қорықшы бастап жүрмей тұяқты жануарлар мен қоңыр аюға, көктемгі аң аулауда аталық үйректер, саңырау құр, құр және шалшықшылар аталықтарына.»;
39 бапта:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) балық аулау ережелерiнде белгiленген кәсiпшiлiк шаралардан кем балық аулауға, қабылдауға, сатып алуға, сатуға, тасымалдауға және сақтауға;»;
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) теңiзде және өзендерде бекiре балықтарды аулауға арналған құрылған аулау құралдарымен, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсімін молайту мақсаттары үшін аулауды қоспағанда.»;
39 баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) әуесқойлық (спорттық) мақсатта жеке тұлғада балық аулаушының куәлігі болмаса»;
52-бап 1-тармақтың 7-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
7-1) су жинау құрылыстарын және ағызу құрылыстарын балық қорғау құрылғыларымен жабдықталуы тұрғысынан және олардың бекітілген тәртіпке сәйкестігін қарап тексеруді жүзеге асыруға;»;
56-бапта 2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерiнде және олардың жағалау белдеуінде және олардан шыққан кезде көлiк және жүзу құралдарын тоқтатуға, оларды жете тексеруге;»;
56-бапта 3-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) аңшылық және балық аулау минимумы бойынша окудан өтуі;»
30) мынадай мазмұндағы 9-1 тараумен толықтырылсын:
«9-1 тарау. Аң аулауды пайдаланушының құқықтары және оған келтiрiлген залалды өтеу;
мынадай мазмұндағы 48-1 баппен толықтырылсын:
«48-1 бап. Аң аулауды пайдаланушының құқықтары және оған келтiрiлген залалды өтеу
Аң аулауды пайдаланушының құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және басқа да заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте қорғалады.».
«48-2 бап. Аң аулауды пайдаланушыға келтiрiлген залалды өтеу негіздері
Аң аулауды пайдаланушыларға залалдар келесі жағдайларда толық өтелуге жатады:
1) аң аулауды пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соғатын жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, сонымен қатар сатып алу арқылы иеліктен шығару;
2) экожүйелердің бұзылуына әкеп соғатын объектілерді салу және пайдалану нәтижесінде аңшылық алқаптар сапасының нашарлауы.»
«48-3 бап. Залалды өтеу тәртібі
1. Аң аулауды пайдаланушыға залал зиян келтіруші есебінен өтеледі.
Аң аулауды пайдаланушыға мемлекеттік билік органының, басқа да мемлекеттік органның заңнамасына сәйкес келмейтін актіні шығару, осы органдардың лауазымдық тұлғаларының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде келтірілген залалдар Қазақстан Республикасымен немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бірлікпен өтелуге жатады.
2. Аң аулауды пайдаланушыға келтірілген залалдың көлемін анықтау кезінде оған мыналар енгізіледі:
1) аншлаг, панно және көп жылдық екпелерді қоса алғанда учаскедегі жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;
2) аңшылық алқаптарды игерумен, оларды пайдаланумен, қорғаныштық іс-шараларды өткізумен, аңшылық алқаптардың өнімділігін жоғарлатумен байланысты шығындардың құны;
3) Аң аулауға пайдалану құқығының тоқтатылуы мерзімінде аң аулауды пайдаланушыға аңшылық алқаптарды алып қоюмен келтірілген, олар үшінші тараптардың алдындағы міндеттемелерін уақытынан бұрын тоқтатумен байланысты залалды коса алғанда барлық залалдар;
4) алынбай қалған пайдасы.
3. Аңшылық алқаптарды алып қою кезінде аң аулауды пайдаланушыға залалды анықтау, сонымен қатар, олардың компенсация мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді.
4. Жобалау-сметалық жұмыстардың құнын қоспағанда, құрылыстарды (жүйелерді) және қолда бар объектілерді қайта жөңдеу немесе жаңа құрылыстар салу жұмыстарының құнына сәйкес айқындалады, аңшылық алқаптарды уақытша пайдалану немесе алу кезінде, оның нәтижесінде аңшылық шаруашылығы жартылай немесе толықтай жұмыстарын бұзылады.
5. Аңшылық алқаптарды пайдалануда ыңғайсыз жағдайлардан туындаған залалдар (ветеринарлық-профилактикалық жұмыстарды өткізу, жолдарды салу кезінде транспорттық байланыстардың бұзылуы кезінде пайда болған) бір жолғы шығындар сомасымен анықталуы мүмкін.
7. Меншiк құқығының тоқтатылуына әкеп соғатын шешіммен аң аулауды пайдаланушы келіспеген жағдайда, дау сот тәртібімен шешілмегенше ол жүзеге асырылмайды. Дау қарастырылған жағдайда, онымен бірге аң аулауды пайдаланушыға келтірілген залалды өтеудің барлық мәселелері де шешіледі.
11. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 21 шілде № 171-172)
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:
«23-1) биосфералық резерват – Дүниежүзілік биосфералық резерват-тар желісіне енгізілген мемлекеттік табиғи қорықтың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің немесе мемлекеттік табиғи резерваттың және олардың қорғау аймақтарының негізінде құрылған халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.»;
2) 6-бапта:
3) тармақшада «орталық атқарушы органдар» деген сөздерден кейін «басқа да мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 6-1 бап:
4) тармақшада «орталық атқарушы органдар» деген сөздерден кейін «басқа да мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8-бапта:
6-1) тармақшасы мынадай мазмұндағы 11, 12 және 13-абзацтармен толықтырылсын:
«ерекше қорғалатын табиғи аумақ-тарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулік аулауды, молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларын;»;
«табиғат қорғау ұйымдарының техникамен және жабдықтармен жарақтандырылу нормалары мен нормативтерін әзірлейді және бекітеді.»;
5) мазмұнында:
9-баптың тақырыбы мынадай мазмұнда жазылсын:
«9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың құзыретi»;
6) «9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың құзыретi»;
9-баптың бірінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
«Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар:»;
7) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаске-лерді ғана, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объекті-лерін ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде, оларды салу, жайғастыру және күтіп-ұстау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.»
8) 29 бапта:
5-тармақ «орталық атқарушы органдар» деген сөздерден кейін «басқа да мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 32-бапта:
1-тармағы «табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторлары» деген сөздерден кейін «және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторлары» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармағы «табиғат қорғау мекемелеріне» деген сөздерден кейін «және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым-дарға» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 35-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) табиғат қорғау мекемелерінің жас мамандарын қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету»;
11) мынадай мазмұндағы 35-1 баппен толықтырылсын:
«35-1 бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктер
1. Табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің келесі әлеуметтік кепілдіктері бар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй, сонымен қатар қызметтік;
2) ұзақтығы 24 күнтізбелік күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы.
2. Табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үстеме ақы тағайындалады – лауазымдық жалақыдан 25 %-дан кем емес және еңбек сіңірген жылдары үшін (10 жылдан астам – лауазымдық жалақыдан 30 %).
3. Табиғат қорғау мекемелерінің қызметкерлеріне жергілікті өкілді және жергілікті атқарушы органдардың шешімімен шөп шабу және мал жаю үшін жер учаскелері беріледі.»;
13) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті өзінде туроператор қызметіне лицензия болған кезде тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.»
14) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң күзет аймақтарының режимi
1. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк-тердің күзет аймақтарында:
1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, салуға және пайдалануға;
2) ластайтын заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығаруға және ашық су көздері мен рельефке тастауға;
3) пайдалы қазбалар өндіруге;
4) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (табиғи су ағысының тоқтауына немесе азаюына душар ететін плотиналар, бөгеттер, гидротехникалық құрылыстар және басқа да объектілер салу);
7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің жат түрлерін интродукциялауға;
8) мемлекеттік табиғи резерваттардың бөрене тілу үшін құрылғылар пайдалануын қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың осындай қызметіне;
9) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің күзет аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін мынадай шаруашылық қызметтің әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтауды және оның төзімділігін қамтамасыз ету шеңберінде өзге де қызмет;
3) туристтік және рекреациялық қызмет;
4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресуртарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жерде және авиациялық жұмыстар жүргізу;
7) бүлінген жерлерді қалпына келтіру;
8) орман және басқа да өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын орындарды жайғастыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, бағу үшін питомниктер салу, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қызметкерлері тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру.
3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасы мен көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аударатын жолдары мен жиналатын орындарын сақтау жөнінде іс-шаралар ескерілуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге де объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
4. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аумағындағы шектеулі шаруашылық қызметі осы заңға сәйкес облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.»;
15) 52-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) «жылжымалы және тұрақты омарталарды пайдалану арқылы бал ара шаруашылығы.
16) 53-бап мынадай редакцияда жазылсын:
53-бап. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың күзет аймақтарының режимi
«1. Мемлекеттiк табиғи резерваттардың күзет аймақтарында осы заңның 48-бабының 1-4-тармақтарында белгіленген табиғат пайдалану және шаруашылық қызметiне рұқсат беріледі, тыйым салынады немесе шектеу қойылады»;
17) мынадай мазмұндағы 15-1 тараумен толықтырылсын:
«15-1-тарау. Биосфералық резерваттар
73-1-бап. Биосфералық резерваттар-дың міндеттері
Биосфералық резерваттар келесі мақсаттар үшін құрылады:
бай мәдени және табиғи мұрасы бар табиғи аумақтарды сақтау, қалпына келтіру және пайдалану;
аумақтардың ұзақ мерзімді, тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қолдау, сонымен қатар табиғи ресурстарды сақтау мен қалпына келтіруді есепке ала отырып, оларды рекреациялық пайдалану;
ұзақ мерзімді экологиялық бақылау, мониторинг және экологиялық зерттеулер, сондай-ақ халыққа экологиялық ағартушылық және тәрбие беру.
73-2-бап. Биосфералық резерваттарды құру және басқару
Биосфералық резерваттар Дүниежүзілік биосфералық резерваттар желісіне енгізілгені туралы сертификат алғаннан кейін құрылған болып есептеледі.
Биосфералық резерват туралы ереже уәкілетті органмен бекітіледі.
73-3-бап. Биосфералық резерваттарды аймақтарға бөлу және күзету режимі
Биосфералық резерваттар аумағында мынадай функционалдық аймақтар бөлiнедi:
ұйытқы аймақ – биологиялық саналуандық пен ландшафтарды сақтауға арналған күзет қорық режимi аймағы.
Ұйытқы аймақта ғылыми-зерттеулер мен табиғи процестерге мониторинг жүргізуді қоспағанда кез келген шаруашылық қызметке тыйым салынады.
Аралық аймақ – экологиялық бағытталған шаруашылық қызмет жүргізуге және биологиялық ресурстарды молықтыруға пайдаланылатын аумақтардың учаскелері.
Аралық аймақта ғылыми зерттеулер жүргізуге, биологиялық саналуандықты молықтыру және қорғауға, өртке қарсы, орман алаптарын қорғау, ветеринариялық және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн сақтау үшін жануарлар санын реттеуге, мал жаю мен резерват қызметкерлері мұқтаждығы үшін шөп шабуға, санитарлық ағаш кесуге, резерваттың қызметтік үй-жайларын салуға, экологиялық туризмдi жүзеге асыруға рұқсат етіледі;
өтпелі аймақ – экологиялық бағытталған шаруашылық қызмет жүргізуге пайдаланылатын басқа жер иелері мен жер пайдаланушылардың аймақ учаскелері.».
12. 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат, «Егемен Қазақстан» 2014 жылғы 20 мамыр № 97 (28321):
1) 3-баптың 1 тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) рұқсатты беруді және хабарламаны қабылдауды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады, балықшылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілері қауымдастығымен әуесқой (спорттық) балық аулауға арналған рұқсатты қоспағанда»;
2) 2- қосымшаның 2 және 3 қатардаға 322 жолы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus