Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі элеваторлардың жаңа астықты қабылдауға дайындығын тексеруін жалғастыруда

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі элеваторлардың жаңа астықты қабылдауға дайындығын тексеруін жалғастыруда

Қазіргі таңда республиканың сегіз аймағында егін жинау жұмыстары жалғасуда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының ү.ж. 22 тамызындағы деректері бойынша ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер 916,3 мың га дәнді дақылдар егістігін орып бастырған, бұл облыстардың егілген алқаптардың  31,0 %   құрайды. 1411,7 мың тонна астық жиылып, орташа өнімділік 15,4 ц/га болды. 

Үстіміздегі жылы бидай дақылдарының түсіміндегі ылғал астықтың болуы элеваторларды сынақтан өткізгелі отыр. Осы ретте, қоймалардың астық қабылдау дайындығы және оны кептіру алдыңғы рөлге шығады.

Бүгінгі таңда ел аумағында жалпы сыйымдылығы 13,9 млн. тоннадай болатын 213 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жұмыс істеп жатыр. Мұнымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінде 10,7 млн. тонна астық сақтай алатын орын бар. Осылайша елімізде жалпы сыйымдылығы 24,6 млн. тонна болатын астық сақтау орындары бар.

Бүгінгі таңдағы АҚК тексеру жоспарына сәйкес 213 лицензияланған элеваторлардың ішінен 187 астық қабылдау кәсіпорындары тексеріліп, оның 139 дайын болып шықты. Ал 48 АҚК түрлі себептермен өздерінің біліктілік талаптарына сай емес екендігін көрсетті, оның ішінде элеваторлардың апаттық жағдайы, техникалық база дайындығының аздығы, ағымдағы жөндеу және т.б.

Бүгінгі күні элеваторларда 521 дән кептіргіш құрылғылары бар, оның ішінде Ақмола облысында 143, Қостанай облысында 139 және Солтүстік Қазақстан облысында 149 бірлік бар. Ү.ж. 12 тамыздың жағдайына 492 дән кептіргіш құрылғысы дайын (94 %). Барлық дән кептіргіш құрылғыларының тәуліктік өнімділігі 364700 тоннаға сай болады. 

Жоғары аталғандардың негізінде, ҚР АШМ АШТӨ келесі іс шараларды қолға алуды ұсынады: дән кептіргіш құрылғыларын қайта жөнделуін және оны дайындалуын аяқтау; ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты (бидай дақылдарының кеш пісіп жетілуі, арамшөптілік) АШТӨ-не бидай дақылдарын бөлек орып алу үшін жатқызып қысу құрылғыларын дайындау және оларды қайта жөндеуден өткізіп немесе мүмкіндігінше жаңадан сатып алу керек; АШТӨ астықты сақтау үшін қосымша арнайы қаптарды сатып алу қажет; бидай дақылдарының пісілуін тездету үшін барынша десикация әдісін қарастыру қажет; астықты кептіру үшін элеваторлардың қожайындарына және АШТӨ қажетті мөлшерде дизель отынын алып қою қажет.

Мұнымен бірге, АШТӨ былтырғы жылдардағыдай күзгі егін ору науқанын жүргізуге арзандатылған дизель отыны бөлінді. Осылайша республиканың АШТӨ дизельдік отынға қажеттілігі 410 мың тоннаны құрап отыр. 2013 жылғы 16 тамыздың жағдайына облыс шаруалары 132 мың тонна дизельдік отын алды.

 

 

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

8/7172/555 -765

info_mcx@mail.ru

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus