Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Астық сақтау мәселесі талқыланды

Астық сақтау мәселесі талқыланды


Астықты сақтайтын қоймалар мәселесі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитетінде көтерілді.
Биыл елімізде 16-17 миллион тонна астық орылады деген болжам бар. Сондықтан диқандар қарап жатпай, қазірден бастап ширақ қимылдауы керек. Өйткені елдегі барлық қойма, элеваторлардың 80 пайызы жеке меншікте. Ал кәсіпкерлер астық сақтау бағасын шарықтатып жіберген. Осы ретте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов канадалық әріптестерінен үлгі алуды ұсынып отыр. Яғни, әрбір шаруа астықты өзі сақтайтын мүмкіндікке жету керек.

Сақташ ХАСЕНОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы:

– 2011 жылы қоймалар мен элеваторлардың жетіспеушілігі сезілді. Осы жағдай көптеген шаруаға сабақ болды. 2 жыл ішінде 1 миллион 200 мың тонна сыйымдылығы бар қоймалар салынған. Ал жеке меншіктегі элеватор мен қоймалардың бағасын реттейтін мүмкіндік жоқ.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus