Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ астық қолхаттарының электрондық тізілімін көрсетті

ҚР АШМ астық қолхаттарының электрондық тізілімін көрсетті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысында орналасқан «Астық қоймалары» ЖШС №1 астық базасында астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімінің жүйесінің көрсетілімін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелері комитеті депутаттарына, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің астық инспекторларына және астық қабылдау кәсіпорны жұмыскерлеріне көрсетті.

Астық қабылдау кәсіпорнында  қолданыстағы астық қолхаттарының айналымы жүйесінде астықтың болуы мен қозғалысы мониторингісінде тиімді жүйе жоқ.

Бұл астықтың жоқ көлеміне астық қолхаттарын беру арқылы заңға қайшы әрекет етуге алғышарттар жасады.

Осындай фактілерге жол бермеу үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен көзделген Астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін (бұдан әрі – АҚМЭТ)  енгізу қолайлы құрал болып отыр.

АҚМЭТ астық қабылдау кәсіпорындарында астық қолхаттарын және зертханалық деректерді тіркеу процесін автоматтандырып, қатаң есептілік бланкілерінің мониторингісін жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы ұсыныстардың мәні АҚК қағаз түріндегі астық қолхатын жазумен бірге жалпы республика бойынша ақпаратты жалпылайтын электрондық тізілімде тіркеу жүргізуге міндетті болуында. Қағаз қолхаты электрондық тізілімде тіркелмесе ол құжат жарамсыз болып есептеледі. Өз кезегінде, АҚМЭТ нақты АҚК техникалық сыйымдылығының көлемінен асатын астық қолхаттарының тіркеу әрекеттерін автоматты түрде тоқтататын болады (мысалға, егер АҚК сомалық техникалық сыйымдылығы 100 мың тонна болса, АҚМЭТ-де 101 мың тоннаға астық қолхатын тіркеу мүмкін болмайды).

АҚМЭТ ақпараттық жүйесін барлық АҚК-да іске асыру астық қолхаттары қозғалысының ашықтығын және еліміз бойынша астықтың қозғалысын талдауды жедел қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта осы жаңашылдық Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде жұмыс барысында қаралуда.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

Контакты: тел. +7 (7172)55-57-65

e-mail: info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus